|
Ақтөбе обылысы, Ойыл ауданы, Сарбие ауылдық округінің әкімі 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары және 2021 жылғы арналған міндеттер туралы баяндама жобасы |
Елбасының 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес халықты елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар ету және өткен жылғы атқарылған жұмыстарды саралап, алда тұрған округ экономикасының дамуының тұрақтылығын сақтау шараларын жетілдіру мақсатында дәстүрлі есеп беру кездесіне жиналып отырмыз.
|
Сарбие ауылдық округі бойынша 219 тұрғын үй бар. Оның 202 үйі Сарбие ауылында, 17 үйі Қаракөл елді мекенінде орналасқан. Осы елдегі халық саны-1229, балалар саны-437, зейнеткерлер саны-116, мүгедектер саны-23, еңбекке жарамды тұрғындар саны-653. Округ бойынша 2-мектеп Сапақкөл орта мектебі мен Қаракөл бастауыш мектебі және мектеп жасына дейінгі «Әсем» бөбекжай бала бақшасы бар. «Сарбие ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ және ауыл шаруашылығы саласында 1-ӨК, 1-ЖШС, 28-ШҚ, 3-АШК және әр түрлі салада 21 кәсіпкер,1-клуб, 2-кітапхана үйі ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. Жоғарыдағы аталған мекемелер мен агроқұрылымдар қызметін саралайтын болсақ: |
|
Ауыл шаруашылығы саласында: Ауыл шаруашылығын дамыту бағытында Елбасының кезең – кезеңмен жариялаған көптеген бағдарламаларымен әр жылдардағы денсаулық, әлеуметтік қорғау, спорт т.б. бағытындағы Жолдау тапсырмалары біздің округте де жүзеге асырылуда. Өңірлерді дамыту бағытындағы «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Жақып» Ш/Қ 9,5 мил несие алып – қой бас санын көбейтті, «Ай-Бек» Ш/Қ -4 мил теңгеге алып 9 бас жылқы, «Шибұлақ» ш/қ 2 мил теңге алып 40 бас қой алды. ЖК Абдрахманов -1,5 мил тенге несие алып 4 бас ірі қара алды. Барлығы -17 мил тенге бағдарламаларының тапсырмалары толығымен орындалды. Шаруашылық субъектілері «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» мен «Даму», «Қазагроқаржы» АҚ арқылы несие алып, қызмет жасауда. Ауыл әкімдігі ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлікпен айналысу бағытындағы барлық бастамаларды қолдайды және бірлесе жұмыс жасауға шақырады. 2020 жылы 5 шаруа қожалық құдық қазды (скважина) және «Нұржан» шаруа қожалығы 14 мил ауылшарушылық тракторын, шөп шалғы, шөп тайлағыш,шөп тырмасын және кун сатып алып өз шаруашылықтарын жүргізуде. Сонымен қатар «Дангүл» шаруа қожалығы 18 мил теңгеге ауыл шаруашылық тракторын погрушек (Польяк) алып жұмысын жасауда. Сонымен қатар «Сыбаға», «Іскер» бағдарламасы «Жұмыспен қамту жол картасы–2020», «Ауыл шаруашылығы кооперативі» туралы т.б. бағдарламалары туралы түсініктер беріліп, бағдарламалардың тиімді жақтары тұрғындарға насихатталып отырылады. Егіс шаруашылығымен тұрақты түрде «Жақып» шаруа қожалығы -400 га қырлық тары және 50 га суармалы тары және «Рахым» шаруа қожалықтары айналысып -400 га жерге қырлық тары егіп, биылғы жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты жауын-шашынның болмауына байланысты қуарап қалды. Алдағы уақытта егіс көлемін ұлғайту, егіс егетін шаруа қожалықтарының санын көбейту, суармалы егіспен айналысу, майлы дақылдар егу бағытында мақсатты жұмыстар жүргіземіз. Округ аумағындағы 5255 бас МІҚ, 15487 бас қой ешкі, түйе-7, 2755 бас жылқыға ветеринарлық іс шаралар уақытында жүргізілді. Ветеринарлық шаралар жоспарға сәйкес жүзеге асырылды, 65 бас ит жойылды. Ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге ауыл сыртындағы ескі ғимаратқа расколь жасалып пайдалануға берілді.Қазіргі уақытқа дейін жұқпалы аурумен ауырған малдар анықталған жоқ. Мал бақтыру, оның азығын дайындау, тұрғындардың денсаулығы, отын сумен қамтылуы, ветеринарлық шаралар т.