Саралжын ауылдық округінің әкімі А.Қ.Мубараковтың 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы есепті баяндамасы

Саралжын ауылдық округінің әкімі А.Қ.Мубараковтың 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы есепті баяндамасы

         Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы  №190 жарлығын іске асыру мақсатында Саралжын ауылдық округінің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын шығара отырып, атқарылған жұмыстардың орындалуы жөнінде есебімді ұсынамын:

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі» атты 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем­лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат­тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жә­не әділ шешім шығару қажет»- деп тоқталып өткен болатын. Жолдауда берілген тапсырмаларды орындау мақсатында  2020 жылы жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытуда мақсатты жұмыстар жүргізілді.

Саралжын ауылдық округінің  жер көлемі 212000 -  га құрайды.  Халық саны 2193 адам, оның ішінде:29 жасқа дейінгі жастар -  349 адам. Жалпы округте 320 аула, 354 отбасы,  экономикалық тұрғыдан белсенді халық- 1051, зейнеткерлер саны-125, мүгедектер-29, мектепке дейінгі балалар- 265, оқушылар-352 , студенттер-104, жұмыссыздар саны – 24 адам.

2020 жылғы есепті кезеңдегі ұсыныстар мен сұрақтар бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы:

Өткен есептік кездесулерде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстары мен сұрақтарына байланысты бірқатар жұмыстар атқарылды.

Өткен есептік кездесуде Бестамақ елді мекенінің тұрғындарынан төмендегідей:

 интернет желісін тарту , елді мекеннің бас жоспарын жасату, ауылдық клуб ғимаратына ағымдағы  жөніндеу жұмысын жүргізу және жылу жүйесін газге қосу , орталықтандырылған ауызсу құбырын тарту сынды ұсыныстар түскен болатын .

- Батыс өңірлік телекоммуникация директоры  Қадыралиев Абай Марабайұлының демеушілік көмегімен Тайсойған негізгі мектебіне және фельдшерлік  пунктіне оптикалық-талшықты интернет желісін тарту жұмысы жүргізілді;

- ауылдық клуб ғимаратының жылу жүйесі газге қосылып, аудандық мәдениет үйі ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 7,0 млн. теңгеге жобалау сметалық құжаты жасақталды;

- аудандық әкімдіктің қолдауымен қаражат бөлініп Бестамақ елді мекенінің бас жоспары жасақталды;

-елді мекенге орталықтандырылған ауыз су құбырының жобалау сметалық құжаттары 224 млн.764 мың теңгеге жасақталып, 2021 жылы жұмысы басталады деп күтілуде.

Өткен есептік кездесуде Ақкемер елді мекенінің тұрғындарынан төмендегідей ұсыныстар түскен болатын:

  • Батпақты бөгетін «Казсушар» РМК меншігіне беру және  Ақкемер елді мекеніне орталықтандырылған  ауыз су мен газ тарту қашан жүргізіледі. /Ақкемер елді мекенінің тұрғыны зейнеткер Өтеуов Бауыржан/
  • Ақкемер елді мекеніне ұялы байланыс және интернет қосылады ма? /Ақкемер елді мекенінің тұрғыны Шалабаев Асылан/
  • Ақкемер елді мекенінің көтерме жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі . /Ақкемер ауылының тұрғыны Талдыбаев Жолдыбай /

Қазіргі таңда Батпақты бөгеті Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің баланысына алынып , 560,0 мың теңге қаржы бөлініп , 47,0 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттары дайындалды. Орталықтандырылған ауыз су мәселесі шешіліп , ауыл тұрғындары игілігін көруде. Газ тарту мәселесі 2022-2023 жылдары жобалау сметалық құжаттары дайындалады деп күтілуде.

Биылғы жылы аудан әкімдігінің қолдауымен жергілікті бюджеттен  1,5 млн. теңге қаражат бөлініп,  Шыңбай қырына  қуаттылығы 40Квать КТП орнатылып, ауыл тұрғындарына ұялы байланыс және интернет мәселесі шешілді.

Ақкемер елді мекенінің көтерме жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары  дайындалуда.

