Қараой ауылдық округінің әкімі А.У.Султановтың 2020 жылғы ауылдың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер туралы есептік баяндамасы

Қараой ауылдық округінің әкімі А.У.Султановтың 2020 жылғы ауылдың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер туралы есептік баяндамасы

 

Жыл басында әр саладағы атқарылған жұмыстарды, қол жеткізген көрсеткіштерді саралап, қорытындылайтын дәстүр бар.

Қоғамдастық кеңес мүшелерімен,  жалпы халықпен алты айдың және он екі айдың қорытындысы бойынша жиындар өткізіліп, атқарылған және алда атқаратын жұмыстарды талқылап, халықтың ой-пікірін ауылымыздың әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткішін, нәтижелі жұмыс жасау барысында қандай мәселелер барлығы талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы   және Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «2020 жылды Еріктілер жылы»  деп жариялауына орай іс-шаралар жоспары, ауылымыздың белсенді азаматтары және жастардан  арнайы жұмыс тобы құрылды.

Жолдауда заман талабына сай мемлекет қалыптастыру мәселесіне басты назар аударылды. Президенттің ұстанымы – Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртуға басымдық беру арқылы экономикалық реформадағы табыстарды қамтамасыз ету. Мұндай даму жолы «Күшті Президент – ықпалды Парламент, есеп беретін – Үкімет» формуласы негізінде іске асырылуда. Оның нәтижесі мемлекет тұрақтылығының кепілі болмақ.

 

  1. Білім саласы.

2020-2021 оқу жылы Қараой мектеп – балабақшасы «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде құны 50716,8 мың теңге қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша іске асыру бойынша Қараой мектеп – балабақшасы жанындағы бала бақшаға 4987,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2020-2021 оқу жылында Қараой мектеп – балабақшасы жанындағы бала-бақшада карантиндік талаптарға сәйкес барлығы 20 бала тәрбиеленіп отыр.  Оның ішінде үлкен топта – 10 бала, кіші топта – 10 бала. Мектептің сыйымдылығына сәйкес келмеуіне байланысты мектеп алды даярлық тобында 15 бала WhatsApp желісі арқылы үйден білім алуда. Барлығы 5 тәрбиеші, 1 әдіскер және 13 кіші қызметкерлер жұмыс жасайды. Жалпы саны - 19. Бірінші санатты тәрбиешілер -1, екінші санатты тәрбиешілер - 4.       

2019-2020 оқу жылын 178 оқушы аяқтады.  Жалпы білім сапасы - 57%. 178 оқушының   43- үздік – 45 екпінді қатарында. Сонымен  бірге 9 сыныпты-16 оқушы, 11 сыныпты – 2 оқушы аяқтады. 11 сыныптың 2 оқушысы да ҰБТ-ге қатысты. Оның ішінде 1 оқушы, яғни Жауметова Зарина алтын белгі алды. ҰБТ тапсырған 2 оқушы да грант иегерлері. 9-сынып оқушысы Абылова Ақжан «Үздік аттестатпен»  аяқтады. Қараой мектеп – балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектептің 113 терезесі заманға сай пластикалық терезелерге ауыстырылып, едендері алынып қатты төсенішке ауыстырылды. Кабинеттердің (Химия, биология кабинеттерінен басқа) барлық парталары жаңартылып, ауыстырылды.

Қараой мектеп – балабақшасында 2020-2021 оқу жылында 192 оқушы білім алып жатыр. 11 класс  комплектісі бар, ұлы – 105, қызы – 85. Оның ішінде:

1-4 класс аралығында – 82 оқушы

5-9 класс аралығында  - 92  оқушы,

10-11 класс аралығында -18 оқушы бар.

 

Кадр мәселесіне келетін  болсақ  мектебімізде 35 мұғалім мамандығы  бойынша  жұмыс  жасайды. Оның  32 жоғары білімді, 3 арнаулы орта білімді мұғалімдер. Мұғалімдердің  педагог – зерттеуші - 5, педагог – сарапшы – 6, педагог – модератор – 8, бірінші санатты -5, екінші санатты – 7, санаты жоқ – 4.

