Ойыл ауданы әкімдігінің «2021 жылға Ойыл ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулы жобасына баспа-релизі

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 9) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ойыл  ауданының әкімдігі қаулы жобасы www.uil.aktobe.gov.kz сайтында 21 желтоқсан 2020 жылы, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында көпшілік талқылауы үшін 13 қараша 2020 жылы орналастырылды, «Ойыл аудандық қоғамдық кеңесі» қортындысы 2020 жылдың 30 қараша № 48 санды хатымен алынды.

 

А Н Ы Қ Т А М А

   Ойыл ауданы әкімдігінің «2021 жылға Ойыл ауданы бойынша пробация  қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа  орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулы жобасы www.uil.aktobe.gov.kz сайтында 21 желтоқсан 2020 жылы, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында көпшілік талқылауы үшін 13 қараша 2020 жылы орналастырылды, «Ойыл аудандық қоғамдық кеңесі» қортындысы 2020 жылдың 30 қараша № 48 санды хатымен алынды.

 

Ойыл аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы:                                       Б.Иманғалиев

Дата публикации
12 января 2021