«Қобланды» ЖШС-ның – «Кубасай кен орнының Шығыс қанатын игеру» көзделіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі

Хаттама

Жиынтық кесте жасалған күні: 15.05.2026 ж.                  

Жиынтық кесте жасалған орын: Ақтөбе облысы бойынша ЭД Экологиялық реттеу және бақылау комитеті ҚР ЭТРМ

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: Ақтөбе облысы бойынша ЭД Экологиялық реттеу және бақылау комитеті ҚР ЭТРМ

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған күн: 21.04.2026 ж.

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзімі: 21.04.2026-15.05.2026 жж.

 

Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:

№

Мүдделі мемлекеттік орган

Ескерту мен ұсыныстар

Ескерту немесе ұсыныс қалай ескерілгені немесе ескерту немесе ұсыныс ескерілмегені туралы мәліметтер

1

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты»

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодекстің 68 бабының 9 тармағына сәйкес, «Кобланды» ЖШС, 20.04.2026 ж. №KZ45RYS01687749 белгіленіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша қосымшаға сәйкес ескертулер мен ұсыныстарды жолдайды.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 68-бабының 6, 8 тармақтарына сәйкес жоғарыда көрсетілген   ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы ресми   интернет-ресурстарда орналастырылғанын,   сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлама тарату ұйымдастырылғанын хабарлайды.

1. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес объектіні салу кезінде және көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға және оның компоненттеріне әсер ету мәселелерін пысықтау қажет.

2. Қаралып отырған қызмет кезінде «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, ескертуге, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге   қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық   талаптар» санитариялық қағидаларын   басшылыққа алу қажет. ҚР ДСМ м.а. 25.12.2020ж. №ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығының талаптары ескерілсін.

3. Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 263-бабына сәйкес магистральдық құбырларға және басқа да желілік құрылыстарға бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелерді Күзету, қорғау және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар ескерілсін.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

 

2

«Ойыл ауданы әкімінің аппараты»

       Ойыл аудандық әкімдігі Сіздің, 2026 жылдың 21 сәуіріндегі №01-04-7/649-И хатыңызға сәйкес «Қобланды» ЖШС-ның – «Кубасай кен орнының Шығыс қанатын игеру» туралы өтінішіне ұсыныстар мен ескертулер жоқ екенін хабарлайды.

-

3

«Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы»

 «Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су  инспекциясы» РММ  (бұдан әрі-Инспекция) «Қобланды» ЖШС-ның – «Кубасай кен орнының Шығыс қанатын игеру» –жұмыстарын жүргізуге қатысты белгіленіп отырған қызметі туралы өтінішін қарап, өз  ұсынысын жолдайды.

«Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» РММ, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданындағы «Құбасай кен орнының шығыс қанатын игеру» жобасы бойынша «Қобланды» ЖШС-не қатысты төмендегіні хабарлайды.

Ұсынылған бұрыштық координаттарға сәйкес:

1. 49°32’51” с.е. - 54°2’4” ш.б.;

2. 49°31’11” с.е. - 54°1’54” ш.б.;

3. 49°29’5,307” с.е. - 54°0’48,781” ш.б.;

4. 49°29’20” с.е. - 54°1’13” ш.б.;

5. 49°28’49” с.е. - 54°1’49” ш.б.;

6. 49°28’44,48” с.е. - 54°1’43,732” ш.б.;

7. 49°28’4” с.е. - 54°4’39” ш.б.;

8. 49°29’23,562” с.е. - 54°7’36,779” ш.б.;

9. 49°33’29,763” с.е. - 54°4’50,968” ш.б.

учаскелері су қорғау белдеуі мен аймағынан тыс орналасқан.

Сонымен қатар, ұсынылған өтінішке сәйкес Инспекция келесі ұсыныстарды енгізеді.

1. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-бабы 1-тармағына сәйкес, қызметі жерасты суларының жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін жеке және заңды тұлғалар жерасты суларына мониторинг жүргізуге және су ресурстарының ластануы мен сарқылуын, сондай-ақ судың зиянды әсерін болдырмау жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға міндетті.

2-тармаққа сәйкес, ауыз сумен жабдықтауға арналған қоры бекітілген жерасты су кен орындары мен учаскелерінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында және экологиялық заңнамасында белгіленген санитариялық қорғау аймақтарына қойылатын талаптар сақталуы тиіс.