Оқу тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны қолдану және ең тиімдісін таңдай білу мұғалімнің шеберлігін айқындайды. Жаңартылған  курс бойынща 90℅. Аудандық, облыстық, республикалық деңгейде өткен ғылыми конференция, семинар, педагогикалық байқауларға қатысып ұстаздарымыз жүлделі орындар мен сертификаттарға ие болды және іс-тәжірибелерін таратып облыстық, республикалық, педагогикалық басылымдарға баяндама жинақтары енді.

Мектепте 4 ақылы, 10 ақысыз үйірмелер жұмыс жасайды.  Сабақтан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін 161 оқушы  яғни  90 % -ы қамтамасыз етіліп отыр.  

 

2021 жылға арналған міндеттер:

  • Ауыл мектебіндегі оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, материалдық-техникалық базасын нығайту;
  • Облыстық, аудандық деңгейде өткізілетін пәндік олимпиадаларда оқушылардың жетістігін көбейту, шығармашылық белсенділігін арттыру;
  • Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жетілдіру;
  • Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық шараларын алдын алу;
  • Қоғам өміріне бейім, жоғары мәдениетті, зерделі тұлғаны қалыптастыру.
  • Білім беру сапасын жоғары деңгейге көтеру.

 

  1. Денсаулық саласы.

Бұл сала бойынша ауылда күндізгі стационарлық амбулатория, Құбасай елді мекенінде ФАП жұмыс жасайды.  Мекеме ғимараты жаңа, жылуы қалыпты, тоқпен жылытылады. 2020 жылы Қараой ауылдық дәрігерлік амбулаториясына су жаңа медициналық жедел жәрдем автокөлігі берілді. Қазіргі уақытта ауруханаға бас дәрігер қажеттілігі туындап отыр.

Ағымдағы жылы дүниеге келген бала саны - 18, қайтыс болғандар саны - 4 адам. Диспансерлік тіркеу бойынша 60 науқас әр түрлі сырқат бойынша тіркеуде тұрады. Халықтың флюрографиядан өтілуі толық қамтылды.

Салауатты өмір салтымен өмір сүру және аурудың алдын алу мәселелері бойынша, ауыл тұрғындарына COVID-19 әлемді белең алған ауруды жұқтырмау үшін, алдын ала түсінік жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, тренингтер өткізіліп, дәрістер оқылып, жадынамалар таратылды.  Мемлекеттік әлеуметтік міндетті сақтандыру туралы халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Округ орталығында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға пандемия байланысты құрылған арнайы мониторингтік топ арқылы түсінік беріліп, санитарлық талаптарды сақтау құрылғылары берілді.

2021 жылға арналған міндеттер:

-Салауатты өмір салтымен өмір сүру және аурудың алдын – алу бойынша халықты ынталандырып, ақпараттануын арттыру;

-Тұрғындардың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мәселелері бойынша жұмыстар жүргізу;

-алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге басым бағыт бере отырып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;

-Материалдық техникалық базасын нығайту;

-Тұрғындарды МӘМС жүйесі бойынша толық қамтамасыз ету;

-Жоғары білімді дәрігер әкелу мәселесін шешу.

  1. Мәдениет саласы.

Округте 1 модельді кітапхана және 1 клуб тұрақты қызмет етеді. Мәдениет қызметкерлері, ауыл жастары, мектеп ұжымымен бірлесе отырып мерекелік жиындар, тақырыптық кештер, мәдени шараларды карантиндік шектеулерге байланысты   онлайн түрде өткізіп отырды. Мәдениет саласында ұйымдастырылған іс – шаралар саны - 22. Ауылдық клубта «Тағылым» аналар клубы, «Алмас қылыш» оқушылар театры, «Айгөлек» қызығушылық клубы,  домбыра үйірмесі және  әр түрлі өнерге баулуға арналған үйірмелер жұмыс жасайды.