б. маусымдық жұмыстар тұрақты назарда. Округ бойынша мал азығы бірінші кезекте ауыл тұрғындарына түсіріліп, тұрғындардың мал азығын толық дайындап алуларына мүмкіндіктер жасалынды. Сарбие ауылының маңайында өзен-көлдердің болмауынан жеке тұрғындардың малдарын суаруға құны 450 мың теңгеге скважн қазылып, носос,астау, тоқ беретін генератор орнатылды. Ауыл тұрғындарының жеке малдарын бағу орталықта және жайлымдық далада 3-жерде ұйымдастырылды. Кәсіпкерлік сала бойынша: Округтің кәсіпкерлік құрылымдары ауылымыздың экономикасының дамуына, халықты жұмыспен қамту мәселсесін шешуге, қызмет көрсету саласының кеңеюіне өз үлестен қосуда. Ауылда 21-кәсіпкер қызмет жасайды, оның 6- сауда саласында, 10-мал шаруашылығы, 1-көлік, 2-наубайхана, 1-дәріхана, 1-шаштараз салаларында, оларға шамамыз келгенше жәрдем беріп отырамыз. Сауда саласындағы кәсіпкерлермен меморандумға отырып, халықтың көп тұтынатын тамақ тағамдарының бағасын өсірмеу бағытында ескертулер мен бағаларға бақылау жасалып, маңызды азық түлік бағаларының шектен тыс өсірмеулері жөнінде түсінік жұмыстары ұдайы жүрізіліп отырылады.
Білім саласы бойынша: Сапақкөл орта мектебінде барлығы 218 окушы, Қаракөл бастауыш мектебінде 13-оқушы дәстүрлі түрде тәрбиеленіп білім алуда. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі «Әсем» бөбекжай бала бақшасы жұмыс жасайды. Онда 4 топта 60 бала тәрбиеленуде. Еліміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты ел алдында тұрған басты мәселе оқушыларға сапалы білім саналы тәрбие беру. Осы орайда мектебіздің материалдық-техникалық басзасы талапқа сай жасақталған. Мектепте 14 ақылы кабинет, спортзал, актзал, лицензияланған медициналық кабинет, асхана жұмыс істейді. Интернет, физика, биология, химия кабинеттері интерактивтік тақтамен қамтылған. Сапақкөл орта мектебінде жаңа жүйемен біліктілік санатын алған 5 педагог – зерттеуші, 11 педагог – сарапшы, 8 педагог- модератор барлық саны-41 мұғалім оқушыларға білім береді. 2019-2020 оқу жылының 1-2 тоқсанының қорытындысы бойынша мектептің білім сапасы 55,9% бұл былтырғы оқу жылына қарағанда 4,4% жоғарлады. Жалпы мектепте 2-11 сыныптар арасында 38 оқу озаты, 70 оқу екпіндісі бар. Биылғы Сапақкөл орта мектебі және Әсем бөбекжай бала бақшасына оптика вольокомды интернет жүйесі кіргізіліп, оқушылар жаңартылған білім бағдарламасы негізінде білім алуда. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Сапақкөл орта мектебі 41,9 миллион теңге көлемінде күрделі жөндеуден өтті. |
Медицина саласында: Ауыл орталығында бір дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді. Осы мекемеде 1 бас дәрігер, 6 медбике және 3 кіші қызметкерлер жұмыс жасайды. Осы қызметкерлердің жұмыс жасауларына толық мүмкіндіктер бар, былтырғы жылы жедел жәрдем көлігі табысталды, мамандары мен жұмысшылармен толық қамтылған. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Жекенді дәрігерлік амбулаториясы 18,9 миллион теңге көлемінде күрделі жөндеуден өтті. 2020 жылы Короновирус инфекциясы округте тіркелген жоқ, вирустық превманиямен ауырған науқасатар тіркеліп, осы жергілікті жерден емдерін алды. Қазіргі таңда жағдай тұрақты, дәоі-дәрмек қоры жеткілікті. Бұл салада жұмыс жасайтындар өз істерін жақсы білетін мамандар қызметтеріне халық риза болып отыр. Жұқпалы ауруларға тулеремияға, гипатитке қарсы т.б. прививкалар уақытында жасалады. Флюрографиялық тексеруден өткен 558 адамнан ауыру белгілері бар адам табылған жоқ. 2020 жылы нақты туылған бала саны 28 бала, 2019 жылмен салыстырғанда-5 балаға өсті. «Жекенді» дәрігерлік амбулаториясына интернет желісі қосылған. Жалпы округте медицина саласы бойынша жақсы жұмыстар жүргізілуде.