Өткен есептік кездесуде  Кемер және Шиқұдық елді мекендерінің тұрғындарынан төмендегідей ұсыныстар түскен болатын

  • Кемер ауылына газ тарту мәселесі қалай шешіледі? Жобалық сметалық құжаттары жасақталды ма? / Кемер ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Өмірғали Аманғали /
  • Саралжын дәрігерлік амбулаториясына дәрігер қашан келеді?/ Кемер ауылының тұрғыны Мұхамбетқазиев Қабидолла зейнеткер/
  • Шиқұдық ауылынан мектеп ауласына ұңғыма құдық қазу мәселесі /Кемер ауылының тұрғыны Тулеугалиев Уалихан/
  • Шиқұдық фельдшерлік пунктіне фельдшер қажет. / Шиқұдық ауылының тұрғыны Бейсова Айгүл /
  • Теректі негізгі мектебі ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіледі ме? /Шиқұдық ауылының тұрғыны Бауеденов Махсот жеке кәсіпкер/

         Кемер ауылына газ тарту мәселесі 2022-2023 жылдары жобалау сметалық құжаттары дайындалады деп күтілуде.Саралжын дәрігерлік амбулаториясын дәрігермен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.

Шиқұдық ауылының мектеп ауласынан ұңғыма құдық қазу мәселесі шешілді. Шиқұдық фельдшерлік пунктін фельдшермен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Теректі негізгі  мектебі ғимаратына жөндеу жұмыстары н жүргізу үшін аудандық білім бөлімі арқылы жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.

Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Жыл ішінде округтің әлеуметтік экономикалық дамуының оң динамикасы сақталып. Инвестиция көлемі  63,4 млн. теңгені  құрады.  

«Тәжібай агро» ЖШС өз қаражаты есебінен 6,0 млн теңгеге 1 баз құрылысы, 3,5 млн.теңгеге Ботакөз жайлауынан тұрғын үй салды. «Спарта» ШҚ 15,0 млн.теңгеге тұрғын үй және мал базасын салды. «Нұр-Асыл» шаруа қожалығы лезингке 9,5 млн.теңгеге МТЗ-80 маркалы тракторын және агрегаттар  алды, «Айтан» ШҚ өз қаражаты есебінен 10,5 млн.теңгеге сауын фермасын ашу үшін 30 бас  орыстың қызыл сиырын сатып алды. Сонымен қатар 10,0 млн.теңгеге 1 мал базасын салу үшін құрылыс жұмыстарын жүргізді. Тайсойған ШҚ МТЗ-952 маркалы тракторын 8,3 млн.теңгеге, тырма 0,6 мың теңге, рулон 2,9 млн.теңгеге өз қаражатына сатып алды.

Ауылдық округ негізінен ауылшаруашылығымен айналысады. «Бірлік» ШҚ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 9,8 млн. теңгеге несие алып 21 бас жылқы алды. «Тайсойған» ШҚ 35 млн.теңгеге несие алып 50 бас асыл тұқымды «Әулиекөл» МІҚ малын сатып алды.  Мемлекеттік «Агро Бизнес» бағдарламасы арқылы «Ақорын» ШҚ 30,0 млн теңге несие алып, нәтижесінде 70 бас асыл тұқымды «Симменталь» МІҚ малын алды.

Бюджет саласы бойынша

         Ағымдағы жылы жергілікті және өзін-өзі басқарудың дербес бюджетінің 4-ші деңгейі ретінде жергілікті өзін-өзі басқарудың есеп шотына 6 салық түсімі бойынша 1,956 млн.теңгеге жоспарланса, ол 2,877 млн теңгеге, яғни  147 пайызға орындалды.

         2020 жылға бюджеттік қаржы толық көлемде игерілуі қамтамасыз етілді.

Елді мекендерді көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары

Ауылдық округ бойынша санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру айлығы кезінде нақты іс-шаралар жоспары қабылданып, ауылдық округтегі барлық мекемелер қамтылып, тазалық жұмыстары атқарылды. Қатты қалдықтар төгетін полигонның жалпы аумағы 800 м жерді қоршау жұмыстары жүргізілді.

