2021 жылға Ойыл ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

 

2021 жылға Ойыл ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру

үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі  Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының           31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 8) тармақшасына, 27 бабының   1 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ойыл  ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылға Ойыл ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. «Ойыл  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. 4. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ойыл ауданының әкімі

 

А. Казыбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

постановление
Дата публикации
21 декабря 2020