5-тармаққа сәйкес, жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы жерасты суларын қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

Ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты су кен орындары мен учаскелерінің шекараларында жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге, радиоактивті және химиялық қалдықтарды көму орындарын, қоқыс үйінділерін, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жерасты суларының жай-күйіне әсер ететін өзге де объектілерді орналастыруға тыйым салынады.

2. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 103-бабы 5-тармағына сәйкес, басқа сападағы суды пайдалану мүмкіндігі болған жағдайда ауыз суды өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға жол берілмейді, технологиялық процесте көзделген ұйымдарды қоспағанда. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары халықтың ауызсу және тұрмыстық қажеттіліктерін бірінші кезекте қамтамасыз етуді ескере отырып, өнеркәсіптік мақсаттар үшін ауыз суды уақытша пайдалануға рұқсат беруге құқылы. Өнеркәсіптік қажеттіліктерге арналған ауыз суды пайдалану мерзімдері бассейндік инспекциямен келісу арқылы белгіленеді.

3. Су объектілері аумағында және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінде (тиісті облыстар әкімдіктерімен белгіленген) құрылысқа байланысты немесе құрылысқа байланысты емес жоспарланған қызметті Қазақстан Республикасы Су кодексінің 86-бабы талаптарына сәйкес белгіленген шектеулер мен тыйымдарды ескере отырып жүзеге асыру қажет, атап айтқанда:

3.1. Су объектілерінде және су қорғау белдеулері шегінде бассейндік су инспекциясымен келісусіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымалар бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға және өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. Су қорғау белдеулері шегінде су шаруашылығы және су алу құрылыстары мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметімен байланысты өзге де көлік инфрақұрылымы объектілерін қоспағанда, кез келген шаруашылық қызмет түрлеріне, сондай-ақ жер учаскелерін шаруашылық және өзге де қызмет үшін беруге тыйым салынады.

3.2. Су қорғау аймақтары шегінде жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын және қоқыстануын болдырмайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге, автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, техникалық қарап-тексеру, қызмет көрсету, жөндеу және көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын жуу пункттерін орналастыруға және салуға тыйым салынады.

3.3. Су объектілері аумағы арқылы өтетін көлік немесе инженерлік коммуникациялар құрылысының жобалары тасқын сулардың өтуін, су объектілерін пайдалану режимін қамтамасыз ететін, судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмайтын, сондай-ақ олардың зиянды әсерінің алдын алатын іс-шараларды көздеуі тиіс.

4. Су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленбеген жағдайда, жоспарланған қызметті іске асыру туралы тиісті шешім су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленгеннен кейін және осы хаттың 1-тармағында баяндалған талаптарды ескере отырып қабылдануы тиіс.

5. Жоспарланған қызметті сумен қамтамасыз ету мақсатында жерүсті және (немесе) жерасты су ресурстарын су объектісінен тікелей алып немесе алмай пайдалану Қазақстан Республикасы Су кодексінің 45-бабы талаптарына сәйкес арнайы су пайдалану рұқсаты болған жағдайда жүзеге асырылуы тиіс.

Белгіленіп отырған қызмет туралы 8-тармақтың 2-тармақшасына сәйкес ескерілді.

(Ең жақын – Жақсыбай өзені –

1,5 км)

4

«Қазақстан  Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы»

-

-

5

«Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті»

Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сіздің  2026 жылғы 21 сәуіріндегі  №01-04-7/649-И хатыңыз бойынша  «Қобланды» ЖШС-ның – «Кубасай кен орнының Шығыс қанатын игеру» өтінішіне белгіленіп отырған қызмет туралы  жолданымына ескертпелер мен ұсыныстар   жолдайды.

«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  «Қобланды» ЖШС-ның – «Кубасай кен орнының Шығыс қанатын игеру» жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін халықтың санитариялық -эпидемиологиялық салауаттылығы саласында келесі рұқсаттарды алуы тиіс:

- эпидемиялық маңызы жоғары объектінің сәйкестігі туралы  санитариялық -эпидемиологиялық қорытынды, егер объектінің санитариялық-қорғау аймағының өлшемі 500 метрден жоғары болса (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» 29) тармақшасы 3 тармағына сәйкес);

- қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына зиянды заттар рұқсат етілген шығарындылары туралы нормативтік құжаттардың жобаларына санитариялық -эпидемиологиялық қорытынды;

- есептеу (алдын ала) және белгіленген (соңғы) санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жобалары бойынша санитариялық -эпидемиологиялық қорытынды (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 11қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген  "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағиданың 6 тармағына сәйкес ).

