
Елді мекендерді газдандыру
Аудан бойынша екі елді мекен орталықтандырылған газбен қамтылды, ол қамтылған елді мекендер үлесінің 9,1 пайызын, халық санына шаққанда 30,7 пайызды (5729 тұрғын) құрайды.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы 2019-2020жылдары Қаратал ауылына жеткізуші және ауылішілік газ құбырының құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасы 547 778,0 мың теңгеге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Аталған жоба бойынша ауданның Екпетал, Қарасу, Көптоғай, Аманкелді, Шұбарши ауылдарын газдандыру перспективасы қамтылған.
Сонымен қатар, бүгінгі күнге Темір ауданы Алтықарасу ауылына жеткізуші және ауылішілік газ құбырының құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде, бұл жобада Ойыл ауданының Ақжар, Көсембай, Кемер, Ақкемер ауылдарын газдандыру қарастырылған.
Интернет, ұялы телефон байланысы
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында осы жылдың шілде айында (ТОБЖ ВОЛС) (90,0 км) құрылысы аяқталып, Қараой, Сарбие ауылдарында мемлекеттік мекемелер жоғарғы жылдамдықты интернет желісіне қосылды.Қазіргі таңда Кемер, Ақжар ауылдарындағы мобильді байланысына (К-сеll) 3G жылдамдығы қосылып халық пайдалануда.
Жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, Құмжарған, Шұбарши, Ақкемер, Қарасу елді мекендеріне мобильді байланыс орнату мақсатында мұнаралар орнатылды.
Ағымдағы жылы 11 елді мекендерді ұялы байланыспен қамту жоспарланып, бүгінгі таңда Ақжар және Кемер, Ақкемер елді мекендерінде 3G KceLL ұялы байланыс іске қосылды.
Жыл аяғына дейін Көсембай, Қараой, Аманкелді, Сарбие елді мекендерінде; Қаракөл, Құмжарған, Қарасу, Шұбарши елді мекендерінде – 3G KceLL ұялы байланысы іске қосу жоспарланған.