Округ бойынша елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету ерекшелігі бойынша  жалпы сомасы 868,0 мың теңге қаражат жұмсалды. Оның ішінде елді мекендерді күл-қоқыстан тазалау үшін 300,0 мың теңге, тұрғындардың малдарына егу жұмыстарын жүргізуге раскол жасауға 200,0 мың теңге, жанар-жағар май отынын алу үшін 368,0 мың теңге жұмсалды.

Елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыру ерекшелігі бойынша 8 млн 984 мың қаражат бөлініп, оның ішінде  округ бойынша дендорологиялық жоспар жасау үшін 1 млн 100 мың теңге,  ауылдың кіре берісіне тал отырғызу үшін 484,0 мың теңгеге, ауыл кіре берісіне  0,75 га «Жасыл белдеу» егуге 200,0 мың теңге жұмсалды.  Ақкемер елді мекеніне ұялы байланыс тарту үшін Шыңбай қырына 1 млн 500 мың теңгеге 40 Квт КТП орнатылды, Кемер ауылының атауы жазылған тақта 1 млн 500 мың теңгеге жаңартылды, ауыл кіре берісіне 3 млн 400 мың теңгеге жарықтандырылды, ауыл кіре берісіне 800 мың теңгеге арка орнатылды. Ақкемер, Бестамақ, Кемер елді мекендеріне ақпараттық стендттер орнатылды. Кемер, Бестамақ елді мекендерінде жол ережесін сақтау үшін макеттер орналастырылды.

Округ бойынша Кемер, Шиқұдық, Ақкемер елді мекендерінің мектеп аулаларындағы 2 жылдық күл-қоқыс шығарылды.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша

Округ бойынша МІҚ-3970, ҰММ-16002, Жылқы-1058 бас есепке алынды. Қысқы мал азығымен толық қамтамассыз етілді. 5 ШҚ-мен мал азығы қорын сақтауда келісімшарт жасақталды. Округте ветеринариялық жұмыстар жүргізу үшін төмендегідей іс-шаралар атқарылды.

Сібір жарасына қарсы ҰММ-ға 14600 бас, МІҚ малынан 4000 бас егілді, надулярды дерматитке қарсы – 4000 бас МІҚ,
қарасанға қарсы МІҚ-3500 бас егілді. Округте  мемлекеттік тапсырыс бойынша серологиялық әдіспен МІҚ -6056 бас, ҰММ- 17472 бас тексерілді. Тексеріс нәтижесінде МІҚ- 87 бас, ҰММ-0 бас оң нәтиже көрсетті. Барлық оң нәтиже көрсеткен малдар мал сою пунктінде жойылды. Саралжын ауылдық ветеринарлық бекетінде   мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 379 адамға ветеринарлық анықтама беру қызметі көрсетіліп, 5041 басқа бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді.

         Саралжын ауылдық округі Кемер елді мекенінде 3 бағыт бойынша Алтыбай қыр, Жолдыбай көпірі , Бор сай бағыттары бойынша мал күтулері ұйымдастырылып , күтудегі тұрғындардың малдарын асылдандыру үшін 3 бағыттың мал күтулеріне асыл тұқымды аталық малдары қосылды. Ауыл тұрғындарының бойдақ малдарын бағу үшін 2 бойдақ мал күтулері ұйымдастырылды.

         Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің 2020 жылғы суармалы егіс егу жоспары толық орындалып, нәтижесінде «Спарта» ШҚ 9 га жерге бақша өнімдерін екті, 200 тн қарбыз, 100 тн қауын өнімдерін алды.Жеке тұрғындармен  3 га жерге картоп  егу жұмыстары  ұйымдастырылып , өткен жылмен  салыстырғанда  егуге ниет білдіруші тұрғындар саны екі есеге  артты. Биылғы  жылы да осы жұмыстарды ұйымдастыра отырып , жер көлемін 5 га жеткізу көзделуде.

