Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы №370 «2020-2022 жылдарға арналған Саралжын ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Ойыл аудандық мәслихатының шешімінің жобасы

Ойыл аудандык мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы №370 «2020-2022 жылдарға арналған Саралжын ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешім жобасына баспа-релизі

Қазақстан   Республикасының  2008 жылғы 4 желтоқсандағы  Бюджет кодексінің  9-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы»   Заңының   6  бабына  сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы №370               «2020-2022 жылдарға арналған Саралжын ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6656 тіркелген, 2020 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақта:

1) тармақшасында:

кірістер –«84 145»сандары «80 482» сандарымен ауыстырылсын,

оның ішінде:

трансферттер түсімі – «82 249» сандары «78 586» сандарымен ауыстырылсын;

2) тармақшасында:

шығындар – «85 235,6» сандары «81 572,6» сандарымен ауыстырылсын.

4 тармақта:

1) тармақшасында:

«755» сандары «0» санымен ауыстырылсын;

2) тармақшасында:

«8 500» сандары «5 592» сандарымен ауыстырылсын;

2. «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Кенжебаев А. Улыкпанов К .
 Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы №370 «2020-2022 жылдарға арналған Саралжын ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасы http:// uil.akimat.kz/ сайтында 2020 жылы 7 желтоқсанда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында  27 қараша 2020 жылы орналастырылды. Ойыл ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2020 жылы 07 желтоқсандағы №49 хатымен алынды.

Дата публикации
07 декабря 2020