Ойыл ауылдық округі әкімі С.Дәулетқалиевтың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы есебі.
Мемлекет басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Сіздерге жыл ішінде жүргізген жұмысым жөнінде төмендегідей есебімді ұсынамын:
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі халыққа «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» жолдауында алдымызға міндеттер қойған болатын.
Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды.
Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қолұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды.
Осы орайда мелкет басшысының қойған мақсаттарды орындау бағытында ауылдық округ әкімі аппараты барша халықпен бірлесе отырып осы ортақ тапсырманы орындау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізуді жоспарлады.
Ауылдық округ аумағында ауыл шаруашылығымен бірге шағын кәсіпкерлікте дамуда. Миграциялық процесс жүріп жатсада халық саны азайған жоқ. 2020 жылдың 1 қаңтарына 6990 адам құраса,2021 жылдың 1 қаңтарына 7070 адамға жетті.. Оның ішінде Ойыл селосында 5938 адам. 2020 жылға ауылдық округте әлеуметтік-экономикалық дамуы оң динамикасын көрсетіп отыр. Дүниеге келген сәбилер саны 188 бала.,дүниеден өткен 48 адамды құрап отыр. Зейнеткерлер 685 адам. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар 201 адам. Студенттер 236 адам. 2020 жылы Ойыл ауылдық округі бойынша 1 «Алтын алқа», 3 «Күміс алқа» наградасымен марапатталса,1- «Алтын алқа», 3- «Күміс алқа иегерлерінің құжаттары дайындалып ұсынысқа жіберілді.
Бюджет:
Бюджет: 2020 жылғы бекітілген бюджетке сәйкес жоспар бойынша барлық кіріс жоспар 11 717 мың тенге. Оның ішінде табыс салығы - 1380 мың тенге, мүлік салығы -272 мың тенге, жер салығы – 565 мың тенге, жеке тұлғалардың көлік салығы – 7 707 мың тенге, заңды тұлғалардың көлік салығы – 548 мың тенге салықтық емес түсімдер -1 245 мың тенге.
2020 жылға 124 057 159 «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерді орташа жөндеу жұмыстарын республикалық бюджеттен 221 762,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 14 640,0 мың теңге қаржы қарастырылды. Оның ішінде Республикалық бюджеттен 1 521 мың тенге, Облыстық бюджеттен 600,4 мың тенге үнемделген қаражат бюджетке қайтарылды.
Көкжар, Бақаев, Желтоқсан көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарына «ЗапКазПромСтрой» ЖШС -мен келісім шарт жасалып, жөндеу жұмыстары аяқталды.
Шернияз көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына «Ерхат жолдары» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, жұмыстар толық аяқталды.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы бойынша 2020 жылға Амангелді және Молдагулова көшелеріне жөндеу жұмыстарына 29 781,0 мың теңге қаржы бөлініп, оның 28 667,2 мың тенгесі игерілді. Амангелді және Молдагулова көшелеріне жөндеу жұмыстарына «ЗапКазПромСтрой» ЖШС -мен келісім шарт жасалып, жөндеу жұмыстары аяқталды.
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша – 16 668 мың тенгеге көшелерге қиыршық тас (щебень) төселуде.
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бағдарламасы бойынша брусчатка және бордюр төсеуге - 7 300 мың теңге жұмсалды.
Ағаш бұта түрлерін түгендеудің жұмысы аудан орталығынан дендрологиялық жоспарын жасақтау қызметіне 3 812,7 мың теңге иегрілді.
Көшелерге 3740 мың тенге Бейнекамера орнату жұмыстарына төлем аударылды.
