Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі А.У.Избасовтың 2020 жылғы ауылдың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер туралы есептік баяндамасы

ЕЛДІҢ СЕНІМІН АҚТАУ

 

         2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндетті екенімізді атап өтті.

«Әкiмдердiң халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің 2020 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуы есебi әзiрлендi.

Округтің демографиялық көрсеткіштері

2020 жылы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің халық саны — 1766 адам.

Экономикалық белсендi халық саны — 336 адам, онын iшiнде жұмыс iстейтiндер — 336 адам, зейнеткерлер — 33 адам, әртүрлi топағы мүгедектер — 33 адам, жұмыссыздар — 94 адам.

2020 жылы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің аппаратына азаматтардан 38 — өтiнiш келiп түстi, оның iшiнде 5 — өтiнiш үй салу үшін жер телімін сұрау, 31 — жер учаскесін сұрау, 7 – басқа да мәселелер. Олардың iшiнде: 31 қанағаттандырылды, 7 өтініш бойынша түсінік берілді. 

Салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді жинау, салық салынатын базаны кеңейту

2020 жылдың салық түсімдерінің түрлері бойынша жоспарланған:

-         көлік салығы – 1 500 000 теңге – орындалуы 1 600 100=106,7%;

-         жер салығы 85000 теңге – орындалуы 85000=100%;

-         мүлік салығы 38000 теңге – орындалуы 35843=94%;

-         жеке кәсіпкерлердің табыс салығы 25000 теңге – орындалуы 156 200=(624,8%);

-         жалға беру 185 000 теңге – орындалауы 18500=10%;

-         ерікті жарна 5000 теңге – орындалуы 85000=(1700,0%);

барғылы 1 833 000 теңге – орындалуы 1 960 700 теңге.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы Қаратал ауылындағы дәрігерлік амбулаториясына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді

Кәсіпкерлік саласы бойынша

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша округте кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда ауылымызда наубайхана, монша, тойхана, шаштараз, тігін цехы, сауда дүкендері және такси қызметі ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп, жұмыс жасауда. Жыл ішінде Ойыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына 4 жеке кәсіпкер тіркелді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арқылы 1 адам оқуға ниет білдіріп, сертификат алды. Барлығы 1 000 100 теңгенің 29 ҰММ сатып алынды.

Мал саны, ауылшаруашылығы саласында жүргізілген жұмыстар және ветеринариялық іс-шаралар

2020 жылы округтегі мал саны МІҚ 5708 бас, жылқы 2071 бас, түйе 36 бас дерекқор базаға тіркелген. Округ бойынша 2935 бас малға бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, сырға салынып, дерекқор базасына енгізілді. 7 аулаға дезинфекция жұмыстары жасалынып, 115 ит ауланды. Жоспар бойынша егу жұмыстары уақытымен орындалды.

МІҚ 6765 бас, ҰММ 14879 бас, жылқы 16 бас, түйе 18 бас және 14 ит «серрологиялық» тексеруден өтті. Оның ішінде 70 бас МІҚ, 3 бас ҰММ және 1 бас түйе бруцеллез ауруына шалдыққан. Сол малдар уақытымен жойылды.

Округ бойынша мал бордақылау алаңдарына, яғни «АкТеп» ЖШС 10 бас МІҚ, «Терра» ЖШС 45 бас МІҚ тапсырылды. Округ бойынша жыл басынан бері 2 «Шектеу іс-шаралары» белгіленді. Атап айтқанда, Құмжарған ауылы «Мерей-С» шаруа қожалығы бойынша МІҚ малдары арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты ветеринариялық-сантиарлық іс-шаралар белгіленді.       

Құмжарған ауылы аумағындағы «Шектеу іс-шараларын белгілеу» туралы 2020 жылдың 3 қарашадағы №39 округ әкімінің шешімі Ақтөбе облысы Әділет департаментіне 2020 жылдың 4 қарашасында №7583 болып тіркелді.

22.12.2020 жылы ветеринариялық-санитарлық іс-шараларының аяқталуына байланысты «Шектеу іс-шараларын белгілеу» туралы шешімінің күші жойылды.

Округ бойынша барлығы 38840 мал басына ветеринариялық іс-шаралар жасалды.

Ауылдық округ бойынша «Болашақ» ШҚ басшысы бау-бақша егіп, қарбыз, қауын, қияр көкөністерін ауыл, аудан тұрғындарына ұсынып, аудандық, ауылдық жәрмеңкелеріне қатысты.

