Қайыңды ауылдық округінің әкімі И.Т.Косдаулетовтың
2020 жылғы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттері
жөніндегі есебі.
Азаттыққа қол жеткізген 29 жыл уақыт аралығындағы қазақ елінің толағай табыстарын бүгінгі таңда төрткүл дүние танып – біліп отыр десек, артық айтқандық болмас.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан
халқына Жолдауында Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды.
Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр.
Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз. Ұлт Жоспарын толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз керек - деп атап өткен болатын.
Ел экономикасының өркендеуі мен қоғамымыздағы бірлік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету бағытында, сондай-ақ тұрғындардың әлеуетін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан іс шаралар аз емес.
2020 жылдың қортындысы бойынша тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстар бойынша бірқатар шаралар жоспарланып орындалу деңгейі төмендегідей дәрежеде болды:
а) Ақжар-Саралжын бағытындағы көтерме жолға екі рет қыру жұмыстары
жүргізілді
ә) Ақжар және Көсембай ауылдары тұрғындарына интернет жүйесі іске қосылды.
б) Көсембай елді мекені тұрғындарына орталықтандырылған ауыз су құбыры пайдалануға берілді.
в) Ақжар ауылының көшелеріне жаңадан жарық шамдар және Көсембай ауылына күн сәулесінен қуат алатын жарық шамдар, екі ауылдың кіре берісіне керме орнатылды.
г) Ақжар ауылына көшедегі қоғамдық тәртіпті бақылау мақсатында 2 бейнебақылау камерасы орнатылды.
ғ) Көшелерге тұрмыстық қалдықтар жинайтын жәшіктер орнатылды.
д) Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Жұмыспен қамту-2020»
бағдарламасы аясында 2020 жылы ауылдық округте жаңадан 3 шаруа қожалығы және 7 кәсіпкер өз жұмысын бастады, т.б. талап тілектердің орындалуына, шешілуіне қызмет жасалды.
Мемлекет басшысы тарапынан алдымызға қойған жаңа міндеттер мен талаптарды орындау негізінде және ауыл тұрғындарының кездесулер кезіндегі ұсыныстары мен сын ескертпелерін қанағаттандыру мақсатында 2020 жылы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты бірқатар жұмыстар жүргізді.
Қайыңды ауылдық округіндегі Ақжар, Көсембай ауылдарында жалпы
халық саны 2020 жылы 1235 адам, 2019 жылмен салыстырғанда халық саны 24 адамға өскен, Алдыңғы жылдармен салыстырғанда сәбилердің дүниеге келуі қуантарлық жағдай. 2019 жылы 24 сәби дүниеге келсе, биыл 32 сәби дүниеге келді. Округте барлығы 199 үй бар, онда 232 отбасы тұрады. Ауыл төңірегінен 37711 гектар жер әкімшілікке бекітіліп берілген. Бұл округ тұрғындарына мал басын өсіруіне, қыстық мал азығын дайындауға, бау-бақша егуге толық мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда округте барлығы 1 ЖШС, 3 АӨК, 39 шаруа қожалығы және 26 жеке кәсіпкерлік субъектілері бар. Биылғы жылы 7 жеке кәспкерлік субъектісі өз жұмысын жаңадан бастады.
Ауылдық окург бойынша қысқа түскен МІҚ – 4446 бас, қой-ешкі – 11368 бас, жылқы – 702 бас, құстың барлық түрі – 3741. Округте 4 мал дәрігері қызмет жасайды. Олар жоспарға сай мал ауруларына қарсы екпе жұмыстарын жүргізіп отырады. Мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмыстарының арқасында ауданның басқа округтеріне қарағанда біздің округте жұқпалы бруцеллез ауруы аз мөлшерде. Ағымдағы жылы 4965 бас мүйізді ірі қара малынан қан алынып 74 бас оң нәтиже көрсетті. Малдар уақытылы жойылып, тұрғындардың мал қораларына дәрігерлік шаралар жүргізілді. 12700 қой-ешкіден қан алынып, 4 бас оң нәтиже көрсетті. 5700 бас ҰММ бірдейлендірілді. № 1 үлгідегі анықтама алу үшін 500 қызмет көрсетілді. 31600 әртүрлі жануарларға егу жұмыстары жүргізілді. Малдарды электронды базаға енгізу жұмыстары уақытылы жүргізіледі. 2020 жылы ауылдық округ бойынша 29800 тонна ірі сабақты мал азығы дайындалып, уақытында тасып алынды. Тапсырма 102,7 пайызға артығымен орындалды. Шөп шабу науқанына барлығы 30 трактор, 12 рулон пресс, 10 шөп тиегіш, 27 тіркеме, 3-автомашина 50-орақ, 30-тырма қатысты. Шаруа қожалықтары артық шөптерін көршілес Ойыл, Ақшатау, Қаракемер елді мекендеріне тасыды.
