Көптоғай ауылдық округінің әкімі Е.Б.Асылбаевтың 2020 жылғы ауылдың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы

Көптоғай ауылдық округінің әкімі Е.Б.Асылбаевтың 2020 жылғы ауылдың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы

       Көптоғай ауылдық округі бойынша 2020 жылы аудан әкімінің қатысуымен ауыл тұрғындарымен өткен кездесулерде берілген тапсырмалар бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.

  • Ойыл-Көптоғай бағытына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
  • Көптоғай – Қарасу арасындағы өзен өткеліне көпір салынды
  • Қарасу, Шұбарши елді-мекендеріне белайн ұялы байланыс жүйесі тартылу үшін мұнара қондырылды.
  • Аманкелді елді мекеніне мұнара қойылып, кисел байланыс желісі орнатылды, ауыл тұрғындарының тілегі орындалып, байланыс операторы мен интернет желісі іске қосылды.
  • Көптоғай ауылдық округіне шағын футбол алаңы жасақталды.
  • Тамдыкөл суландыру жүйесінің су бөгеттерін жөндеу жұмыстары жүргізілді.
  • Аманкелді, Қарасу, Шұбарши елді-мекендерінің қараңғы көшелеріне жарық шамдар орнатылды.
  • Аманкелді, Шұбарши, Қарасу ауылдарының жанындағы күл-қоқыс төгетін орынның айналасы тазартылып, тегістелді.
  • Көптоғай ауылдық округі жанындағы күл-қоқыс төгетін орынның айналасы тазартылып, қоршаумен қоршалды.
  • Кәсіпкерлердің көмегімен ағаш отын, мал азығы мүмкіндігі шектеулі және жалғыз басты азаматшалардың отбасына қайырымдылық көмек ретінде түсіріліп берілді

    Елімізде  жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Ауыл тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау үшін санитарлық эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып бар күш жігерімізді біріктіріп ерікті жастарымызбен бірге республикалық «Біз біргеміз» акциясына жұдырықша жұмыла үлес қосылды.

  • Көптоғай ауылдық округінің 1986 жылы дүниеге келген азаматтарының атынан Қабиев Нұрбек пен Сатығалиев Бақсиық ауылдық округ әкімдігіне келіп, 200 шт медициналық бетперде мен 200 шт медициналық қолғап әкеліп қайырымдылық көрсетті. Округтегі аз қамтылған, көп балалы отбасыларға бетперде мен қолғап тегін таратылып берілді.
  • Ауыл азаматшасы ісмер Қабиева Салтанат 50 шт бет перде тігіп әкеліп көп балалы отбасыларға қайырымдылық көрсетті.
  • Көптоғайдағы 1975 жылы туылған ауыл азаматтары үш отбасыға 25 мың теңге көлемінде азық түлікпен қолдау көрсетті.
  • Қашықтан оқуға көшкен кезде Құрман орта мектебінің оқушысы Елдос Асқарұлының сынып жетекшісі Базарова Роза Омарқызының қолдауымен Ақтөбе қаласында тұратын Асқардың сыныптас құрдасы Базаров Өмірбек Омарұлы өз отбасының атынан көмек беріп, балаларға сабаққа дайындалу үшін А10 маркалы смартфон сыйға тартты.
  • Қайырымды жандар қатарын 1976 жылы туылған азаматтар толықтырып, көпбалалы Мамаев Самғаттың балаларына сабаққа дайындалу үшін Ү5 маркалы екі смартфон жеткізіп берді.
  • Көптоғай ауылының жастары атынан көпбалалы ана Сарина Зинегүлдің балаларына қашықтан оқуға жағдай жасалып, ұялы телефон самсунг галакси J2 коре маркалы смартфон сыйға тартылды.
  • Республикалық акцияны қолдау мақсатында ауылдың 1999 жылы дүнеге келген жастары көпбалалы отбасы Мысағалиев Ерболдың отбасындағы оқушы балаларының сабақ оқуына арнап ұялы телефон самсунг сыйға тартты.
  • «Біз біргеміз» республикалық акцияны қолдау мақсатында Ақтөбе қаласында тұратын, ауылдан кезінде қоныс аударған, жақсы ағалардан да қолдау сезілді. Нысанбаев Нұрлан жолдасы Ізбасарова Гүлзадамен отбасыларының атынан Қитан Мақсот пен Скакова Базаргүлдің отбасына азық-түлікпен қолдау көрсетті.
  • Қайырымдылық көмек жарияланбай, жарнамаланбай жасалу керек деп өздерінің атын атаудан бас тартқан кәсіпкерліктер де кездесіп, Меңгереев Аманкелді, Нығыметов Асқар, Жолдаев Ерген, Әлмұханова Мейрамгүл, Мусина Гүлжан, Қашқынова Балқұйған, Тағыбердиева Моншақ, Изимова Бағила яғни округтің 8 аз қамтылған, көп балалы отбасына 100 кг ет таратып, игі іс жасап, тұрғындардың алғысын алды.
  • Рамазан айында қайырымдылық жасау үлкен сауапты іске жатады деп Көптоғай ауылының 1987 жылы туылған қазіргі таңда қалада тұратын, азаматтары арнайы ат басын ауылға бұрып, 8 жалғыз басты аналарға, аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созды. Олар: Имангалиева Гүлдана, Алмұханова Мейрамгүл, Скакова Базаргүл, Төлеуова Рая, Жолдаев Ерген, Меңгереев Аманкелді, Қошқаров Молдабай, Жумин Нұрлан.
  • 1993 жылы туылған азаматтар да қолдан келген көмектерін беруден аянып қалған жоқ. Жұдырықтай жұмыла кірісіп, ауызбірлік танытып, ауылдың аз қамтылған отбасыларына және жалғыз басты аналарына көмек қолын созды. Туған жер алтын бесігінен алыста жүрген азаматтар да қаржылай көмектерін көрсетті. Жеке кәсіпкер Шегіртқалиев Сатыпалды өз атынан үш отбасыға бөлек азық – түлік апарып берді.