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

 

6

«Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы»

Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы,  «Қобланды» ЖШС-ның – «Кубасай кен орнының Шығыс қанатын игеру» өтінішін бойынша ұсынылған географиялық координаттар орман шарушылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінен тыс орналасқан. 

Қоса беріліп отырған картограммаға сәйкес, жер тілімінің орналасқан жері, орман қоры жерімен шекаралас орналасқан, сол себепті орман иеленушісімен нақтылау қажет.

Жоспарланып отырған аумақ Ойыл ауданы аумағында орналасан. Қазақстан Репбуликасының Қызыл кітабына енген құстардан: безгелдек, дала қыраны, қылқұрйық бұлдырық, қарабауыр бұлдырық, бүркіт және тағы басқалары  кездесуі мүмкін.  Бұдан басқа, аңшылық түрі болып табылатын жануарлардан: түлкі, қарсақ, қоян және т.б кездеседі.

Антропогендік әсерді болдырмау мақсатында автокөлік жолдарын далалық жерлерде мейлінше азайту, транспорттардың жолсыз жүруіне тиым салу және құрлыс жүргізілетін аумақта жабайы жануарлардың уланып қалу қаупін болдырмау үшін өндірістік, химиялық және тамақ қалдықтарын арнайы орындарда сақталуын міндеттеу қажет.

Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 57 шешіміне сәйкес, ағаштар мен бұталарды бұзу (кесу, шабу) мәселелері, жергілікті атқарушы органдармен келісілуі тиіс. Бұл рәсім қалалар мен елді мекендердің аумақтарында жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерімен реттеледі.

Құрлыс жұмыстарын жүргізу барысында, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 шілдесіндегі № 593 «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 17 бабы талаптарының орындалуы және сақталуы қажет.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

 

7

«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы»

«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ өз құзыреті шегінде ТОО «Қобланды» - «Кубасай кен орнының Шығыс қанатын игеру» туралы өтінішін қарастырып, ҚР Жер кодексінің 140-бабы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі туралы хабарлайды, атап айтқанда: жер пайдаланушылар жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға; жерді карантинді объектілерді, бөтен текті түрлер мен аса қауіпті зиянды организмдерді жұқтырудан, олардың таралуынан, арамшөптердің, бұталардың және шіліктердің басып кетуінен, сондай-ақ жердің жай-күйінің нашарлауының өзге де түрлерінен қорғауға; бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға; жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

 

8

«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы»

«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы                               2 қаңтардағы Экологиялық  кодекстің   68   бабының   9   тармағына     сәйкес, «Қобланды» ЖШС, 20.04.2026 ж. №KZ45RYS01687749 материалдарымен белгіленіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша қосымшаға сәйкес ескертулер мен ұсыныстарды жолдайды.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 68-бабының 6, 8 тармақтарына сәйкес жоғарыда көрсетілген белгіленіп отырған қызметі туралы өтініші бойынша ресми интернет-ресурстарда орналастырылғанын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлама тарату ұйымдастырылғанын хабарлайды.

1.Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес объектіні салу кезінде және көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға және оның компоненттеріне әсер ету мәселелерін пысықтау қажет.

2. Қаралып отырған қызмет кезінде «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, ескертуге, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын басшылыққа алу қажет. ҚР ДСМ м.а. 25.12.2020ж. №ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен.

3. Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 263-бабына сәйкес магистральдық құбырларға және басқа да желілік құрылыстарға бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелерді Күзету, қорғау және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар ескерілсін.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

 

9

«Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті»

1. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес объектіні салу кезінде және көзделіп отырған қызметті іске асыру кезінде қоршаған ортаға және оның компоненттеріне әсер ету мәселелерін пысықтау қажет.

2. Кодекстің 4-қосымшасына сәйкес іс-шараларды енгізуді қарастыру.

3. Атмосфералық ауаның, су ресурстарының жай-күйіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар беру.

Негізгі жұмыс жобасында ескеру қажет.

Ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық

Дата публикации
22 мая 2026