Ауылшаруашылық саласында: 2 шаруа қожалығы (Есет, АйРус) мүйізді ірі қара малдарының тұқымын асылдандыру мақсатында өз қаражаттары есебінен 53,5 млн.теңге несие алса, 2 шаруа қожалығы (Орынғали, Табынай) 28,5 млн.теңге несиеге құжаттарын тапсырды. Берілетіндігі туралы хабарлама келді. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2 шаруа қожалығы (Алихан, Азамат) мүйізді ірі қара малдарының тұқымын асылдандыру мақсатында 8 млн.теңге несие алды. Мемлекеттен берілетін көмектің арқасында өткен 4 жылда округтегі шаруа қожалықтары 11 жаңа трактормен 11 рулон шөп байлағышын алды. Мемлекетіміздің көмегінің арқасында 19 шаруа қожалығы күннен қуат алатын батерейка мен ұңғымалы құдықты тегін қондыртып алды. Қазіргі кезде теледидарды ауылдағыдай көріп отыр.
Кәсіпкерлікті дамыту саласында: Ағымдағы жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында округтің 4 тұрғыны 2222400 теңге жеңілдетілген несие алып, мал шаруашылығымен айналысуда. Ақжар ауылы орталығынан жеке кәсіпкер А.Қошқаров жылы жай құрылысын аяқтап, шілде айының аяғында өнімін арзан бағамен ауыл тұрғындарына ұсынды. Ағымдағы жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамсыз ету» бойынша 1 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданды. Бағдарламаны екінші бағыты: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша «Еңбек» бағдарламасы арқылы 1 кәсіпкер, 2 шаруа қожалығы 9,5 миллион теңге несие алып, мал сатып алды. Ауыл тұрғындары биылғы жылы қаз, үйректің балапандарын алып бағуды кәсіп етуде. Әр қазды 7000 теңгеге, үйректі 2500 теңгеге сатты.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлмалар саласы бойынша:
2020 жылы «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша округ бойынша төрт жас жастар тәжірибесінен өтті. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде жасыл ел қоғамдық жұмысына жастарды жұмысқа тарту мақсатында 10 жұмыссыз жас пен студенттер жұмыс жасады. Ағымдағы жылы аз қамтылған, көп балалы отбасының 101 мүшесі қоғамдық жұмысқа тартылды. Жастарды ауылға тұрақтандыру мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2 жас маман 356000 теңге көтерме ақы алды. Округ бойынша 13 отбасының 83 мүшесі мен 58 баласына 1975920 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Білім саласында: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.
Округте 1 орта, 1 негізгі мектеп бар. Оқушылар саны 175, даярлықта 16 бала, оларға 56 мұғалім дәріс береді. Округте 1 бала бақша мен Көсембай негізгі мектебі жанындағы шағын орталық жұмыс жасайды. 2019-2020 оқу жылында мектептетердегі білім сапасы 64 пайызды көрсетті. ҰБТ көрсеткіші бойынша орташа балл 97. Саға Мектеп-балабақшасында 6 оқушы мектеп бітірді. 1 оқушы “Алтын белгі” иегері атанды. Ол: Тимурова Адина Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсті. 5 оқушы жоғары оқу орындарына грантпен оқуға түсті.1 оқушы колледжге грантпен оқуға түсті. Республикалық кәсіподақтың құрмет грамотасымен математика пәні мұғалімі Л.Бикирова және қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі А.Ақбисенова марапатталды. Облыстық құрмет грамотасымен А.Ақбисенова, облыстық кәсіподақтың құрмет грамотасымен А.Мамбеткереева, Республикалық «Шабыт» фестиваль-байқауынан технология пәні мұғалімі М.Кенжеғазина «Алғыс хатпен» марапатталды. Республикалық «Шабыт» фестиваль-байқауынан музыка пәні мұғалімі Д.Өмірова аспап ойнаудан 1-орын. Республикалық «Дарын фестивал байқауынан музыка пәні мұғалімі Д.Өмірова «Алғыс хат». Республикалық «Бабалар аманаты» атты жыр байқауына шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хат А.Амирова, Облыстық «Бастауыш сыныпта оқыту үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру жолдары» алғыс хат Татебаева Жеңіс, «Эссе» республикалық байқау М.Баймбетова Алғыс хат, Республикалық «Үздік сабақ жоспары» 3-орын математика пәні мұғалімі Л.