Бағаларды тұрақтандыру бойынша жұмыстар

Дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Жеке кәсіпкелермен бағалардың көтерілуін болдырмау туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жоғарғы сұрып нанның бағасы 90-100 теңге. Округ бойынша Қаратал аулындағы 4 дүкен және Құмжарған ауылындағы 1 дүкен иелермен мониторинг жасалды. Ауыл әкімдігі ауылшаруашылық және кәсіпкерлік саласын дамыту бағытындағы барлық бастамаларды қолдай отырып, кәсіпкерлер мен шаруа қожалық құрылымдарын бірлесе жұмыс жасауға шақырады.

Қайырымдылық шаралар

         Ауылдық округ бойынша 55 адамға 720 000 теңге қаражат көлемінде көмек көрсетілді, оның ішінде 35 аз қамтылған отбасы (442000 теңге), 15 мүмкіндігі шектеулі жандар (197000 теңге), 5 жалғызбасты аналар (81000 теңге). 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қаратал ауылының тұрғыны аз қамтылған жалғызбасты ана Г.Магзимоваға коммуналдық тұрғын үй кілті табысталды. Ойыл ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімі, ауылдық округ әкімшілігімен бірлесе, берілген тізім бойынша әлеуметтік осал топқа жатқызылған 6 отбасының үйілеріне улы газ датчигі қондырылды. Сондай-ақ округтегі жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіліп, үйлеріне отын түсірілді.    

Білім саласы

Ш.Берсиев атындағы орта мектебінде 2020-2021 оқу жылы бойынша 53 педагог, 36-мұғалім, 39 кіші қызметкер, 2 интернат тәрбиешісі, 2 медбике жұмыс жасайды. Мектепте 278 оқушы білім алуда. Мектепалды даярлық сыныбында 28 бала. Барлығы-306 оқушы. 484 бұйрықтың 17 қарашасында шыққан штаттық оқу режиміне байланысты 5-11 сынып оқушылары 2 тоқсанда мектепке келіп оқи бастады. 2-5, 7-9 сыныптар кезекші сынып бойынша екіге бөлініп оқып, білім алуда. Мектептегі санитарлық-эпидемологиялық жағдайы, оқушылар мен мұғалімдердің температурасын өлшеу қалыпты жағдайда. Мұғалім жетістіктері:

  1. «Үздік педагог - 2020» республикалық конкурстың облыстық екінші кезең жеңімпазы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Максимова марапатталды.
  2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Г.Максимова білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты мен және облыстық білім басқармасының басшысы Г.Уразбаеваның облыстық кәсіподақ төрайымы Р.Серікованың алғыс хатымен марапатталды.
  3. Республикалық кәсіподақтың құрмет грамотасымен Р.Жакенова марапатталса, облыстық білім беру жүйесіндегі еңбегі үшін Г.Қ.Ибрашова кәсіподақтың атынан қаржылай және алғысқа хатқа ие болды.
  4. Педагогикалық технологияларды дамытуға, білім беру жүйесіндегі еңбегі үшін А.Ихсанова облыстық кәсіподақтың марапатына ие болды.
  5. Облыстық «ЮКОН» шипажайына мектебіміздің шаруашылық меңгерушісі Р.Тағанов пен интернат қоймашысы Г.Мырзамбетова демалып қайтты. Аудандық марапатқа Г.Едігеева мен Б.Нұрғазин ұсынылды. Ұстаздар облыстық, аудандық, республикалық семинар-байқауларға қашықтан қатысты.

Оқушылардың жетістіктері: Республикалық «Ақбота» марафонынан 11 оқушы 1-2-3 жүлделі орындармен марапатталса, Қ.Рахметоллақызы аудандық, облыстық математика олимпиадасына қатысып, 1 орын иеленіп, республикаға жолдама алды. Тарих пәні бойынша облыстан К.Қаратай 3 орын, А.Кенжетайқызы химия пәні бойынша 3 орынға ие болды.   

Бұл салада нақты міндет – білім беру сапасын арттыру.