Ауыл шаруашылығы:
Ауылдық округтің ауыл шаруашылық алқабы 160 491 га. Шаруашылық құрылымдары иелігінде 114949 га жер учаскесі бар. Ауылдық округтің аумағында 61 ШҚ, 20 ЖШС, 4 АӨК бар. Шаруа қожалықтарында тіркелген жұмысшылар саны 97 адам. Еңбек даулары туындаған жоқ. Округ бойынша асыл тұқымды мал басын алу бойынша жоспар орындалып 100 пайыз көрсеткішті көрсетіп отыр. Барлық ШҚ мен ЖШС-лар қысқы мал азығын жеткілікті қылып жинап алды. 2021 жылдың 01 қаңтарына санақ қорытындысы бойынша округ тұрғындары,шаруа қожалықтары және заңды тұлғалар бойынша мал басы саны : МІҚ 8484 бас, Жылқы-3106 бас, Қой-ешкі - 28300 бас, құс-7660 бас. Осы орайда округте сиыр мен жылқы басының өсуінде жақсы көрсеткіш бар екені көрінуде. Жыл басынан бері округте мал дәрігерлік шаралар жоспарға сай жүргізіліп отырылды. Округ бойынша санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында сарып ауруына шалдыққан малдар «Мұрагер» ЖШС-нің мал сою пункті арқылы сою жолға қойылған. Жылдық жоспар бойынша 19500 бас қойешкі бруцелезге тексерілді, мүйізді ірі қара жылдық жоспар бойынша 8198 бас тексерілді, осылардың ішінде 122 бас МІҚ, 9 бас койешкіден оң нәтиже беріп түгелдей жойылып тиісті көлемде өтемақы төленді. Жалпы жыл басынан бері қаңғыбас 151 бас ит жойылды.. Алайда тұрғындардың сойылған, кеткен малдарын ИСЖ базасынан есептен өздігінен шығаруы баяу. Бау-бақша өсіру бойынша ауыл сыртындағы өзен жағасына мекемелер, жеке тұрғындар 3,5 га жерге картоп екті. Жеке кәсіпкерлер М.Айдаров,Т.Бақтыгереев, Т.Жауынбаев 2,5 га жерге бау-бақша өнімдерін (қарбыз, қауын, қияр) егіп, өнімдерімен село тұрғындарын қәмтемесіз етті.. Округ бойынша тұрғындардың ауласына еккен баубақша 30 га құраса, Ақшатау және Ойыл ауылы тұрғындары іргесінен ағып жатқан өзен бойына 4 га аумаққа картоп отырғызылды.
Субсидиялау: МІҚ бойынша: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша 5 ШҚ, 8 жеке кәсіпкер МІҚ 85, жылқы 10 бас, 390 бас кой 64 млн теңгеге алынды. Округ бойынша 100 бас МІҚ, 400 бас қой сатып алынған. Округте барлығы 16млн 760мың теңге субсидия төленді. Қоғамдық табынға қосылған 13 асылтұқымды бұқаға 1 300 000 теңге төленді. ШҚ мен тұрғындар мал бордақылау алаңдарына 284 бас бұқашықтар тапсырды. Жоспар 52 пайыз орындалды.
Кәсіпкерлік: Округ бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 420 бірлік. Оның ішінде – ЖШС – 20, ШҚ – 61, ЖК – 335, АӨК – 4. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 2 бағыты аясында» округте 14 адам барлығы 64 млн теңге несие алды. Кәсіпкерлік нысандары қалыпты жұмыс атқаруда. Жыл басынан бері аудан орталығында жеке кәсіпкер Займолдин Жеңістің «Дәулет», азық-түлік дүкені ашылды. 2021 жылға дейін бірқатар инвестициялық жобалар ұсынылып отыр. Атап айтсам: Жеке кәсіпкер А.Ғазизова жеке балабақшасын алдағы жылға жоспарлап отыр; - Жеке кәсіпкер Б.Ақан сапаржай, қонақ үй кешенінің құрылысын бастады. Жеке кәсіпкер К.Әліп тойхана құрылысын бастады. Округте дамымай отырған салалардан –қоян, құс өсіру тәрізді салаларды қолға алушылар болмай тұр. «Бизнес-бастау» жобасына округтен 34 адам өтініш білдіріп арнайы тестілеу арқылы 34 қатысушы оқу курстарына жолдама алды, 100 пайыздық көрсеткіш орындалды, 8 қатысушы 4 444 800 теңгеге 100 МРП қайтарымды грант игері атанып, өз кәсіптерін ашты. Өгізбаев Б. және Наурызбекова Р. «қаржылық қолдау қоры» арқылы 8 млн теңге несие алып мал шаруашылығын дамытуда. Жылдық жоспар 25 жоба 100млн теңге болатын болса соның 21 жобасы орындалып 105,7 млн орындалды. Ауыл шаруашылығын қолдау бойынша 5 ШҚ және 8 жеке кәсіпкерлер 64 млн теңге несие алып, игерілді.