Оқушылардың дарынын шыңдау мақсатында «Алмас қылыш» оқушылар театр жұмысын бірлесіп жалғастырды.

Қараой модельді ауылдық кітапханасының кітап қоры - 11457. Оқырмандар саны -  680. 2020 жылы түскен жаңа кітап саны - 333. Мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарттарға жаңа кітаптарды үйлеріне апарып беру және жайлауда мал бағып отырған азаматтарға көшпелі кітапхана қызметін көрсету  ұйымдастырылды.

         2021 жылға арналған міндеттер:

- Ауылдан шыққан,  елге еңбегі сіңген белгілі тұлғаларға арналған  танымдық кештер, кездесулер ұйымдастыру (онлайн);

-халықтың рухани дамуына ұйтқы болып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру;

-тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында үйірмелердің жұмысын жандандыру;

- ауылдық клубта үйірмелер санын көбейтіп, тұрғындарды өнерге баулу;

- материалдық-техникалық базасын нығайту.

 

  1. Дене шынықтыру және спорт саласы

Ауыл тұрғындарын тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылы ауыл тұрғындарының 33,5%-ы яғни 415 адам жаппай спортпен айналысатындарды құрады.

2021 жылға арналған міндеттер:

-бұқаралық дене шынықтыру және спортпен айналысушылардың санын арттыру;

 -халық арасында  салауатты өмір салтының  қалыптастыруына жағдай жасау, ынталандыру;

-ұлттық спорт түрлерін дамытуға ықпал ету;

-спорттық секциялардың санын көбейту, аула клубын ашу.

 

  1. Жастар саясаты.

Тұңғыш Елбасымыз 2020 жылды «Еріктілер» жылы деп жариялады.

Округтегі тіркелген жастар саны - 250. Оның ішінде студент - 78, оқушы – 76,  жас отбасы - 50,  толық емес отбасы - 17,  мүмкіндігі шектеулі жас-1.  200 жас жұмыспен қамтылып 50 жас өзін өзі жұмыспен қамтуда. Әскер қатарындағы жастар саны - 3.  Басшылық қызметтегі жастар саны-4. Мемлекеттік қызметте – 2. Бюджеттік мекемеде қызмет жасайтын жастар саны – 30, кәсіпкерлік саласындағы жастар саны – 9. «Бастау бизнес» жобасы  бойынша 1 жас оқып, 505 мың теңге грант иегері атанды. Округ орталығынан «Food point» тез дайындалатын тамақтану нүктесін ашты.

Жастар тәжірибесі бойынша 9 жас, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 200 жас жұмысқа тартылды.

2020 жылдың 14-қаңтарында Еріктілер жылына орай «Қолқанат» еріктілер тобы құрылды. Ауыл жастары ұйымшылдығын көрсетіп, ауыл тұрғындарының, соның ішінде жалғыс басты қарт кісілерге үй тазалықтарына бірлесіп көмек көрсетілді. Сонымен қатар, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ауылдық клубта, үстел теннисі, мектепте волейбол, үстел теннисі, хоккей мұз айдыны, тренажерде жаттығулар, домбыра үйірмелері карантиндік талаптарды сақтай отырып, әр апта сайын ұйымдастырылып отырды.

2021 жылға арналған міндеттер:

       - Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, жастарды патриоттық тәрбиелеуге, еріктілік қозғалысын дамытуға, ауылдың жұмысшы жастарын қолдауға бағытталған жұмыстарды жүргізу;

-Кәсіптік білім алуына бағыт бағдар беру.

 

 

  1. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша УПИ полиция қызметкерімен және бекітілген кестеге сәйкес мекеме басшыларымен «Түнгі көше» рейдтері ұйымдастырылды.

Қараой мектеп – балабақшасында, «Құқық бұзушылықтың алдын алу ақпараттық түсіндіру» кеңесі құрылып, құрамы бекітілді.