Мәдениет саласында: Халықтың рухани байлығын молайтып, мәдениетін арттыру, ұлттық мәдениетті сақтауда кітапханалар мен мәденит үйлерінің алар орыны ерекше. Округ бойынша екі кітапхана, бір клуб үйі жұмыс жасайды, онда 4-қызметкер бар. 2020 Биылғы жылы іс-шаралар онлайн форматта өткізіліп, әлеуметтік желіге уақытылы жарияланып отырады. Мәдениет саласы қызметкерлерінің жұмысы ауыл жастарымен тығыз байланыста болулары керек. Құны 650 мың ауылдың құрметті азаматтарын дәріптеу мақсатында көше бағандарына жанатын кораптар қойылды. Себебі жастар мәселесі жай ғана мәселе емес ел болашағы, сондықтан ауыл жастарын назардан тыс қалдыруға болмайды. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың жарлығымен биылғы жылы еріктіліер жылы болып жарияланып, округтегі жастармен еріктілер жасағы құрылып бірқатар қайырмдылық жұмыстар жүргзілді.
Жастармен жұмыс: Округ бойынша 14-29 жас аралығында жастар саны -299 жас жалпы тұрғындардың 24,8% құрайды. 56-мектеп оқушысы, 70-студент (15 жоғары, 55 арнаулы), 169 жас жұмыспен қамтылған, 43-жас отбасы, одан 16 бала күтімімен отыр. 4- жас әскерде. Өз кезегінде жастарда бастама көтеріп, өңірдің өркендеуіне үлестерін қосуда. Ауыл жастарының күшімен саябақ қоршаулары жөнделіп сырланды. 220 түп ағаш отырғызылды. Жастар үнемі мәдени спорттық іс шараларға қатынасып отырады. Жастарға спортпен шұғылдануға жағдай жасалған. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы жастар тәжірибесінен өтуге 7 жас жіберілді. «Гүлдене бер туған ел» бағдарламасы аясында барлығы 10 адам оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардан-1, студенттерден-5, жұмыссыз-4 адам тартылды. Несие алып кәсіпкерлік ашу мақсатында 7 адам кәсіптік оқып 6 жас 505 мың тенгеден қайтарымсыз гранд ұтып 1 жас наубайхана ашып нан пісіруде, 1 тігін қалған 4 жас ұсақ жандық алып өз жеке қосалқы шаруашылғын дамытуда. Жастарға кәсіппен айналысуларына да толық мүмкіндіктері бар. Жастардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуларына жабық спорт кешені, ашық спорт алаңдары, саябақ, демалыс орындары бар. 2020 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында аудандық бюджеттен 7,5 миллион теңгеге жасанды шағын футбол алаңы ауыл жастарына салынып,қолданысқа берілді. Сонымен қатар ауыл жастарының спортпен айналысуына ықпал жасау мақсатында 600 мың теңгеге воркаут ойын алаңы салынып пайдалануға берілді.
Халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайы: Қазақстан Республикасының Президентті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауына байланысты Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңінің Бесінші бағыты бойынша Әлеуметтік көмек корсету жүйесін одан әрі дамыту негізінде тұрғындардың байланыс, медицина қызметімен, электр қуатымен, ауыз сумен қамтылған, жүк, жолаушылар тасымалдау жеке автокөліктердің, мал азығын дайындау шаруа қожалықтарының және азық түлікпен қамтемелеу жеке кәсіпкерлердің күшімен атқарылып келеді. Қыс айларында округ тұрғындарының қатты отынға деген сұраныстары негізінен жеке кәсіпкерлер техникалары арқылы тасымалданып, отынның сатылу бағасын ауыл тұрғындарына қолайлы бағаға сату бағытында түсінік жұмыстары жүргізілуде. Ауыл тұрғындар жалақыларын, зейнетақыларын, балаларға берілетін жәрдем ақыларын, газет журналдарын уақытында алып отырады. Ауылда тұрақты түрде 2-канал бойынша теледидар, тұрғындарға "Актив", "Билайн" ұялы телефондары қызмет көрсетіп тұр.Биылғы жылы Актив ұялы байланысына 3G жүйесі қойылды. 2020 жылы Сарбие ауылына оптика волокомды байланысына қосылып, интернет жүйесі ауыл тұрғындарына өтініш негізінде қосылуда, яғни қазіргі таңда 48 үйге вай-фай қондырылды. 250 мың теңгеге ауылдың 12 көшесіне әр үйге көше атауы жазылған, штрих коды бар номерлер орнатылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа жыл бойына 80 адам уақытша жұмысқа қабылданды. Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің көмегімен ауыл тұрғындарын азық-түлік, тұрмыстық заттармен қамтемеленуде, сонымен қатар олар осы аймақта өтетін түрлі мәдени іс шараларға, аз қамтылған отбасыларына тұрақты түрде қамқорлықтар жасалуда. Қайырмдылық есебі бойынша ауылдың шаруа қожалықтарының, жеке кәсіпкерлерінің, ауылдың ерікті жастарының көмегімен 1,3 мил теңге көлемінде қайырмдылық іс-шаралар өткізілді. Аз қамтылған төрт мүгедек отбасыларына шаруа қожалықтары арқылы бір-бір көлік мал азығындық шөп берілді. Төтенше жағдай кезінде «Бізбіргеміз» акциясы аясында 615 мың теңге аз қамтылған отбасыларға азық-түліктен көмек көрсетілді. Осындай игілікті шараға ат салысқан абзал жандарға ризашылығымызды білдіреміз.
Туған жерге тағызым: 2020 жылы төтенше жағдайға байланысты «Туған жерге тағызым» акциясы тұрауылдап жұмыс айтарлықтай жүргізілмеді. Дегенменде ауылға 2020 жылы 1,1 мил.теңгеге демеушілік жасап бірқатар жұмыстар жүргізілді. Атап айтатын болсақ Сарбие ауылның 1976 жылы туылған ауыл азаматтарының көмегімен Әйтеке би, Жекенді, Астана және Ақтөбе көшелеріне әр түрлі жол белгілері қойылды. Карантин кезінде ауыл жанашыр азаматтарының көмегімен Ойыл аудандық ауруханаға-құны-170 мың теңге болатын екі оттегі концентраторы аппараты берілді. «Жекенді» дәрігерлік амбулаториясына құны 70 мың теңге болатын (антисептик, ингалация, тамномерт, 300 000 штук маска, дәрі-дәрмектер) табыс етті. Қаракөл елді мекеніне кіріберісіне атау қойылды. Дайра көпіріне Дайра Ата атауы қойылды сондай ақ Ойыл-Сарбие бағытындағы көтерме жолы тегістеу, айналасындағы шөбі қырылды.
Ауылдың санитарлық жағдайы: Округтегі елді мекендегі санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырылып, тұрақты жұмыстар жүргізіліп, санитарлық жұмыстармен бірге, мемлекеттік мекемелер, бала бақшалардың кіре-беріс алаңдарын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді. Сарбие ауылының Солтүстік-батыс бетінде күл-қоқыс төгетін полигон ашылып, қоқыс алаңын түйіп тегістеуге және қоршауға 500 мың теңге бөлінді. Полигонды үнемі бақылауға алынып отыру үшін арнайы бір адам бекітілді. Оның айналасына шашылған қоқыстарды жинақтаудан басталып, көше арасындағы қоқыстарды жинау жыл бойына жүргізіліп келеді. Қоғамдық жұмысқа тартылған жұмысшылар, жасыл ел жасағының көмегімен көше тазаланып, қалыптастырылып, бағандар әктеліп, саябақтар сырланып, ауыл айналасындағы шөптер шабылып жойылды. Сонымен қатар мекемелердің айналасының қоршаулары сырланып, тұрғын үйлер мен ауылдың іші-сыртындағы талдар әктелді. Округте санитарлық үш айлық тазалық айы жарияланды. Акылдың тазалығын қалыпқа келтіру мақсатында көшелерге үш көшеге қатты қалдықтар салатын жәшік (урна) 30 дана 270 мың теңгеге қойылды. Тазалық айы кезінде округ бойынша күл қоқыстан тазартылып 18 тоннаға жуық күл қоқыстар шығарылды.
