2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің азаматтық бюджеті
Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі аудан әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі №122 қаулысына сәйкес құрылды.
Мемлекеттік қызметшілердің штаттық бірлігі – 6 (бөлім басшысы -1, сектор меңгерушісі - 1, бас маман – 4 ).
Штаттан тыс қызметшілер саны – 1 (қызметтік автокөлік жүргізушісі).
Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2021 жылға арналған бюджеті Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» №467 шешіміне сәйкес бекітілді.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;
3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 34 302 теңге белгіленді.
|
№ |
Шығындардың атауы |
ББӘ коды |
Бөлінген қаражат, мың теңге |
Ескертпе |
|
1 |
Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
453001 |
16879,0 |
|
|
2 |
Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру («Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы аясында) |
453099 |
20352,0 |
30 маманға көтерме жәрдемақы ретінде қолдау көрсету (100 АЕК= 291700,0 теңге) |
|
3 |
Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер («Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы аясында)
|
453006 |
100 636,0 |
23 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит ретінде (кредиттің жоғарғы шегі 1500 АЕК=4 375 500,0 теңге) қолдау көрсету |