2020-2021 оқу жылына арналған құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жылдық жұмыс жоспары мен іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді.

Қыркүйек айында оқушыларды «Бала құқығы туралы конвенсиямен» таныстырып, түсіндіру ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді және барлық сыныптарды «Мен және менің құқығым» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Сонымен қатар, мектеп оқушыларының және ауыл жастарының ішінде кәмелет жасқа толмағандардың  мезгілсіз уақытта көшеде жүрмеуін қадағалау мақсатында мектепшілік және әкімшілік рейдттер уақытылы жүргізіліп отырды. Ауылымыз бойынша жалпы түнгі рейд жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Мектептегі оқушылар мен кәмелетке толмаған ауыл жастарының ата-аналарымен күнделікті кезекшіліктегі жандар тығыз байланыс орнатып отырады. Оқу жылы басында және І,ІІ тоқсан қорытындысы негізінде ата-аналар жиналысын өткізді. Барлық ата-аналармен санитарлық талаптарды сақтау туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қазіргі таңда қосымша онлайн түрде WhatsApp желісі арқылы байланыс орнатып отыр.

Мал ұрлығына жол бермеу, болдырмау мақсатында төмендегідей профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды:

-Жылқы малдарын таңбалау және арнайы қондырғы (GPS) спутник арқылы бақылау құрылғысын алу туралы түсінік жұмыстары жүргізілді;

  • 10 бағытта жазғы мал бағу нүктесі ұйымдастырылды. Мал басына, яғни 1 бас МІҚ 800 теңге, 1 бас қой-ешкі 200 теңге қаржысы көктемгі жиында белгіленді;
  • Округ орталығында 4 бағытта МІҚ малын бағу, 9 бағытта қой бағу кезегі ұйымдастырылды. Оның ішінде 2 бағытта МІҚ, 2 бағытта бұзау бағылады;
  • Ай сайын жоспар бойынша және жоспардан тыс округ әкімдігі мамандары, мәдени қызметкерлер, дәрігерлер, ветеринариялық мамандар, УПИ қызметкерімен бірге мал бағу нүктелерін аралап отырады;

Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында округ орталығына Қазақстан-2030 көшесі және Тәуелсіздік көшесінің қиылысына бейне бақылау камерасы орнатылды.

 

2021 жылға арналған міндеттер:

-заң бұзушылық деңгейін төмендету, заң бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ, оған ықпал ететін себептермен жағдайларды зерттеу және сол бағытта жұмыстану.

 

  1. Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы саласы.

Округ бойынша 30 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Шаруа қожалықтары ауыл тұрғындарына қыстық мал азығын дайындаумен айналысады. Тапсырма 27,5 мың тонна қысқы мал азығын дайындау, орындалғаны 28,0 мың тонна қысқы мал азығы дайындалып тапсырма 101,8% - ға орындалды.

Ауылда 23 жеке кәсіпкер тіркелген. Азық – түлік саудасын 5 кәсіпкер жүргізеді. Осы орайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында меморандум жасалды. Дәстүрлі емес шаруашылықты дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

 «Еңбек»  бағдарламасы бойынша «Ержан-Ж» шаруа қожалығы (басшысы М.Жайгалиев) 4,0 млн теңге және жеке кәсіпкер Досбаев Нұрым 4,0 млн теңге көлемінде несие алып,  жұмыстарын жүргізуде. «Ырыс» шаруа қожалығы (басшысы Жантолы Серікбол) 10,9 млн теңге  ауылшаруашылық техникаларын алды.  Барлығы 18,9 млн. несие алынды.

2 шаруа қожалық  ауыл шаруашылығы тауарларының негізгі түрлеріне бағаның ауытқуын төмендету мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкелерге Ақтөбе қаласына - 2 рет мәрте қатынасып 1,0 млн. теңгенің өнімдерін өткізді.

«Ырыс» шаруа қожалығы (басшысы Жантолы Серікбол) ауыл шаруашылық техникаларын алып ауылдық округке 10,9 млн. теңге инвестиция тартылды.  

