2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің азаматтық бюджеті

2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің азаматтық бюджеті

Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі аудан әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі №122 қаулысына сәйкес құрылды.

Мемлекеттік қызметшілердің штаттық бірлігі – 6 (бөлім басшысы -1, сектор меңгерушісі - 1, бас маман – 4 ).

Штаттан тыс қызметшілер саны – 1 (қызметтік автокөлік жүргізушісі).

Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2021 жылға арналған бюджеті Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» №467 шешіміне сәйкес бекітілді.

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының  9  бабына сәйкес:

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917  теңге;

3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге белгіленді.

 

№

Шығындардың атауы

ББӘ коды

Бөлінген қаражат, мың теңге

Ескертпе

1

Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

453001

16879,0

 

2

Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру («Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы аясында)

453099

20352,0

30 маманға көтерме жәрдемақы ретінде қолдау көрсету (100 АЕК= 291700,0 теңге)

3

Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер («Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы аясында)

 

453006

100 636,0

23 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит ретінде (кредиттің жоғарғы шегі 1500 АЕК=4 375 500,0 теңге) қолдау көрсету

 

 

Дата публикации
15 января 2021