    Ауылдық округте «Асар» қайырымдылық акциялары  жүйелі түрде ұйымдастырылып отырады. Тыл ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі ауыл тұрғындарына мереке күндері азық-түлік себеті беріліп отырады.

    Білім саласы

    Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту саласында «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы қызмет етеді. «Айгөлек» бөбекжай-бақшада 40 бала тәрбиеленуде. 2020 жылдың 1 маусымы балаларды қорғау күнінде жеке кәсіпкер Өмірғалиев Әлібек 30 000 теңгеге, Әліп Гүлжамал 30 000 теңгеге демеушілік жасады.

     Жалпы округ бойынша 2 орта мектеп, 2 негізгі мектепте 494 оқушы білім алуда. Құрман орта мектебіне биыл күрделі жөндеу жұмысы жасалды.

 Биылғы жыл шектеу шараларына байланысты «Зерде» ғылыми жоба байқауы, үштілділік «Дарын» олимпиадасы, «Абай», «Шәкәрім» оқулары, «Ақберен» байқауына, «Ақбота», «Кенгуру» олимпиадаларына онлайн қатынасып жүлделі орындар алды.

    Округ мектептерінде ақылы және ақысыз үйірмелер жұмыс жасайды.Спорт мектебі жанынан ашылған күрес үйірмесі бар. Сабақтан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану 90% құрайды.

     2020 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 1973 жылы туылған Көптоғайлық азаматтар Құрман орта мектебінің акт залының терезелері мен сахнасына 250 000 теңгеге заманауи перде сыйға тартты.  

    1978 жылғы туылған азаматтар Құрман орта мектебіне 4 шкаф тарту етті. Бағасы 100 000 тг.

    Медицина саласы

    Бұл сала бойынша Көптоғай ауылында күндізгі стационарлық амбулатория, Аманкелді, Қарасу, Шұбарши елді мекендерінде мекеме ғимараты жаңа, жылуы қалыпты МП жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта ауылдық амбулаторияға жаңа ғимарат қажеттілігі туындап отыр және алдағы уақытта шешіледі деп жоспарлануда.

