Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округіндегі «Дарханбек» шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы шешімнің жобасы

Анықтама

      Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округіндегі «Дарханбек» шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы шешімнің жобасы www.uil.aktobe.gov.kz сайтында 2020 жылғы 4 желтоқсан, ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында көпшілік талқылауы үшін 04.12.2020 жылы орналастырылды, нормативтік құқықтық актінің жобасын көпшілік талқылау мерзімі  22.12.2020 жылға дейін.

 

 

      Ауылдық округ әкімі                                                        С.Даулетқалиев

 

Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі Ойыл ауылы «Дарханбек» шаруа қожалығының аумағында карантин

белгілеу  туралы

 

Қазақстан Республикасының  2001  жылғы 23  қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  35 бабына, Қазақстан  Республикасының 2002  жылғы  10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының  10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл  шаруашылығы  Министрлігінің  Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 02 желтоқсандағы №  2-14/132ұсынысы негізінде, Ойыл  ауылдық  округі әкімі ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ :

1.Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі Ойыл ауылы «Дарханбек» шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

  1. «Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Округ әкімі:                                            С.Даулеткалиев

Дата публикации
04 декабря 2020