Жоба
Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 277
«Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
5 тармақтағы «Үлгілік» сөзі «Осы» сөзімен ауыстырылсын;
9 тармақтың 1), 2) және 11 тармақтың 1) тармақшаларындағы «уәкілетті органның» сөздері «уәкілетті ұйымның» сөздерімен ауыстырылсын.
Ойыл аудандық мәслихатының Ойыл аудандық мәслихатының
сессия төрағасы: хатшысы:
Б.Жұмырбаев Е. Жиеналин