    Ағымдағы жылы дүниеге келген бала саны 42, қайтыс болғандар саны 7 адам. Диспансерлік тіркеу бойынша науқастар әр түрлі сырқат бойынша тіркеуде тұрады. Әр ай сайын  тегін дәрі-дәрмектерін әкеліп беріледі. Биылғы жылы 2 432 176,99 теңгеге тегін дәрі-дәрмектері берілді. Үлкен жастағы адамдарға әр жас бойынша АДСМ екпелері толық жасалды. 0-5 жас аралығындағы балалар уақытылы екпелері алынды. Екпе алдыруда ешқандай қарсылық жоқ. Балаларды жоспарлы түрде тексеруден өткізіп тұрады. Саламатты Қазақстан жылжымалы рентген көлігі келіп, Аманкелді, Шұбарши, Көптоғай, Қарасу ауылдарында болып, көктем және күз айларында округ бойынша барлығы 972 адамға рентгеннен өту жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік әлеуметтік міндетті сақтандыру туралы халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Ауылды абаттандыру мақсатында атқарылған жұмыстар

     Ауылды абаттандыру мақсатында Ойыл-Көптоғай көтерме жолының жиегіне 1 га жерге тал егілді. Амангелді елдімекеніне саябақ салынып, 100 түп ағаш отырғызылды. Көптоғай ауылының күн батыс бетінен келер көктемге шағын саябаққа орын дайындалып, қазіргі таңда қоршауы жасалып тұр. Облыс әкімінің жыл сайынғы «Облыстық елді мекендерде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізу туралы» қаулысын орындау мақсатында, Көптоғай ауылдық округінің елді мекенінде көктем-күз айларында санитарлық тазалық сенбіліктері өткізілді. Тазалық айлығы кезінде 1500 тонна күл-қоқыс сыртқа шығарылды. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы 9 мамыр қарсаңында Көптоғай ауылындағы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болғандар ескерткішіне ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Мекемелердің айналасы тазартылып, тал түптері ақталып, қоршаулары сырланды.  

    Округте туылған балалар саны – 42, қайтыс болған адам саны – 7. 2020 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын 35 отбасы бар. 75 адам ақылы қоғамдық жұмыста болды, 13 жас маман жастар тәжірибесінен өтті. 92 ауыл жастары мен студенттері жасыл елде жұмыста болды.

Округ бойынша 2 ЖШС, 56 шаруа қожалығы бар. Биыл ешқандай шаруа қожалық жабылған жоқ. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алушылар тізімі: Төлебаева Таңшолпан, Адайбаева Жаңылсын, Төлеубаев Нұрзат, Сидақова Жанат, Әбдірзақова Сәндігүл, Азанова Жаңылсын, Сағынғалиева Ира, Сарина Зейнегүл, Байқуатова Бағдат, Алмуханова Рима, Қаби Назгүл, Әбдіғалиева Нұргүл, Қалыбаева Жансая, Байнашова Назымгүл, Жауымбаева Элеонора, Гайсина Аңсаған мал шаруашылығы үшін 555 000 қайтарымсыз грант алды. 2020 жылы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде несие алғандар тізімі: «Аққұбай» ШҚ, Тайбурин Қази Әлімұлы – 14 800 000 тг; «Идеят» ШҚ, Амиров Тилекбай Идеятуллаевич – 11 600 000 тг; «Жұмырбай-Базарбай» ШҚ, Асылбаев Аслан Базарбаевич – 21 000 000 тг; «Наби» ШҚ, Набиев Дәурен Саматұлы – 4 000 000 тг; жеке кәсіпкер Бексұлтан, Мусаев Алмат Нұрланұлы – 2 500 000 тг; жеке кәсіпкер Артықбаев Думан – 1 700 000 тг; жеке кәсіпкер Шаутенов, Шаутенов Нұрболат – 2 000 000 тг; жеке кәсіпкер Қайрат, Скаков Аманкелди Есказыулы – 1 500 000 тг; жеке кәсіпкер Султан, Кабиева Салтанат Орынбасаровна – 1 700 000 тг; «Саят» ШҚ, Абишкалиев Асхат Битималиевич – 3 200 000 тг мал басын өсіру мақсатында несие алды.

