Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 27 шілдедегі қорытындысына сәйкес және халық пікірін ескере отырып, Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақтың 4) тармақшасындағы «Астана» сөзі «Абай» сөзімен ауыстырылсын;
1 тармақтың 2) тармақшасындағы «Қ.Ержанов» сөзі «Әбілқайыр хан» сөзімен ауыстырылсын;
2 тармақтың 1) тармақшасындағы «Ш.Берсиев» сөзі «Дінмұхамед Қонаев» сөзімен ауыстырылсын;
2 тармақтың 3) тармақшасындағы «Республика» сөзі «Бекет ата» сөзімен ауыстырылсын;
3 тармақтың 1) тармақшасындағы «Ш.Берсиев» сөзі «Ахмет Жұбанов» сөзімен ауыстырылсын;
3 тармақтың 2) тармақшасындағы «Бейбітшілік» сөзі «Бауыржан Момышұлы» сөзімен ауыстырылсын.
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні
Анықтама
Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі №9 «Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің елді мекендерінің көшелері атау беру туралы» шешімінің жобасы www.uil.aktobe.gov.kz сайтында 2020 жылдың 9 желтоқсанында, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында көпшілік талқылауы үшін 9 желтоқсан 2020 жылы орналастырылды. Ойыл ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2020 жылы 9 желтоқсан № ____ хатымен алынды.
Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі А.Избасов
Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы «____» ________ № ____ Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі №9 «Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің елді мекендерінің көшелері атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасына баспа-релизі
Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты болып табылады. Нормативтік құқықтық акті қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылы 5 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жеріглікті бюджет шығыстарының көбеюіне немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Нормативтік құқықтық актіге 2020 жылдың ____ қараша ойыл аудандық қоғамдық кеңестің қорытындысы ұсынылған.
«Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі №9 «Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің елді мекендерінің көшелері атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2020 жылғы 9 желтоқсанда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2020 жылғы 9 желтоқсанда анықталды. Есептемені қарау ____ адам, адмадардың пікірлері болған жоқ.