2021 жылға арналған міндеттер:

-азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыру;

-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттыру, қолдау және жұмыс ауқымын кеңейту және халыққа қызмет көрсету салаларын көбейту;

 

  1. Егін шаруашылығы бойынша 600 га жерге дәнді-дақылдар егілді. Оның ішінде «Жиенбек» ш/қ (С.Жумабаев) 150 га, «Сатым» АӨК (Ж.Хамзин) 450 га жерге дәнді-дақыл екті. Суармалы бау – бақша бойынша 3 га жерге Қараой мектеп-балабақшасы және тұрғындар көкөніс өнімдерін екті.

 

  1. Ауыз сумен қамтамасыз ету

Қазіргі уақытта орталықтағы 195 тұрғын  үй толық 100% ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ауыз су халыққа тұрақты беріліп отыр. Су ашу – жабу құдықтары уақытында құмнан тазартылып тұрды.

 2021 жылғы арналған міндеттер:

-Құбасай елді мекеніне орталықтандырылған ауыз су құбырын тарту бағытында сұраныс беру;

-«Көкжар» КМК су ғимаратының ауласына бейне бақылау орнату.

-Резервуарларға толығымен тазалық жұмысын жүргізілуін қадағалау;

-Ажыратқыш құрылғыларын ауыстыру жұмыстарын толықтай жүргізу.

  1. Электр желісі

Округ орталығы Қазақстан 2030, Өркениет, Тәуелсіздік көшелеріне (L-720 м) құны 1,0 млнға жаңа үлгідегі 41 диодты фонар орнатылды. Ауыл көшелерінді ескірген екі бірдей трансформатор су жаңа трансформаторға ауыстырылды. Ауыл ішіндегі электр сымдарына кедергі келтіріп тұрған талдар кесіліді.

 

  1. Ветеринариялық шаралар бойынша

Окург бойынша жасалған ветеринариялық шаралар бруцеллезге қарсы 2685 бас МІК, 14000 бас ҰММ, 12 бас жылқы, 10 иттен қан алынды. Құтырыққа қарсы 600 бас МІҚ, 600 бас ҰММ 100 ит, 50 бас мысық егілді. Сібір жарасына 4000 бас МІҚ, 12400 бас ҰММ, 600 бас жылқы егілді. Пастреллезге қарсы 1500 бас МІҚ, 1500 бас ҰММ егілді. Туберкуллезге қарсы 5000 бас МІҚ егілді. Маңқаға қарсы 200 бас жылқы егілді. Қарасанға қарсы 4000 бас МІҚ. Эхинококкозға қарсы 150 бас ит дәрі берілді. Қазіргі таңда Қараой елді мекенінен бруцеллезге байланысты сауықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Шектеу  бойынша бруцеллез 228 бас МІҚ малы анықталып, толық жойылды. 85 тұрғын үйге дезинфекция жасалды.

 

2021 жылғы арналған міндеттер:

-жоспарлы жұмыстармен қатар шаруашылық құрылымдармен, жеке тұрғындармен мал ауруларының алдын алуға , мал тұратын аулаларға қолайлы жағдай жасауға  түсінік жұмыстарын жүргізу;

-мал дәрігерлік шараларды жүргізуге ауыл шетінен мал тоғыту дәрілеу ваннасы, ұсақ малдарды қырқу пунктін салу;

- Ветеринариялық талаптарды, ережелерді сақтау бойынша жұмыстарды жүргізу.

 

  1. Тұрғындардың жұмыспен қамтылуы.

Округтің халық саны - 1200. Экономикалық тұрғыдан жұмыспен қамтылғандар – 712. Өзін – өзі жұмыспен қамтығандар саны – 572. Кәсіпкерлік субъектілер бойынша – 55. Бюджеттік мекемелерде қызмет жасайтындар – 153. 0-5 жас бала саны – 133. Мектеп жасындағы бала саны – 178. 14-29 жастар саны – 250. Ресми тіркелген жұмыссыздар саны – 35 адам 2,9% құрайды.