Әлеуметтік қорғау:
Газ тарту жұмысы Ойыл ауылы бойынша толық аяқталды. Ойыл ауылы орталығында 1208 үй көгілдір отынның игілігін көріп отыр. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 40 адам жұмыс жасады. Округ бойынша 640 адам жұмыссыз. Осы ретте шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің жұмыс күшіне үнемі мұқтаж болып отыратындығына назар аудара кеткім келеді. Сонымен бірге округте де қоғамдық табынды бағуға малшы жоқ. Тұрғын үй құрылысы жұмыстарына 4 адам жұмылдырылса, қарбыз егуге 5 адам жұмыспен қамтылды. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 720 адам қызмет етті. 8 наурыз және 9 мамыр мерекесіне орай тыл еңбекккерлері, батыр аналар мен «Алтын алқа» иегерлеріне 52 сый табысталды.
Қайырымдылық шаралары төмендегідей: -
Ауылдық округ тарапынан жалғызбасты қарттарға, тыл еңбеккерлеріне, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен аз қамтылған отбасыларға түрлі (азық-түлік, қысқы отын, мал азығы) көмектер берілді.
Елбасының тапсырмасына сәйкес «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында 2020 жылдың 18 наурызында біртұтас республикалық «Біз біргеміз!» акциясына орай аз қамтылған, көп балалалы, көмекке мұқтаж отбасыларға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және коронавирустық пандемиямен күресу, алдын алу үшін қажетті басқа да өнімдер жинақталған әлеуметтік пакеттер мен азық түлік табыс етілді.
2020 жыл басынан округ бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 195 отбасы құжат тапсырып, 160 отбасындағы 896 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды (148 – шартты, 12 – шартсыз). 55 адам шартты түрде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, 41 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. 9 адам қоғамдық, 4 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды.
|
АӘК тиген адам саны (барлығы) |
Әйел адамдар |
18 жасқа дейінгі балалар |
Барлық топтағы мүгедек |
Зейнеткер |
Студент (курсант, магистрант) |
Мүгедекке күтім көрсетуші |
Еңбекке қабілеттілер |
Жұмыссыз |
Жүгіну мезетінде жұмысы бар
|
Бала күтіміндегі
|
|
896 |
461 |
532 |
16 |
5 |
40 |
5 |
298 |
55 |
149 |
91 |
Елімізге төтенше жағдай жариялануына байланысты жұмысынан қысқарған және жұмыссыз қалған, жұмыссыз 1364 адамға әлеуметтік төлем алу үшін өтініш тапсыруға көмек көрсетілді.
Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі пандемия кезінде округтегі аз қамтылған, көп балалалы, тыл ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға барлығы 187 отбасыға 2 244 000 (екі миллион екі жүз қырық төрт мың) теңге көлемінде азық-түлік және антисептикалық құралдар табыс етілді.
Ойыл ауылдық округі бойынша мүгедектер күніне орай «Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан демеушілікпен Ақшатау елді мекенінің тұрғындары, І топ мүгедегі С.Иманованың ауласына 1 көлік отын (қи), Қ.Шоқпаровтың және Ж.Нұрмағамбетовтың ауласына 1 көліктен мал азығы (шөп) және Ойыл ауылы, Желтоқсан көшесі №13/1 үйдің тұрғыны, І топ мүгедегі Г.Елекбаеваның үйінің алдына (қақпа сыртынан автокөлік жолына дейін) асфальт қалдығы төселіп берілді. Сонымен қатар округке қарасты Қаракемер елді мекенінің тұрғыны, аз қамтылған отбасы Р.Атыраубаеваның ауласына 1 көлік отын түсіріліп берілді. Жалпы көмекке жұмсалған қаражат көлемі – 155 мың.