Бікірова, Республикалық “Әл-фараби- әлемдік тұлға» республикалық ғылыми-конференция 1-ші дәрежелі диплом, Ақтөбе облыстық пәндік олимпиада 1-орын биология пәні мұғалімі Г.Бахтыгереева. Облыс әкімінің «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі Дарибаева Шара Кайыржановна 100 000 теңге сертификатпен марапатталды. Облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы» тарих пәнінің мұғалімі Керей Айнагүл Мұхитқызы және орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі Урынбаева Аида Матжановна марапатталды. Облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы» тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шутенова Лунара Кайыржановна, Ойыл аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің кәсіподақ үйымынан «Құрмет грамотасы» тарих пәнінің мұғалімі Даулетова Жұмагүл Маратқызы, география пәнінің мұғалімі Аблаев Нурымжан Олжабаевич «Құрмет грамотасымен» және 30 мың теңге сертификатпен марапатталды. Аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің «Құрмет грамотасымен» бастауыш сынып мұғалімі Султангалиева Жанар Беккайыровна марапатталды. Бұл да болса ұстаздар қауымының өлшеусіз еңбектері деп есептеймін.
Денсаулық саласы бойынша: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналады. Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет – деп атап өткен болатын.
Округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт және 1 автокөлік бар. 6 дәрігер жұмыс жасайды. Биылғы жылы округ бойынша 23 сәби дүниеге келді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 1 сәбиге кем. 5 адам қайтыс болды. 0-7 жас аралығында 153 бала тіркелген. Жүкті аналар уақытынан бүрын ауруханаға жберіліп отырады. Үйінде босану фактілері орын алған жоқ. Биылғы жылы флюроға 347 тұрғын түсуге тиісті болса, олар түгел қамтылған. Тұмауға қарсы 150 адам тегін, 30 адам ақылы егілді. Округте сарып, туберкулезбен ауырғандар тіркелмеген. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге дәрілер алынып қойылады. Бір қынжылтарлық жағдай жедел жәрдем көлігі ескірген. Жиын сайын осы мәселе айтылып келеді. Кей кездері дәрігерлер науқастарды аудан орталығына жеке көліктермен апарады. Округ аудан орталығынан қашық болғандықтан жедел жәрдем машинасынан көмек болса.
Мәдениет саласы бойынша: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында мәдениет саласына айрықша тоқталды. Соның айғағы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері жоғары наградалармен марапатталды. Округте 2 ауылдық клуб, 2 ауылдық кітапхана жұмыс жасайды. 18045 кітап қоры, оның ішінде 10093 ана тіліміздегі кітаптар. Кітапханалар жыл сайын жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. Ауылдық әкімшіліктің басшылығымен кітапхана, клуб қызметкерлері мектептермен бірлесіп, жыл бойғы мерекелерді ұйымшылдықпен өткізіп отырады. Бұл мерекелерден ауылдың қарттары мен көп балалы аналар және мүмкіндігі шектеулі жандар тыс қалмайды. Биылғы жылы аудан орталығында өткізілген мәдени шараларға ауылдық округте өз үлесін қосты. Облыс, аудан аумағында өткізілген ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне ауыл тұрғындары мен шаруашылық субъектілері өз үлестерін қосуда. 2020 жылдың басынан ауылдық округтегі кітапханалардың қорына жаңадан кітаптар келіп түсті. Осы мақсатта, оқырмандарды кітапханаға көптеп тарту және күнделікті жаңалықтардан ақпараттар беріп отыру үшін жаңа жылдан бастап кітапхана «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан», «Ақтөбе», «Ойыл» «Жалын», «Жұлдыз», «Айгөлек», «Балдырған» , «Қазақстан әйелдері», «Парасат», «Ақжелкен», «Жыл он екі ай» т.