Округ бойынша зейнеткерлер саны-119. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны – 17. 16 отбасы шартты, 1 отбасы шартсыз. 10 отбасына әлеуметтік пакет тағайындалған. Мүгедектік зейнетақы алатындар саны - 24. Тұрғындардың зейнетақысы, басқа да төлемдері уақытылы әкеліліп отырады. Округте 42 алтын алқалы, 21 күміс алқалы аналар тұрады.

Округтегі өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық.

Бұл бағытта мемлекетіміз қолдау жасап «Жұмыспен қамту 2020  жол картасы» бағдарламасын жасады.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту».  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы  бағдарламаның  2-ші бағыты  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 5 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып, 505 мың теңге қайтарымсыз грант жеңіп алып жеке кәсіпкерлігін тіркеп жұмыстарын бастады.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 200 жас, ақылы қоғамдық жұмысқа 35 адам, барлығы 235 жұмыссыз тұрғындар ауысымдық жұмысқа тартылды.

 

2021 жылға арналған міндеттер:

-кадрларды дайындау бағыттары бойынша мемлекеттік тапсырысқа ауыл шаруашылығы, медициналық мамандықтарға, білім беру, кәсіпкерлік салалары бойынша қайта даярлауға сұраныстар беру көзделуде.

 

  1. Ауылдың санитарлық тазалығы және абаттандыру, көгалдандыру.

15 наурыздан – 15 маусымға дейін 3 айлық және 29 қыркүйектен – 12 қарашаға дейінгі екі айлық тазалық жұмыстары жарияланды. Бірінші жарты жылдықта 600 түп тал отырғызылды. Ауылдың тазалығы басты назарда. Қазіргі уақытта қыстан қалған қоқыстар «Бегалы» шаруа қожалығының демеушілігімен толық тасылды. Тазалық айлығы кезінде тұрғын үйлердегі, көшедегі қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары ұйымдастырылып 130 тонна қалдықтар шығарылды. Иесіз тұрғын үйлердің сыртын, орталық саябақтағы және көшелердегі талдарды әктеу жұмыстары жүргізілде. Жұмыс құны 1300,0 мың теңгеге тұрмыстық қатты қалдықтарды төгетін алаң қоршауы жасақталды, 700 мың теңгеге көшедегі банер, бильбордтар жаңартылып орналастырылды, 500 мың теңгеге «Рухани жаңғыру» стелласы қайта жасақталып айналасы қоршалды. Ауылдың кіре – беріс бөлігіне және Астанаға 10 жыл көшесіне 1700,0 мың теңгеге «Қараой» атауы бар керме орналастырылды. Қазақстан – 2030 көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салуға 2000,0 мың теңге брусчатка сатып алынып, жұмыстары көктем мезгіліне жоспарланды. Қазақстан-2030, Өркениет көшелеріне 1000,0 мың теңгеге соңғы үлгідегі 41 диодты шамдар орналастырылды. Ауыл ішілік жолдарды күтіп ұстау мақсатында «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде құны 112210,0 мың теңге шебен төсеу жұмыстарына 3 көшеге, яғни Қазақстан-2030, Астанаға 10 жыл, Тәуелсіздік көшелеріне жобалау сметалық құжаттары, құны 7000,0 мың теңге тұратын балалар ойын алаңының жобалық сметалық құжаты, ауылдың кіре – берісін жарықтандыру мақсатында құны 5500,0 мың теңгеге заманауи үлгідегі бағаналармен жарықтандыру жобалық сметалық құжаты жасақталды. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін округ орталығына және Құбасай елді мекеніне 927 мың теңгеге дендрологиялық жоспар жасақталды. Көше атаулары, ангшлагтар, жеке тұрғын үйлерге үй номерлері, ауыл ішілік көшелерге жол белгілері 800 мың теңгеге жасалды. Құқық бұзушылықтың алдын – алу мақсатында Астанаға 10 жыл, Тәуелсіздік көшелерінің қиылысына 1000,0 мың теңгеге бейне бақылау камерасы орнатылды.