 

Жеке тұлғалардан келіп түскен өтініш

         2020 жылы ауылдық округі әкімінің  аппаратына  жеке тұлғадан  25, заңды тұлғадан  7 өтініш түсіп, барлығы толық қанағаттандырылды.Сонымен бірге ауылдық округ әкімінің аппараты тарапынан ағымдағы жылда 39 шешім, 82 өкім қабылданып, 254 нотариалдық қызмет көрсетілді.

 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы»

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» орындау бойынша «Бизнес бастау» жобасымен 6 адам арнайы кәсіптік білім алды, 3 жеке кәсіпкер шағын несие алды. Тұрақты жұмысқа 19 адам орналастырылды. Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы арқылы 10 жас, Ойыл аудандық орман шаруашылығы арқылы 22 жас, «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы 53 жас жұмысқа тартылса, 43 жұмыссыз тұрғын қоғамдық жұмысқа алынды. Әлеуметтік жұмыспен қамту бойынша шаруа қожалықтармен жеке кәсіпкерлерге 5 жұмыссыз орналастырылды. «Спарта» ШҚ 5 азаматты маусымдық жұмысқа қабылдап, 4 студент,8 оқушы жаз айларында бос уақыттарын тиімді пайдаланды. 

Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында округ бойынша  1 жас,  2 көпбалалы ана қайтарымсыз несие алды.

Салық базасын нығайтуға байланысты жұмыстар барысында жыл ішінде жаңадан  4 жеке кәсіпкер тіркелді (такси қызметі, қызмет көрсету, сауда).

Округ бойынша мемлекеттік атаулы көмек алуға 29 отбасы өтініш беріп, 23 отбасының өтініші қанағаттандырылды. Атаулы әлеуметтік көмектің жалпы соммасы – 8 696,7 млн теңгені құрап, 23 отбасының  137 адамы қамтылды.

Жыл ішінде «Кемер» бастауыш партиясының ұйымдастыруымен қамқорлық іс-шаралар өткізіліп  аз қамтылған және көп балалы жанұяларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты түрде материалдық көмектер көрсетіліп, нәтижесінде 712,5 мың теңге көлемінде демеушілік көмектер берілді. Оның ішінде «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында тыл ардагерлеріне әлеуметтік пакеттер, «Біз біргеміз» акциясымен әлеуметтік аз қамтылған 12 отбасыға әлеуметтік пакеттер табысталды.

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласы

Округ аумағында 4 мектеп, 1 балабақша, 1 мектеп жанындағы бюджеттік интернат, 1 дәрігерлік амбулатория, 4 фелдщерлік пункт, 4 ауылдық клуб, 3 ауылдық кітапхана жұмыс жасайды. Мектептердегі оқушы саны 348. Мектепке дейінгі мекемелерде 83 тәрбиеленуші. Бюджеттік интернатта 16 тәрбиеленуші. Биылғы жылы орта мектепті –19 түлек аяқтады.

Амбулаторияда 1 дәрігер, 4 фельдшер, 6 медбике тұрғындарды үнемі бақылап, дәрігерлік тексеруден өткізіп, ана мен бала жағдайын қадағалауда. Биылғы жылы ана мен бала өлімі болған жоқ. Жыл басынан бері 43 бала дүниеге келді. Дәрігерлік амбулаторияда есепте тұрған науқастар саны – 127. Жоспар бойынша 800 адамның, 733 адамы жылжымалы флюрографиялық тексеруден өткізіліп, жоспар 91,6%-ы орындалды.

Сонымен қатар арнайы жастағы тұлғаларды қауіпті факторлармен ауруларды ерте анықтау, сонымен қатар емдеу тиімділігін арттыру мен аурудың асқынуынан алдын-алу үшін 1025 адамға профилактикалық медициналық (скрининг) жүргізілді.

Елді мекендердегі мәдениет ғимараттарында жоспарлы іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрғындардың, жастардың уақытын тиімді өткізу бағытында дөңгелек үстелдер, танымдық сағаттар, мәдени кештер  өткізіледі.  Барлығы  10  қызметкер жұмыс  жасайды.  Мәдени қызметкерлер  күнтізбелік  мерекелерді  уақытында  тұрғындармен  бірлесе өткізіп, барлық іс–шараларды   ұйымдастырып  отырады. Атаулы мерекелік күндері 64 мәдени шаралар өткізілді.