Ұлы Отан соғысы ардагері Қ.Қарабалиевтің ұрпақтарының демеушілігімен округтегі 65 аз қамтылған және 25 тыл енбеккерлеріне әр қайсысына 10 000 теңге көлемінде азық-түліктей көмек көрсетілді. Жалпы көмекке жұмсалған қаражат көлемі – 900 мың тенге.
Білім беру:
Округ бойынша 1 колледж, 4 орта мектеп, 2 негізгі мектеп, 5 бала бақша, 2 мектеп жанындағы балаларды шағын дамыту орталығы, 1 спорт мектебі қызмет етуде.
Денсаулық сақтау:
Аудан орталығында аурухана, Қаракемер, Ақшатау, Екпеталда 3 ФАП қалыпты жұмыс жасап тұр. ФАП-тар алғашқы көмек көрсететін қажетті дәрілермен қамтылған.
2020 жыл бойынша округте 120 әскерге шақырылушы жігіттер әскери комисариатқа шақырылып, 110 дәрігерлік тексеруден өтті. Келмей жүрген әскерге шақырушылар мекен жайы бойынша аралап түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Дегенмен әскери борышын өтеуден жалтаратын, дәрігерлік тексеруге келмейтін жастардың барлығыда рас. Осы себепті ата-аналар мен аға буынан, білім қызметкерлерінен ер азаматтың міндетін жастарға түсіндіруді өтінеміз.
Осы ретте Ойыл ауданынан әскер қатарына міндетін атқарып жүрген азаматтардың үлгілі сарбаз болып жүргенін айта кету жөн.
Флюротексеуден өту жоспары 3074 адам, орындалғаны 2902 адам. 94,4 пайыз
Мәдениет және спорт:
Округ бойынша 1 орталық кітапхана, 1 балалар кітапханасы, 4 ауылдық кітапхана, 1 мәдениет үйі, 1 Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы мәдениет және демалыс орталығы және 1 ауылдық клуб халыққа қызмет көрсетуде.
Округ бойынша түрлі деңгейде спорттық және бұқаралық спорттық жарыстар аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміміен бірігіп ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар ұлттық «Көкпар» ат спорты қайта жанданып, қолға алынуда. Округке қарасты Қаракемер, Ақшатау елді мекендерінде жасанды көгал төселген спорт алаңдары жасалды.
Ауылдық округ бойынша бір мешіт тіркелген. Діни жағдайы қалыпты. Террористік тұрғыда осал нысан болып есептелгендіктен мешіт ішінде бейне бақылау камерамен қамтылған. Басқа ағымға еліктеген адамдармен алдын алу жұмыстары жүргізіліп келеді. Қоғамдық тәртіп сақтау мақсатында 2 учаскелік инспектор және сарбаздар жұмыс атқаруда.
Санитарлық тазалық және абаттандыру.
Ауылдық округтің санитарлық тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмыстарын, абаттандыру басты назарда. Аудан орталығының көшелері ақылы қоғам қызметкерлеріне бекітіліп, тазалық жұмыстарын жүргізіліп, сенбіліктер ұйымдастырылды. Дей тұрғанмен әрбір азаматтың өз үйінің, ауласының, ауылының, Отанның тазалығына жаны ашып қараса дейміз. Көкжар көшесі бойына 1000 м жерге, Шернияз көшесіне 700 м жерге жаяу жүргіншілер жолы төселді. «Ұлы Отан соғысы ардагерлері» ескерткішін қайта жаңғыртылды.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы орталық саябаққа келер жылы Ойыл ауданының 100 жылдығы мен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай жүгіртпе жолмен билборд орнатылды. Ойыл ауданының 29 «Құрметті азаматтарына» арнап бағаналарға тақтайшалар орнатылды. Жолмырзаев 42 үйдің ауласына балалар ойын алаңы орнатылды.
Мердігер компания ИП «Алтынбаев» көмегімен Ойыл селосының көшесіне, яғни метрге шебін төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сегізсай, ауылішілік жолдар тегістелді.
2020 ж. Ойыл кіреберісіне шықпай қалған талдардың орнына 500 түп терек отырғызылса, Көкжар көшесіне 40 түп қарағай ағаштары отырғызылды.
