|
Ойыл аудандык мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы №369 «2020-2022 жылдарға арналған Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешім жобасына баспа-релизі |
|
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы №369 «2020-2022 жылдарға арналған Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6657 тіркелген, 2020 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: 1 тармақта: 1) тармақшасында: кiрiстер – «78 176» сандары «74 197» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде: трансферттер түсімі – «76 343» сандары «72 364» сандарымен ауыстырылсын; 2) тармақшасында: шығындар – «78 261,3» сандары «74 282,3» сандарымен ауыстырылсын. 5 тармақта: 1) тармақшасында: «835» сандары «0» санымен ауыстырылсын; 2) тармақшасында: «9 700» сандары «6 556» сандарымен ауыстырылсын; 2. «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Кенжебаев А. Улыкпанов К . |