б. керекті мерзімді басылымдарға 5 газетке, 8 журналға жазылды. Кітапхана – кітап арқылы және адамның жан-жақты білім алып, сонымен қатар оқырмандардың талап-тілектерін қанағаттандырып жан-жақты ақпараттық қажеттілігін ескеретін орын. Оқырмандар кітапханадағы кітапхана қорындағы кез-келген ақпарат көзін - анықтамаларды, эциклопедияларды, сөздіктердіді дұрыс пайдалана білу деген сөз. Кітапханаға келген оқырмандарға жаңа басылымдармен таныстырып, шолу жасап отырылады. Кітапханада жаңа келген әдебиеттермен таныстыру мақсатында, «Жаңа кітаптар әлемі» деген тақырыпта кітап көрмесі жасақталынып, библиографиялық шолу өткізіліп отырады. Сонымен қатар кітапханаға келген оқырмандар тобына әдеби жаңалықтарды таныстыру мақсатында, кітапханалық гүлзар ұйымдастырылып отырады, яғни жаңадан келіп түскен кітаптарға библиогрфиялық шолу өткізіліп тұрады. Ақпараттық библиографиялық қызмет көрсету шаралары кітапханаға келген жаңа кітаптарды таныстыру үшін арнайы ұсыныс тізімдері, көрсеткіш құралдарды естелік кітапшалар, кітап көрмелері ұйымдастырылып оқырман топтарына ұсынылды.
2020 жылы ауылдық клубтар мен кітапханаларда өткізілген мәдени шаралар. «Ұлы даланың жеті қыры мақаласы» аясында 8 қаңтар күні ауылдық кітапханаларда «Дархан даланың жеті кереметі» атты кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды. 17 қаңтар күні «Елбасы мақаласы – жас ұрпаққа бағыт береді» атты әңгіме сағаты ұйымдастырылды. «Азамат», «Әсем» клуб мүшелері қатысты. 17 қаңтар күні ауылдық клубтарда кітапхана, клуб бірлесе отырып, «Бізде студент болғанбыз» тақырыбында студент жастар мен кездесу кеші өткізілді. 30 қаңтар күні ауылдық кітапхана оқу залында «Абай жіне рухани жаңғыру мәселелері» атты тақырыбында Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы 8 сынып оқушылары мен мемлекеттік қызметкерлерге талқыланды. 30 қаңтар күні кітапхана оқу залында «Абай–дара тұлға» атты тақырыбында Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы 8 сынып оқушылары мен мемлекеттік қызметкерлерге талқыланды. 14 ақпан- Саға мектеп бала бақшасымен бірлесе отырып, «Ауған соғысы – жүректен өшпейтін траих...» атты 9-10-11 сынып оқушылар арасында кеш ұйымдастырылды. 18 ақпан күні кітапхана оқу залында «Мәдени мұра, халық қазынасы» бағдарламасы бойынша түскен кітаптардан кітап көрмесі күнделікті оқырмандарымызға таныстырылды. 20 ақпан күні «Елбасы мақаласы – жас ұрпаққа бағыт береді» жастар арасында дөңгелек үстел өткізілді. 24 ақпан күні «Ел рәміздері – ел рухы» 4-5 оқушылар арасында танымдық сағат өткізілді. Оқушыларға слайд көрсетілді 25 ақпан күні Мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасына барып жылжымалы кітапхана ұйымдастырылып, «Отбасындығы әлеуметтік жағдай» тақырыбында балаларға арналған ертегі кітаптар таныстырылды. 1 Наурыз Алғыс айту күніне орай «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік шара өткізілді. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Саға мектеп бала бақшасының акт залында «Ана-жыр, Ана-дана, Ана-бақыт» атты мерекелік кезесу кеші өткізілді. 1 мамыр - Бірлік күніне орай «Бірлігіміз жарасқан біз Тәуелсіз Қазақстанбыз!» бейнебаян дайындалып, оқушылар мерекемен құттықтаулар оқыды. 1 мамыр Халықаралық бірлік күніне орай «Ынтымағы жарасқан біз Қазақстанбыз!» онлайын отбасылық шара ұйымдастырылды. 9 мамыр -Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Сарғайсада тарихтың ақ парағы, бұл күндер мәңгі есте сақталады» атты видеоролик жасақталып, челлендж өтті. 15 мамыр - Отбасы күніне орай «Отбасым қуанышым» атты өнерлі Әбиевтер отбасымен онлайн кездесу өтті. 21 мамыр- Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне орай «Өнерлінің өрісі кең» атты құттықтау бейнебаян жарияланды. Мерекемен мекеме басшылары мәдениет қызметкерлерін құттықтады. 31 мамыр - Қуғын –сүргіндер күніне арналған «Мәңгі өшпес отты жылдар» мәдени шара өтті. 1 маусым - Халықаралық балалар күніне орай «Біз бақытты баламыз» онлайн концерт және кітап көрмесі жасақталды. 