«Балбөбек» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 2020-2021 оқу жылында 9 педагог, 17 қызметші жұмыс жасайды. Балабақшада 60 бала тіркеуде тұр. Қазіргі таңда кезекші топта 45 бала тәрбиеленуде, әр топта 15 баладан. Тәрбиеші жетістіктері:

С.Оспанова Ойыл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің алғыс хатымен марапатталды. Б.Өтетілеуова білім беру жүйесіндегі еңбегі үшін аудандық кәсіподақ атынан қаржылай марапатқа және алғыс хатқа ие болды. Ұ.Темирова «Сарыағаш» демалу-сауықтыру орнына тегін демалып, ем алып келді. Кіші қызметші Б.Тағанова кәсіподақ ұйымының жолдамасымен Ақтөбе қаласындағы «Юкон» шипажайына барып, демалып келді. Тұңғыш Президент күніне орай кіші қызметші Б.Ермановқа қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің және кәсіподақ ұйымының алғыс хаты және ақшалай сыйлық табысталды.              

Денсаулық саласы

         Ауылдық округ бойынша 2020 жылы 38 бала дүниеге келді, қазіргі таңда есепте 38 жүкті әйел бар. 150 адам тұмауға қарсы екпе алды, 970 ересек адам және 630 бала скринингтен өтті. Ақпан айындағы авто поезға 40 ересек, 30 бала, 24 әйел қаралды. Жылжымалы флюорографияға 260 адам түсті, жалпы 692 адам. Тіркеуде 100 адам тұрады, барлығына тегін дәрі беріледі. Күндізгі стационарда 110 адам емделді.     

Жастар саясаты бойынша

Округ аумағында 14-29 жас арасында 135 үйге мекен-жайлық жұмыс нәтижесі бойынша 550 жас бар. Оның ішінде өзін-өзі қамтыған жастар саны 208, мүмкіндігі шектеулі жастар саны 2, оқушы жастар 112, студенттер 65, жұмыссыз жастар саны 1, нәтижесінде 1 жұмыссыз жас ауылдық округ әкімінің аппаратына жетекші маман лауазымына жұмысқа орналасты, мемлекеттік қызметте 3 жас. Жастар саясатын дамытып, жастарды кешенді қолдау мақсатында жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында Берсиев дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігеріне коммуналдық үйдің кілті табысталды. 2020 жылды «Еріктілер жылы» болып бекітілді, басты мақсат – ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болып табылады. Осыған орай еріктілер тобы жасақталды, жалпы саны 15 адам. Дүние жүзін әбігерге салған короновирус пандемиясына қарсы күрес мақсатында жүзеге асырылған «Biz birgemiz» жалпыұлттық акциясы аясында «Nur Otan» партиясымен халыққа қолдау көрсетуге белсене атсалысқандары үшін округ бойынша 10 ерікті жас Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар окургте «Қамқор» атты жастардың акциясы барысында мұқтаж адамдардың үйлерінің ауласындағы күл-қоқысын шығаруға, қысқы отынын жинап беруге, ауласына тазалық жұмыстарын жүргізуге атсалысып, алғысқа бөленді. Құмжарған ауылының «Жасыл ел» жасақшылары «Жастар саябағының» құрылуына қолғабыс етіп, сонымен қатар ауылға кіре берістегі аялдамаға өз қолдарымен сурет салып, ауылдың көркеюіне үлестерін қостын.

Әскерге шақыру

Әскерге шақырылған азаматтар саны — 44. Әскерге қабылданған сарбаздар саны – 12 адам. Оның ішінде 28 студент, әскери қызметке шақырушылар 4 азаматты әкімшілік жазаға тарту үшін Ойыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мәжбүрлеп жеткізуге жолданды.

Тұрғындардың жұмыспен қамтылуы

         Ақылы қоғамдық жұмысқа 87 адам тартылған. «Гүлдене бер, туған ел!» акциясы аясында жазғы демалыс кезінде студенттер және жоғары сынып оқушыларына арналған қоғамдық жұмысқа 68 жас тартылды.