Әкімшілік қызметі:. Ауылдық әлеуметтік мәселелерін жақсарту бағытындағы қызметтерді жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдарға көптеген міндеттер жүктеліп отыр. Осыған орай әкім аппараты округ аумағына қарасты елді мекендердің санитарлық тазалығын тұрақты назарда ұстауда. Су, электр қызметтерінің тұрақты болуы, ауыл тұрғындарының газет журналдарға жазылуы, байланыс, телевизор қызметтерінің жұмыс жасауы, үнемі бақылауда. Елдің экономикасын көтеруде жолдың атқарар үлесі зор. 2020 жылы Ойыл-Қараой бағытындағы асфальт тасжолы жұмысы басталды. Алдағы уақытта жолдың мәселесі де шешілетін болады.
Тұрғындарды ауыз сумен қамтемелеуде атқарылған жұмыстар. 4- ұңғымалы құдықта 2 құмығып су тапшылығы байқалады. Ауыл аумағынан тұщы су қорын анықтау мақсатында «Ақпан» ЖШС барлау жұмыстарын жүргізді.
Ауылдың көшелерін жақытандыру мақсатында ауылдың Сарбие ауылының 12 көшесіне және Қаракөл елді мекеніне 1,5 мил теңгеге диотты жарық шамдары қойылып, ескілері ауыстырылып округтегі елді мекендер толықтай жарықтанып болды. Сарбие ауылына кіре берісіне және ауыл орталығына заманауи үлгідегі жанатын арка орнатылды. Жастар және Әйтеке би көшелеріне түнгі мезгілде жанып ауылдың сәнін келтіретін «Туған өлкем Сарбие» және «Рухани жаңғыру» макеттері қойылды.Сонымен қоса көлік қозғалысын реттеу мақсатында көшелерге жол белгілері қойылды. Қылмыстың алдын алу мақсатында көшелерге 1 мил теңгеге камера орнатып, жергілікті полиция ауылды бақылауда ұстап отыр.
Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру басты міндет болып табылады. Округ бойынша «Мемлекеттік атаулы-әлеуметтік көмек» бойынша 74 отбасы құжат тапсырып одан 64 отбасыға жәрдем ақы тағайындалып, ол толығымен төленді. «Ойыл аудандық ветеринарлық стансасы» МҚК біздің округтегі бөлімшесі арқылы 660 ветеринарлық анықтама берілді. Кестеге сай ХҚКО жанынан құрылған мобильді топ келіп тұрғын электронды қолтаңба т.б. қызметтер алды. Бұл бағыттағы қызметке ешқандай шағым болған жоқ. Барлық қызметтер мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша жүргізілді. Ауыл тұрғындарынан жыл бойына 8 өтініш түсіп, 4-өтінішке түсінік жұмыстары жүргізілсе, 4 қанағаттандырылды. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенім артырудың басты бағыты болып табылады.
«Сарбие ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Сенім телефоны» жұмыс жасайды. Округ тарапынан ауылдарды аралау кезінде және үнемі ауыл тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп келеді. Округте атқарылған жұмыстар өткізілген іс-шаралар sarbie.akimat Инстагарм әлеуметтік желісінде жарияланып отырады. Қазіргі уақтта парқшада 1218 ауыл азаматтары тіркелген.
2021 жылғы жоспарланған жұмыстар
Қортынды: Есепті уақыт ішіндегі атқарылған жұмыстар мен жіберілген кемшіліктерді саралай отырып, жергілікті қоғамдастықпен бірге ағымдағы жылы және алдағы уақытта :
- Ұлы Отан соғысына қойылған ескерткішті жаңартып, қалыпқа келтіру (туған жерге тағызым акциясы аясында)
- 4 көшені асфальттау үшін ағымдағы жөндеу жұмыс жүргізуге 120,0 миллион теңгеге ЖСҚ-жасақталып қойды (Әйтеке би, Жекенді,Астана және Ақтөбе көшелері)
- Тұрғындар кешкілік мезгілдіе серуендеп, демалу үшін арбат жасақтауға құны 12 миллион теңге тұратын ЖСҚ жасақталды.
- Жаяу жүргіншілерге арналған жол салу. Қиыршық тас (брушатка) 1200 м.кв (туған жерге тағызым акциясы аясында)
- Сонымен қоса, құны 2,5 миллион теңге тұратын балалар ойын алаңы ЖСҚ жасақталып қойылды.
Сарбие ауылының әкімі Д.Бисебаев