Ойыл ауылы кіре берісіне 3 керме шам алынып, орнатылды.
Ойыл селосының жарық шамдар жүргізілмеген шеткі көшелеріне күн сәулесінен қуат алатын 40 жарықшам орнатылды. Қазірде халық ұсынысына қарай жарықшамдар алынып, елді мекендерге орнатылды.
Ойыл селосындағы көшелерге жаңадан жол белгілері қойылып, жолақтар салынды, сонымен қатар қозғалыс көп көшелерге жсанды кедергілер орнатылды.
Ақшатау, Қаракемер елді мекеніндегі иесіз қалған үйлердің орны тазартылды. Ақшатау елді мекеніне 361450153 теңгеге, Қаракемер елді мекеніне 287233208 теңгеге тұрғын үйлерге ауыз су кіргізілді.
Қараой бағытындағы тас жол бойына 1200 шаршы метрге қараағаш отырғызылды.
Ойыл селосының шетіндегі күл-қоқыс төгетін орны тазартылып, айналасы қоршалды.
Ойыл ауылы бойынша қоғамдық табын 3 бағытқа сиыр бағу ұйымдастырылған болатын. Алайда бақташы табу өте қиын болып отыр. Мүмкіндіктер қарастыруда. Қоғамдық табынға 6 бұқашық қосылды. 3 асыл тұқымды , үшеуі тұрғындардың жекесінен қосылды.
Құжат айналымы:
Округ әкімімен 2020 жылдың басынан бері барлығы 179 өкім, 139 шешім шығарылып, оның ішінде 125 шешім тұрғын үй салуға бөлінген жер телімдеріне алынған.
2020 жылдың мекемеге 674 кіріс құжаттары түсіп тіркелді және 545 шығыс құжаттары жөнелтілді. 2020 жылы округ әкіміне 187 жеке тұлға, 15 заңды тұлға арыз жазып, оларға заң талаптарына сай уақытында жауап берілген. Қаралмаған арыз немесе өтініш жоқ.
«Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту» қызметіне 2 өтініш түсті, қанағаттандырылды. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін сұраған 60 арыз қанағаттандырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:
«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Сенім телефоны» жұмыс жасайды, мекеме орналасқан ғимараттағы №69 №204 кабинетте арыз шағымдарға арналған жәшік және арыз-шағымдар кітабы орнатылған. «Ашық әкімдік» кабинеті жұмыс жасайды.
Жол қауіпсіздігі саласы және басқа да құқық бұзушылар бойынша барлығы 633 әкімшілік хаттама толтырылып, 3216251 тенге айыппұл салынған, оның ішінде 2812983 айыппұл өндірілген алынды.
Алкоголизмге еріксіз емдеу мекемесіне 1 адамның іс құжаты жинақталды.
Әкімшілік аумақта 13 қылмыс тіркеліп (ұсақ ұрлық, мас күйінде көлік жүргізу, пәтер ұрлығы т/б) оның ішінде 10-і ізі суымай ашылды. Округ ішінде қараусыз жүрген мал иелерінің 21-не ескерту берілді.
2021 жылы ауылдық округтің даму жоспары:
Есепті уақыт ішіндегі атқарылған жұмыстарды саралай отырып, жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп алдағы жылға төмендегідей жұмыстарды атқарамыз деп мақсат қойып отырмыз.
- Ауылдың келбеті мен санитарлық жағдайын жақсарту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын күшейту;
- Селоның 10 көшесін асфальттау көшелерін асфальттау;
- Жасақталған ЖСҚ қаражат бөлінген жағдайда және «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында төмендегідей жұмыстарды жүргізу жоспарлануда.
- Екпетал елді мекеніне спорт алаңын жасау.
- Боқтарал көшелеріне желісін тарту және жарықтандыру.
- Көшелерге тротуар төсеу.
- Көпірден Шұбардың айрығына дейін жарықтандыру.
- Ойыл селосының шетінен айналма жол жасау.
- Көшелерге шебін төсеу жұмыстары жалғасады.
- Дендрологиялық жоспар бойынша жасыл аймақ жасау.
Ойыл ауылдық округі әкімі С.Дәулетқалиев