Бюджет саласы

         Өңірлерді дамыту 2021 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру бағдарламасы бойынша 799 мың теңгеге жиектастар (бордюр) сатып алынып, 1 955 мың теңгеге өрнектастар (брусчатка) сатып алынды. Қаратал, Құмжарған, Қарасу ауылдарында 1 648 мың теңгеге көше шамдары орнатылды. Қаратал ауылында орналасқан полигонды қоршау үшін 500 мың теңге, 3 көшеге бейнебақылау камераларын қондыруға 1 750 мың теңге, Қаратал, Құмжарған ауылдарының кіре берісіне арка орнатуға 1 800 мың теңге қаржы жұмсалды. Құмжарған ауылына «Билайн» байланыс мұнарасы 1 500 мың теңгеге қондырылды. Қаратал ауылында босаған пластикалық ыдыстарды салатын 5 дана жәшік 200 мың теңгеге, көше қиылыстарындағы LED-шамдары 500 мың теңгеге орнатылды. Ш.Берсиев пен Сүлеймен әулие көшелеріне асфальт төсеу және әкімшілік ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізу үшін 300 мың теңгеге ЖСҚ жасалды. Мал егуге арналған қоршау (раскол) 200 мың теңгеге, көше атаулары тақтайшалары, аншлагымен 300 мың теңгеге жасалып, көшелерге ілінді. 2020 жылға бөлінген 78 млн теңге толықтай игерілді.  

Мәдениет саласы

Берсиев ауылдық клубы бойынша 2020 жылдың 12 айының көрсеткішіне сәйкес мәдени шаралардың саны 68, оның ішінде онлайн 45 шара. Келген адамдар саны 9135 адам, оның ішінде онлайн шараларға қамтылған 8417 адам. Клубтағы үйірмелер саны 5, қатысушылар саны 53 адам. Ш.Берсиев модельді кітапханасының 2020 жылы кітап қоры 12268, жаңадан келген кітаптар 343, газеттер 8, журналдар 10. Оқырмандар саны 815, барлық өткізілген мәдени шаралар саны 68, оның ішінде пандемияға байланысты бейнебаян түрінде өткізілгені 45, көреремен саны 9135, оның ішінде Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы көрермендер саны 7379.  

Мал азығын дайындау

Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі бойынша қысқы мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында 1,5 жылдық мал азығы қорын дайындау 29,0 мың тонна, орындалуы 100%, барлық тасылғаны 27,8 мың тонна, тасылуы 96,0%, оның ішінде қыстаққа тасылғаны 11,1 мың тонна, орындалуы 40,0%, оның ішінде жұртшылыққа 16,7 мың тонна, тасылуы 60%. Ауланың саны 279, оның ішінде тасылғаны 184, орындалуы 66,0%.

Санитарлық тазалық және көгалдандыру

Жылдағы дәстүр бойынша округтегі мекемелер айналасына сенбілік жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округ бойынша тазалық және көгалдандыру жұмыстарына шілде-тамыз айларында 61 студент, 7 оқушы жұмысқа алынды. Қаратал ауылындағы күл-қоқыс төгетін полигон қошалды.  

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Ауылдық округ бойынша Қаратал, Құмжарған ауылдары 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды. Қарасу ауылында ауыз су тасымалдау арықылы алынады.  

Электр желісі

         Округ бойынша биылғы жылы Қаратал ауылының 5 көшесіне 35 дана жарық шамдары, Құмжарған ауылына 1 көшесіне 12 дана, күн саулесінен қуат алатын 6 дана, Қарасу ауылына 4 дана күн саулесінен қуат алатын жарық шамдарын орнатылды.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша

         Қаратал ауылы бойынша 2020 жылы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 53 отбасы өтініш білдіріп, 24 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Қазіргі таңда соңғы тоқсан бойынша 16 отбасы әлеуметтік көмек, балаларға жасына байланысты әлеуметтік пакет беріліп отыр. Қаратал бойынша 11, Құмжарған 4, Қарасу 1 отбасы. Алып отырған көмек мөлшері 3222247 теңге. 

Пандемия кезінде жасалған жұмыстар

Еліміздегі төтенше жағдай кезінде «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында округ бойынша мұқтаж жандарға азық-түліктер және медициналық заттармен көмек беріліп, тегін медициналық бетперделер (маска) таратылды. Ауылдық округте автокөлік қарым-қатынасына шектеу қою мақсатында блокпост қойылып, арнайы вагон апарылып, учаскелік инспектор қасына кезекшілік ұйымдастырылып, жеке кәсіпкер Б.Исаева түскі аспен қамтамасыз етті. Сонымен қатар мемлекеттік мекемелерге, аз қамтылған отбасылардың үйлеріне залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.  

Тұрғындармен жұмыс

         «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын сақтау, қоғамдық ұйымдар және қарапайым азаматтармен диалог, ашықтық, адамдардың қажеттілігіне жедел әрекет ету, халықпен тұрақты кездесулер, жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі басты қағидат. 2020 жылы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі бойынша тұрғындармен барлығы 27 кездесу жиыны өткізілген. Оның ішінде 7 қоғамдастық жиыны, 17 рет халықпен кездесу жиыны өткізілді. Сондай-ақ ауылдық округ бойынша мәслихат депутаттарымен ауыл тұрғындарымен кездесу жиыны өткізілді.

«Туған жерге тағзым» акциясы

         Округ бойынша атқарылған игі шаралардың қатарында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Қаратал, Құмжарған ауылдыарында демекушілікпен  бірқатар жұмыстар атқарылды. Оладың қатарында Ш.Берсиев атындағы орта мектебіне ауылдың 1978 жылғы түлектері мектеп ауласына демалыс орнын 150000 теңге, 1998 жылғы түлектер технология кабинетіне стол, орындықтар 97000 теңге және 2018 жылғы түлектер тир мылтығын 29603 теңге көлемінде демеушілік көрсетті. Сондай-ақ 1994 жылғы түлектер музыкалық аппаратура (250000 теңге), 2009 жылғы түлектер түрлі-түсті принтер (100000 тенге), 2019 жылғы түлектер 2 дана шкаф (47500 тенге) және 1979 жылғы түлектер ойын сеткасы, 7 адамға футбол формасы, табло, волейбол добын сыйлап (64000 теңге) көмек берді (барлығы 481500 теңге). Сонымен қатар аталмыш акция аясында ауылдың 1967 жылы туған азаматтары Ш.Берсиев атындағы дәрігерлік амбулаториясына ауласына демалыс орнын орнатып, 200000 теңге көлемінде көмек көрсетті. Берсиев модельді кітапханасының ұжымы кітапханаға 4 терезеге (24000 теңге) жалюзи орнатты. Берсиев ауылдық клубына демеушілікпен баннер (20000 теңге), 1985 жылы туған азаматтар радио микрофон сыйлады. Қаратал ауылының түлектері, ауыл азаматтары «Қаратал» белгісін тарту етті. Қаратал ауылының кіре берісіне керме орнатылып, ауылдың көркін кіргізуде.

«Балбөбек» бөбекжай-бақшасына 1974 жылы туған азаматтар түрлі-түсті принтер (59000 теңге) сатып алып беріп демеушілік етті.

Акция барысында Құмжарған ауылының «Соркөл» орта метебінің алдына 2 орындық (39000 теңге) жасалып, мектеп алдындағы көшеге 37*5 көлемде 3 саябақ (35000 теңгеден 105000 теңге) жасақталды.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында 1998 жылғы мектеп түлектері Шығанақ Берсиев ауылдық округінің саябағына мектепті бітіргендеріне 20 жыл толуына орай 20 түп қарағай көшеттерін отырғызды. 1982 жылы туған азаматтар пен азаматшалар мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына байланысты туған жерлері Қаратал ауылына стрит воркаут орнатты.

Ауылдық округке қарасты Құмжарған ауылы тұрғындарының ауызбіршілігімен ауылдың кіре берісіне белгі орнатылды. Құмжарған ауылдық клубына  2005 жылғы түлектер су құбырын кіргізуге (15000 теңге), «Рухани жағыру» стендін жасатуға (7000 теңге) көмек көрсетті. Құмжарған ауылдық кітапханасына «Сұлтан» шаруа қожалығы 4 кітаптар стеллажын (60000 теңге) сыйлады.

Ауылды көркейту мақсатында округ орталығының кіре берісінен бастап Қаратал ауылында кіндік қаны тамған, еңбегімен еленіп, танымал болған тұлғалардың баннерлері қондырылды.

Алдағы міндеттер

         Атқарылған жұмыстарды саралай отырып, жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп алдағы жылға төмендегідей жұмыстарды атқарамыз деп мақсат қойып отырмыз.

  • Округ бойынша көшелерді жарықтандыру;
  • Құмжарған ауылына шағын футбол алаңын салу;
  • Округтің көркеюін одан әрі жақсарту үшін «Туған жерге тағзым» акциясын жандандыру;
  • Қарасу ауылына кешенді блок модуль ауыз су құбырын тарту үшін ЖСҚ дайындау;
  • Қаратал ауылының Ш.Берсиев және Сүлеймен әулие көшелеріне асфальт төсеу;
  • Әкімшілік ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізу.

 

А.ИЗБАСОВ

Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі

Дата публикации
29 декабря 2020