    Округте ауыл шаруашылық саласы бойынша атқарылған жұмыстар:

    Сарып ауруын тексеру барысында 8914 МІҚ малынан қан алынып, оның 45-сі, 29000 қой- ешкіден  қан алынып, оның 28-сынан сарып ауруы бар екені анықталған. Құтырыққа қарсы  600 бас МІҚ, 500 бас қой-ешкі, 24 бас жылқы егілді. Сібір жарасына 6500 бас МІҚ, 24000 қой- ешкі, 1100 бас жылқы, 35 бас түйе егілсе, қарасанға қарсы 4800 бас МІҚ егілді.                                                                             

    2020 жылға сарып ауруына шыққан 45 бас-МІҚ сойылып жойылды, сарып ауруына шыққан 28 бас қой-ешкі Ақтөбе қаласындағы арнайы мал сою алаңына тапсырылды.

    Округ аумағының мүйізді ірі қара малдары арасынан нодулярный дерматит ауруына 6500 МІҚ малдар ауруға қарсы егілді. Пастереллезге қарсы 2500 бас қой-ешкі, 3250 бас МІҚ малы егілсе, туберкулезге қарсы 7245 бас МІҚ малы егілді. Маңқаға қарсы 600 бас жылқы.

     Барлық малдар сырғаланып, деректік базаға енгізілді. Жылқы малдарын таңбалау жұмыстары жүргізілуде.

400 бас жылқы таңбаланды. 48 қаңғыбас ит жойылды.

Бірдейлендіру, деректер базасына мәлімет енгізу, шаралары бойынша жыл басынан бүгінге дейін 1580 бас-МІҚ; 11300 ебас қой-ешкі; 350 бас жылқы, 5 түйе малы бірдейлендіріліп компьютерлік базаға енгізілді.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2015 жылғы 9 ақпандағы №45 қосымша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілді. Осы тізіліммен бүгінгі таңда Көптоғай ауылдық округ аумағында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 728.

    «Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Сенім телефоны» жұмыс жасайды. Округ тарапынан ауылдарды аралау кезінде және үнемі ауыл тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп келеді.

    «Ветеринарлық анықтама беру» бойынша Ойыл аудандық ветстанциясының Көптоғай ауылдық округіндегі ветеринарлық бекет арқылы жыл бойына 896 қызмет көрсетілген. Жалпы 2020 жылы кіріс құжаттар саны – 460, шығыс құжаттар саны – 386, жыл ішінде ауыл әкіміне барлығы 23 өтініш келіп түсті. Ауыл әкімінің жеке қабылдауында 5 өтініш қабылданып, түсіндірілді, жеке тұлғалардың 15 өтініші қаралып, қанағаттандырылды. Ал заңды тұлғалардан 3 өтініш түсіп, қанағаттандырылды. 2020 жылы қабылданған құқықтық нормативті актілердің жалпы саны 107 өкім, оның 78 негізгі құрам бойынша, ал 29 жеке құрам бойынша. Көптоғай ауылдық округі әкімінің шешім саны – 20.

           Жергілікті салықтар бойынша орындалуы

       Салық базасы-жергілікті бюджет кірістерінің бір бағыты салық түсімдері. Бұл бағыт бойынша жеке кәсіпкерлердің табыс салығы, жер, мүлік, көлік салықтары түседі.

     2019 жылы жер, мүлік, көлік салығы 100 % орындалды.

           Алдағы жылдары атқарылатын жұмыстар:

1.Көптоғай ауылдық әкімдігіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

2.»Туған жерге тағзым» акциясының округте іске асуын жандандыру;

3.Көптоғай ауылына шағын хоккей корт алаңын салу;

4.Аманкелді елдімекеніне шағын футбол алаңын салу;

5.Шағын және орта бизнесті дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды орындау және халыққа қызмет көрсету нысандарын ашуға ықпал ету.

 

 

 

Көптоғай ауылдық округінің әкімі:                        Е.Асылбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 декабря 2020