 

«Туған жерге» тағзым акциясы аясында атқарылған жұмыстар

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында 2020 жылы  барлығы 3.200 млн.теңге көлемінде жұмыстар атқарылды.

Жыл ішінде төмендегідей жұмыстар атқарылды:

- Сатаев Абыл Тәжібайұлы 350 мың теңгеге Ойыл аудандық ауруханасына пандемия кезінде медициналық препараттар алуға демеушілік көрсетті;

  • Батыс өңірлік телекоммуникация директоры Қадыралиев Абай Марабайұлы  2 000 млн теңгеге Бестамақ елді мекенінде орналасқан Жамбыл  фельдшерлік  пунктіне оптикалық-талшықты интернет желісін тарту жұмысын жүргізді;

Ойыл ауданы, Саралжын ауылдық округі, Ақкемер ауылының жеке кәсіпкерлері  50,0 мың теңгеге  Жамбыл мектеп балабақшасының ішін безендіру үшін демеушілік көрсетті(рухани жаңғыру стенд, мектеп мақтаныштары – стенд, мектепке демеушілік көрсеткен кәсіпкерледің фотолары ілінген стенд);

  • Ә.Дербісәлин ат.Саралжын орта мектебінің 1980 жылы мектеп бітірген түлектері 600,0 мың теңгеге мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында шеберханаға станоктармен және құрал жабдықтар алып берді;
  • Ә.Дербісәлин ат.Саралжын орта мектебінің 1980 жылы мектеп бітірген түлектері 200,0 мың теңгеге мектеп ішіне әжетхана орнатуға демеушілік көрсетті;

 Жастар саясаты

Округте 14-29 жас аралығында 349 жас тіркелген, бұл ауыл халқының 16% құрайды. Жыл ішінде жастармен 54 мәдени іс-шаралар өткізілді.

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 85 жас еңбекке тартылды. 5 жас жастар тәжірибесінен өтті.1 жас мемлекеттен қайтарымсыз 555,0 мың теңгенің грант ұтып алып, өз кәсіптерін  жүргізуде. Округ бойынша 2 жас жеке кәсіпкер болып  тіркелген.

 

 

Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі.

2020 жылы 1 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді мал ұрлығы бойынша, қылмыстық іс ашылды. 2019 жылмен салыстырғанда 7 қылмысқа азайған. Тазалық бойынша 14 тұрғынға, бос иттерді күтіп ұстау бойынша 24 тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды. Салынған айыппұл 394 698 теңге, оның ішінде өндірілгені 367 553 теңге. Пробация қызметі бойынша 2 адам 100 сағаттық ақысыз қоғамдық жұмысқа тартылды.

 

2021 жылы алға қойылған  міндеттер:

 

  1. Тұрғындардың сұранысы бойынша елді мекендерге Activ ұялы байланысын орнату. Бестамақ , Шиқұдық елді мекендеріне тұғыр орнату.
  2. Округ бойынша елді мекендерде көшелерді жарықтандыру:
  • Кемер ауылы бойынша: И.Құрманов, Таубатыр көшелері;
  • Ақкемер ауылы бойынша 1 көше;
  • Бестамақ ауылы бойынша 1 көше;
  • Шиқұдық ауылы бойынша 2 көше;
  • Қоңырат ауылы бойынша 1 көше
  1. Елді мекендерде Ақкемер, Шиқұдық ауылдарынан жобалау сметалық құжаттарын жасата отырып балаларға арналған шағын футбол алаңдарының құрылысын жүргізу;
  2. Кемер ауылында Қазақстан , Ботагөз-2, С.Керімбаева көшелерін асфальттау үшін жобалау сметалық құжаттарын дайындау, асфальтау жұмыстарын жүргізу
  3. Бестамақ елді мекенінде жүргізілетін орталықтандырылған ауыз су құбырының жұмысын бақылау.
  4. Шиқұдық , Қоңырат елді мекендерінде тұрғындарды таза ауызсумен қамту үшін салынатын кешенді блок-модуль жұмыстарын ұйымдастыру.
Дата публикации
29 декабря 2020