4 маусым- Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер - тарихы» бейнебаян ұйымдастырылды. 15 маусым Әкелер күніне орай «Әкенің даңқы балаға нұр» атты Құрманғазин Райымбек Қазанғалиұлының отбасының жетстіктері туралы бейнебаян жасақталды. 1 шілде- Домбыра күніне орай «Домбыра –халық жүрегінің айнасы» атты бейнебаян ұйымдастырылды. Бейнебаянға ауыл жастарының құттықтауы салынды. 6 шілде күні «Нұр-сұлтан - жасай бер жайқала» атты бейнебаян өткізілді. 2020-2021 жылғы жаңа оқу жылы қарсаңында, Қайыңды ауылдық округіне қарасты әкімшілік, кітапхана, клуб ұжымдары бірлесе отырып, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көп балалы отбасының балаларына спорттық киімдер алынып берілді. 16 шілде -«Мемлекеттік Рәміздер Тәуелсіздік белгілері» тақырыбында бейнебаян өткізілді. Бейнебаянда рәміздердің шығу тарихы туралы мағұлмат берілді. 5 тамыз күні «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Ойыл аудандық орталық кітапханасының «ТҰЛҒАЛАР МЕКЕНІ» жобасы бойынша «Шағатай хазірет» тұлға туралы бейнебаяан жасақталды. 12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай «Ел тірегі жастар» атты бейнебаян дайындалды. Жастар өз тілектерін арнап, өлең жолдарын оқыды. 30 тамыз -Конституцияның 25 жылдығына орай «Ата заң – алтын тұғырымыз» атты онлайн шара. Мерекелік құттықтау мен жастарымыз Ата заңға арнап өлең шумақтарын оқыды. 5 қыркүйек Тілдер күніне орай «Ұлт тілі - ұлының үні» атты бейнебаян өтті. Тіл туралы мағұлымат берілді. 13 қыркүйек - Отбасы күніне орай «Ең тамаша отбасы» атты бейнебаян Алмановтар отбасымен түсірілді. Мерекелік құттықтауларын жолданды. 1 қазан –Қарттар күніне орай «Қарттар – алтын қазығымыз» атты онлайын бейнебаян жасақталды. Қарттарымызға ауылымыздың әкімі мен клуб, кітапхана ұжымы сый –сияпаттарын таратып, құттықтады. 6 қазан «Мүмкіндігі шектеулі жандар» күніне орай кітапхана, клуб бірлесе отырып «Жақсылық сыйла, қайырымдылық көмек» шарасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды құттықтап сыйлықтар берілді. 14 қараша - күні Ақжар ауылдық клубы мен Ақжар модельді ауылдық кітапханасы бірлесе отырып, «Теңге – Тәуелсіздік белгілері» атты бейнебаян жасақталынып, теңгенің шығу тарихы айтылды. 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы және Ел мұраты» атты бейнебаян жасақталып, кеңінен мағұлмат берілді. 16 желтоқсан–Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Ауылымыздың әкімі халыққа мерекелік лебізін білдіре отырып, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосып жүрген мекеме қызыметкерлері мен шаруа қожалықтарына алғыс хаттар табысталды.
Көркейту, көгалдандыру бойынша: Облыс әкіміінің жыл сайынғы «Облыстық елді мекендерде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізу туралы» қаулысын орындау мақсатында, ауылдық округтің елді мекенінде көктем-күз айларында санитарлық тазалық сенбіліктері өткізілді. Тазалық айлығына 10 мекеме, 305 адам, 3 техника қатынасты. Тазалық айлығы кезінде 620 тонна күл қоқыс сыртқа шығарылды. 9 - мамыр қарсаңында Ақжар ауылындағы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болғандар ескерткішіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мекемелердің айналасы тазартылып, тал түптері ақталып, қоршаулары сырланды. Округтегі «Жастар саябағы» тазартылып, ішіндегі отырғыштар мен үстелдеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңадан баннерлер орнатылды. Округ аумағында 16733 шаршы метр алаң қоқыстардан тазартылды. Бұрынғы егілген талдар уақытылы әктеліп, қоршаулар қайта сырланды. Сенбілік кезінде 34 түп ағаш түрлері отырғызылды. Ақжар, Көсембай елді мекендеріндегі шамдар жаңартылды. Биылғы жылы Көсембай елді мекені тұрғындарына орталықтандырылған ауыз су құбыры пайдалануға берілді. Саралжын - Ақжар бағытындағы көтерме жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттары жасақталды.
Ауылдық округтегі салық төлемдері бойынша мүлік және жер салықтарынан – 38271 теңге, жеке кәсіпкерлерден түскен жалдау ақысы 1 желтоқсанға 33000 теңге, көлік салығы жоспар бойынша 924650 тенгенің 1 желтоқсанға дейін 358070 теңгесі немесе 67,5 пайызы жиналды. Ауыл тұрғындарын жеке көліктерінің салықтарын кешіктірмей төлеу керектігін ескертілді. Көлік салығының жоспарын орындаудың шаралары алынуда. Алдағы уақытында салық төлеуден бас тартып жүргендерге заңды шарасын алу үшін жұмыстар жасайтын боламыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысына сәйкес, ауылдық округте қазіргі таңда 20 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2020 жылы ауылдық округ бойынша 477 мемлекеттік қызмет көрсетілді оның барлығы да электрондық түрде көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында округте іс-шаралар жоспары құрылып, қажетті ақпараттар орналастырылған ақпараттық стенд орнатылды. Округте ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызметтер алуына жағдай жасалынып, мемлекеттік қызмет алушылардан ешқандай арыз шағымдар түскен жоқ. Барлық қызмет мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша жүргізілді. Әкімшілікте өзіне-өзі қызмет көрсету орыны жасақталған. Ауыл тұрғындары қажетті құжаттарды алып тұрады.
2020 жылы заңды және жеке тұлғалардан барлығы 34 өтініш түсіп 22 қанағаттандырылып, 7 түсіндірілді. Ауыл әкімінің жеке қабылдауы бойынша 5 өтініш тіркеліп тиісті орындарға жіберіліп, қабылдауда болған азаматтарға жауаптары берілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шеңберінде Қайыңды ауылдық округінде мекеме басшылары арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп, Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөнінде жоспар жасалынды. Қайыңды ауылдық округінің орталығы Ақжар ауылы Мектеп көшесі № 6 мекенжайда діни экстремизм мен терроризмге қарсы сипаттағы банер орналастырылған. 2020-2021 оқу жылында Саға мектеп-балабақшасы бойынша 9 сынып оқушыларымен «Дінтану негіздері» курсы жүргізіледі. Курсты тарих пәнінің мұғалімі Т.Дүйсенғалиев жүргізеді. Мұғалім тарих пәнінің мұғалімі, қосымша дінтану курсын оқыған. Мектептердің психологтары 8-9-10-11 сынып оқушылары арасында «Терроризм актісінің қаупі төнген жағдайда немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы мінез-құлық дағдысын анықтау» бойынша сауалнама алынды. Мақсаты: терроризм жасалған жағдайдағы мінез-құлықтың алдын-алу. 10 қаңтар күні Саға мектеп бала–бақшасымен бірлесе отырып, «Діни экстремизм терроризмнің алдын алу» мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. 24 маусым күні «Ислам діні–ұлт тірегі» атты бейнебаян жасақталынды. 5 қазан күні «Тәрбиеде имандылық иірімдерін қолдау» атты бейнебаян жасақталды. 20 қаңтар күні Саға мектеп бала –бақшасында «Сыбайлас- жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі» атты 7-8 сынып оқушылар арасында адалдық сағаты өткізілді. Адалдық сағаты барысында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында видео ролик көрсетіліп, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында слайд көрсетілді. 10 маусым күні «Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуын шектейтін қауіпті індет» онлайын виртуалды ақпарат жасақталды. 10 тамыз күні кітапхана оқу залында «Жемқорлық – адалдықтың қас дұшпаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы ҚР заңы, әдебиеттер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша мағұлматтпар ұсынылды. 28 қазан күні кітапхана оқу залында оқырмандарды ақпараттандыру мақсатында «Сыбайластық-жемқорлыққа тура жол» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге мерзімдік басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар мен дәйек сөздер, кітаптар қойылды. 