 

2021 жылға арналған міндеттер:

  • Құбасай елді мекеніне интернетті күшейту мұнарасын қою;
  • Құбасай елді мекені Бейбітшілік көшесіне шебен төсеу жұмыстарына жобалау сметалық құжат жаақтау;
  • Округ орталығына жаяу жүргіншілер жолын жасақтау;

 

  1. 14. Салық базасын кеңейту

       Салық базасы-жергілікті бюджет кірістерінің бір бағыты салық түсімдері. Бұл бағыт бойынша жеке тұрғындардың малдарын бағушылар, елді мекен жерін ауылшаруашылық мақсатында пайдаланып отырған шаруа қожалық төрағалары, кәсіпкерлер, тұрғындар  және  жолаушы тасымалдайтын (такси қызметі) азаматтар да түскен қаражаты есебінен салық төлеп отыр. Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеттің төртінші деңгейі ретінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан енгізілді. Округ бюджетіне 4 бағыт бойынша яғни, салықтық және салықтық емес түсімдер, мүлікті сату және трансферттер бойынша қаражат кірістеледі. Округ бюджетіне түсірілген қаражат 19 бағыт бойынша шығысталады.

     2020 жылғы жоспар 1163,0 мың теңге. Қазіргі уақытта түсірілгені 1213,6 теңге. Жоспар 104,3 %ға орындалды.

2021 жылға арналған міндеттер:

  • Салық салу базасын ұлғайту;
  • Салықтық түімдер мен бюджетке жасалатын басқа да салықтық емес төлемдердің болжанған мөлшерде орындалуын қамтамасыз ету.

 

  1. «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша

Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» халыққа жолдауында «Туған жерге - туыңды тік» бөліміне сәйкес округте бірқатар жұмыстар жүргізілді. Волонтерлар үстіміздегі жылғы 26 наурыздан бастап 3 сәуірге тұрғындарға және аз қамтамасыз етілген отбасыларға жеке кәсіпкер Г.Имашева және  ауыл тұрғыны ерікті К.Мырзагалиева демеушілігімен 700 дана бетперде, қауіпсіздік шаралары мен гигиеналық талаптарды сақтау арнайы жадынамалар таратты.

«Nur Otan» партиясы ұйымдастырумен «Біз біргеміз» акциясына депутаттық фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымы және этномәдени орталығының мүшелері және округ жастары тарапынан аз қамтылған, көп балалы отбасыларға және жалғыз басты қарттарға барлығы 44 отбасыға 520 мың теңге көлемінде азық-түлік және жеке гигиеналық құралдар, медициналық бетперделер алып берілді.

Осы акция аясында «Батыр» шаруа қожалығының басшысы Батыров Нұркен 12 отбасыға мүйізді ірі қара етін таратты. Сонымен қатар «Жиенбек», «Әлия», «Ырыс», «Қоңыр Кете» шаруа қожалықтары 12 отбасына ұсақ жандық етін таратты.

Сонымен бірге, ауылдық округ әкімдік қызметкерлерімен және волонтерлар арқылы әр үйге коронавирустың алдын алу бойынша арнайы жадынамалар таратты.Ауыл азаматтарының және жерлес кәсіпкерлеріміздің қолдауымен «Қазбағамбет Хазырет ата» атына мешіт имандылық үйі салынды. 2020 жылы Қараой ауылының 1973 жылы туылған азаматтары пластиктен 500 мың теңгеге қосымша кіре-беріс бөлмесін жасақтап берді, ауыл жастары 680 мың теңгеге мешіттің құжаттарын жасақтауға демеушілік көрсетті.

2021 жылға арналған міндеттер:

- Округ орталығына балалар ойын алаңын салу;

- Округ орталығына жаяу жүргіншілерге арналған тратуар санын ұлғайту.

 

 

 

Дата публикации
29 декабря 2020