|
Ойыл аудандык мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы №371 «2020-2022 жылдарға арналған Сарбие ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешім жобасына баспа-релизі |
|
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы №371 «2020-2022 жылдарға арналған Сарбие ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6658 тіркелген, 2020 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: 1 тармақта: 1) тармақшасында: кiрiстер – «105 932,5» сандары «101 179,5» сандарымен ауыстырылсын, трансферттер түсімі – «104 566» сандары «99 813 » сандарымен ауыстырылсын; 2) тармақшасында: шығындар – «105 932,5» сандары «101 179,5» сандарымен ауыстырылсын. 5 тармақта: 1) тармақшасында: «823» сандары «0» санымен ауыстырылсын; 2) тармақшасында: «9 475» сандары «5 545» сандарымен ауыстырылсын; 2. «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Кенжебаев А. Улыкпанов К . |