22 қазан «Дін және қоғам» тақырыбында ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары арасында кездесу өтті. Облыстық «Нұр Ғасыр» орталық мешітінің бас имамы Смағұлов Нұрбол Берікболұлы ауыл тұрғындары мен оқушылармен кездесті. Ақжар ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Г.Мұханбетқалиева 9-11 сынып оқушылары арасында «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу сағатын ұйымдастырды. Кездесуге «Шағатай - Хазірет» мешітінің имамы Алманов Қайырғали Арынғазыұлы және дінтану пәнінің мұғалімі Т.Дүйсенғалиев діни экстремизм туралы мағлұмат беріп өтті. Ақжар ауылдық клубы мен кітапханасында 2020 жылдың бірінші тоқсанында «Діни экстремизм терроризмнің алдын алу» тақырыбы бойынша әңгіме сағаты өткізілді. Екінші тоқсанда «Дін мен дәстүр бірлігі - ұлт болашағының кепілі» атты ауыл тұрғындарына парақшалар таратылды. Үшінші тоқсанда «Шағатай хазірет» мешітінің имамы Қ.Алманов кітап оқырмандарына «Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі» атты дәріс оқыды. Төртінші тоқсанда «Тәрбиеде имандылық иірімдерін қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қайыңды дәрігерлік амбулаториясының фельдшері Аққошқарова Райхан Құрлысқызы денсаулығымызды сақтау және ауырған кезде дәрігерге хабарласау кереке екенін айтты. Зейнеткер Набиева Мағрипа өз денсаулығымызды сақтау үшін көпшілік жерлерге бармауға, далаға шыққанда бет берде киіп жіруді, қолымызды жие –жие сабынды су мен жуу туралы мағұлымат берді.
Учаскелік инспектормен бірлесе отырып, ауыл тұрғындарымен және жастармен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Алматы, Ақтөбе қалаларынан келген теологтармен және имамдармен бірлесіп кездесулер өткізіліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді. 2020 жылы сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.
Жыл ішінде атқарылған және атқарылуына белгілі себептер соның ішінде қаржы мәселесі қиындық келтіріп отырған жұмыстардан жіберілген кемшіліктерді саралай келе әкімшілікке айтылған талап, тілектерді ескере отырып, алдағы уақытта төмендегідей мәселелерді шешуге ұйтқы болу, қызмет ету жоспарланып отыр:
- Ақжар-Саралжын бағытындағы көтерме жолды жөнге келтіруге ықпал жасау;
- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатқа Ақжар ауылындағы орталық көшелерге асфальт салу;
- Округ орталығы мен ауылдарда халыққа қызмет көрсететін орындар ашу;
- Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында ауылдық округте жаңа кәсіпкерлерді анықтау және оларға қолдау көрсету;
- Ауыл тұрғындары әсіресе ауыл жастары арасынан әр түрлі кәсіпкерлікпен
айналысу үшін, несие алуына көмек көрсету және ұйымдастыру;
- Ақжар, Көсембай ауылдарында жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін демалатың орындар мен шағын ойын аландарымен баркауттар орналастыруды;
- Көсембай ауылына диодтық жарық беру шамдарын орналастыру;
- Қыс мезгілінде Ақжар, Көсембай көтерме жолының қар ұстау қауіпі бар жерлеріне тал отырғызу;
- Ауыл шаруашылыға саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын жүзеге асыру;
Округтегі әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларды шешуге аудан әкімшілігі ұдайы көңіл бөліп отырады.
Біз өз жұмысымызды аудан әкімдігі мен оның бөлімдерімен тығыз байланыста жасайтын боламыз.
Округ тұрғындары жылды жақсы, табысты аяқтауға бір кісідей ат салысады деп сенемін.
Біз бүгін алдымызға күрделі міндеттер қойып, әрқайсымызға белгілі алға қойған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін барлығымыз бірлесіп ат салысуымыз қажет, себебі болашақтың іргесін бірге қалау барлығымыздың міндетіміз болып табылады.
Дана халқымызда «Игілік басы - ынтымақ» деген қанатты сөз бар.
Осы уақыт аралығында Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында көптеген жұмыстар атқарылды.
Алда да, белгіленген жоспарларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырамын.
Қайынды ауылдық округінің әкімі
И.Т.Косдаулетов