GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
білім беру
22 сентября 2026
Педагогикалық білім беру трансформацияланады

Педагогикалық білім беру трансформацияланады

Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауын іске асыру аясында атқарылған жұмыстар

Спорт және туризм
22 сентября 2026
НҰРҚАНАТ ӘЖІҚАНОВ ҚАЗАҚСТАНҒА КАРАТЭДЕН БЕСІНШІ ЖҮЛДЕНІ ӘКЕЛДІ

НҰРҚАНАТ ӘЖІҚАНОВ ҚАЗАҚСТАНҒА КАРАТЭДЕН БЕСІНШІ ЖҮЛДЕНІ ӘКЕЛДІ

🇰🇿🥉 Нұрқанат Әжіқанов Айти–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.Бұл — Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы каратэден екінші қола және жалпы бесінші жүлдесі.Осылайша, қазақстандық каратэшілердің еншісінде қазір бес медаль бар: екі алтын, бір күміс және екі қола.

10 августа 2026
Үкімет - мемлекеттің атқарушы билігі

Үкімет - мемлекеттің атқарушы билігі

07 августа 2026
Қазақстанда туризмді мемлекеттік қолдау тетіктері жетілдірілуде

Қазақстанда туризмді мемлекеттік қолдау тетіктері жетілдірілуде

Енгізілген өзгерістер биылғы жылдың наурыз айында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның нормаларына сәйкестендіруге бағытталған. Негізгі мақсат – бизнес үшін рәсімдерді түсінікті ету, әкімшілік кедергілерді азайту және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Kids Go Free бағдарламасы: туроператорлар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру мақсатында туристік өнімге қойылатын талаптар нақтыланды. Туристік өнімді ішкі туризм саласында қызмет көрсететін туроператор қалыптастыруы, оған баланың эконом-класс бойынша екі бағыттағы әуе тасымалы енгізілуі және кемінде екі түн қонақүйде орналастыру қарастырылуға тиіс. Сонымен қатар турдың төленгенін және баланы алып жүретін адамның туыстық қатынасын растайтын құжаттарды ұсыну міндеттеледі.

Кіру туризмі саласындағы туроператорларға берілетін субсидиялар: елге келетін туристерден түсетін экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында субсидия алу үшін шетелдік туристің Қазақстанда болу мерзімі кемінде алты түн болып белгіленді. Бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұған дейін қолданыста болған талап пандемиядан кейінгі кезеңде кіру туризмін қолдау мақсатында енгізілген болатын. Бүгінде елімізге келетін шетелдік туристер ағыны толық қалпына келіп қана қоймай, 2019 жылғы көрсеткіштен де асты. Осыған байланысты мемлекеттік қолдау ұзақ мерзімді сапарларды ынталандыруға бағытталады. Туроператорларға төленетін субсидия көлемі бұрынғыдай әр турист үшін 15 мың теңге деңгейінде сақталды. Бұл өңірлерде шетелдік туристердің тұруға, тамақтануға, экскурсиялар мен өзге де қызметтерге жұмсайтын шығындарының артуына ықпал етеді деп күтілуде.

Санитариялық-гигиеналық тораптар: санитариялық-гигиеналық тораптардың сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін субсидияланатын шығыстардың нақты тізбесі айқындалды. Оған тазалау, дезинфекциялау, коммуналдық қызметтер, сумен жабдықтау, жарықтандыру, қалдықтарды шығару және пайдалану шығындары кіреді. Субсидия мөлшері бұрынғыдай айына 83,3 мың теңге көлемінде сақталды. Сонымен қатар нысандардың нақты жұмысын бақылау күшейтіліп, тексерулер жүргізу, фото және бейнетіркеу, сондай-ақ тұрақты мониторинг жасау көзделген.

