Ойыл аудандық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

2026 жылғы  13 қазан              № 19                                   Ойыл ауылы

 

 

 

 

 

 

 

Ойыл аудандық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы            29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына,  101-бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 қаулысын басшылыққа ала отырып, Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ойыл ауданында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                        Төрағасы

Б.Бисекенов

 

 

                        Хатшы 

   Н.Кенжебеков

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 октября 2026