Инфрақұрылымдық жобалар: туристік инфрақұрылымды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары сақталды. Мемлекет тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техниканың құнының 25%-ын, туристік автобустардың құнының 25%-ын, сондай-ақ жол бойындағы сервис нысандарын, визит-орталықтар мен туристерді орналастыру орындарын салуға жұмсалған шығындардың 10%-ын өтеуді жалғастырады. Сонымен қатар қолдау көрсетілетін нысандар мен жабдықтардың тізбесі жүйеленіп, құжаттарға қойылатын талаптар, өтінімдерді қарау мерзімдері және шешім қабылдау тәртібі нақтыланды. Бұл мемлекеттік қолдау тетіктерінің ашықтығын арттырып, бизнес үшін рәсімдерді түсінікті етеді.

Басым туристік аумақтар: басым туристік аумақтарды айқындау жөніндегі өкілеттіктер өңірлік деңгейге берілді. Енді жергілікті атқарушы органдар мұндай аумақтарды өздері белгілеп, олардың шекарасын айқындай алады және әр өңірдің туристік әлеуетін ескере отырып шешім қабылдайды. Бұл туристік әлеуеті жоғары аумақтарды жедел дамытуға және олардың ерекшеліктерін тиімді ескеруге мүмкіндік береді.

Қабылданған өзгерістер туризмді мемлекеттік қолдаудың тиімді әрі ашық жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Олар бір жағынан бизнес үшін рәсімдерді жеңілдетсе, екінші жағынан бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтеді. Өзгерістерді әзірлеу барысында СЖТС нәтижелері (сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау), құқық қолдану тәжірибесі, сондай-ақ бизнес қауымдастығы мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары ескерілді.

05 августа 2026
«Келешек мектептері» – сапалы білімнің жаңа кеңістігі.

«Келешек мектептері» – сапалы білімнің жаңа кеңістігі.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы еліміздегі білім беру саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

«Келешек мектептері» – тек жаңа ғимарат емес, бұл – жас ұрпақтың жарқын болашағына салынған инвестиция. Білімді ұрпақ – ел дамуының басты кепілі.

 

04 августа 2026
ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІК – ТҰРАҚТЫ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІК – ТҰРАҚТЫ ҚОҒАМ НЕГІЗІ Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Заң талаптарын құрметтеу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу – елдегі тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі. «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.

31 июля 2026
Президент Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің төл мерекесі – Таққа отырған күнімен құттықтады.

– Қазақстан мен Марокко арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық бауырлас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедтің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Марокко халқына бақ-береке тіледі.

30 июля 2026
Қоғамдық қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі.

Қоғамдық қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі. Бірлік пен серіктестік арқылы ғана қауіпсіз қоғам қалыптастырамыз. Заңды сақтайық, қауіпсіздікті бірге қамтамасыз етейік!

29 июля 2026
2026 жылы ТКШ мен Қазақстанның энергетикасын жаңғыртуға 625 млрд теңге тартылады.

2026 жылы ТКШ мен Қазақстанның энергетикасын жаңғыртуға 625 млрд теңге тартылады.

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыруға 2026 жылы 625 млрд теңге мөлшерінде қарыздық қаржыландыру мақұлданды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

2026 жылы ТКШ саласын қаржыландыру көлемі 2025 жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғайды. Тартылатын қарыз капиталының құрылымына халықаралық қаржы институттары, қазақстандық банктер және «Бәйтерек» инвестициялық холдингі кіреді.

«Ұлттық жобаға жеке және шетелдік капитал тартылған. 2026 жылға мақұлданған қарыздық қаржыландырудың жалпы көлемі 625 млрд теңгені құрайды, оның ішінде: 6 жетекші халықаралық қаржы институттар қарастырылған. Бұл шаралар “ұзақмерзімді әрі төмен құны бар” қаржы ресурстарын тартуға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде коммуналдық қызметтердің өзіндік құнына түсетін жүктеме төмендейді», – деді ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев Үкімет отырысында.

28 июля 2026
Жол қауіпсіздігі – әрбір азаматтың жауапкершілігі.

 

Жол қауіпсіздігі – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Жол қозғалысы ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және өзара құрмет көрсету – адам өмірін сақтаудың басты кепілі. Қауіпсіз жол – қауіпсіз қоғамның негізі.
#ЗаңМенТәртіп #ҚауіпсізҚазақстан #ЖолҚауіпсіздігі #ҚауіпсізҚоғам #ЕрежеСақта #ӨмірдіСақта

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы