🔹 13 қазаннан бастап республикалық маңызы бар автожолында орташа жылдамдықты бақылау іске қосылды
13 қазаннан бастап «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облысында келесі бағыттарда бақылау жүйесін іске қосты.
▫️Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор);
▫️ Қандыағаш – Мақат.
Аталған жолдарда бақылау құрылғылары орнатылған аркалардың арақашықтығы өлшеніп, аппараттық-бағдарламалық кешендер сертификаттаудан өтті. Жүйе орташа жылдамдықты асыру деректерін тіркеп, тиісті мәліметтерді Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің (ӘІЖБТ) процессинг орталығына жолдайды.
2026 жылдың басынан бері республикалық автожолдарда орташа жылдамдықты асырудың 550 мың, ал белгіленген нүктедегі жылдамдықты асырудың 163,5 мың дерегі тіркелген. Жалпы жылдамдықты асыруға қатысты 713 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды.
Еске салайық, Қазақстанның республикалық автожолдарында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі 2025 жылғы 17 наурыздан бері жұмыс істейді.
___________________
🔹 С 13 октября на трассах региона начали фиксировать среднюю скорость
С 13 октября 2026 года АО «НК «ҚазАвтоЖол» запустил фиксацию нарушений скоростного режима на платных участках республиканских автодорог:
▫️ «Актобе – граница РФ (Оренбург)»;
▫️«Кандыагаш – Макат».
Система предназначена для фиксации превышений средней скорости и передачи соответствующих данных в Процессинговый центр Единого реестра административных производств (ЕРАП).
С начала 2026 года на республиканских автодорогах зафиксировано 550 тысяч нарушений средней скорости и 163,5 тысячи нарушений скоростного режима, выявленных при моментальном измерении скорости. В общей сложности это более 713 тысяч нарушений, связанных с превышением скорости.
Напомним, система контроля средней скорости действует на республиканских автодорогах Казахстана с 17 марта 2025 года.
Таза Қазақстан - ортақ міндет
Таза Қазақстан жалпы ұлттық экологиялық акциясы аясындағы қаланы көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік унверситеті жанындағы Жастар аллеясына 65 түп ағаш отырғызылды.
Жер – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық ресурстарының бірі. Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі ашық көрсету азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады.
Осы бағыттағы мемлекеттік қызметтердің бірі – «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі.
Аталған мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес көрсетіледі. Қолданыстағы қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті облыстардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдері жеке және заңды тұлғаларға көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет қандай мақсатта көрсетіледі?
Заңнамада белгіленген жекелеген жағдайларда мемлекет меншігіндегі жер учаскесіне құқықты сауда-саттық немесе аукцион өткізбей алу мүмкіндігі қарастырылған.
Мұндай жағдайларға, атап айтқанда, инвестициялық жобаларды іске асыру, өзіне тиесілі ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану және күтіп-ұстау, инженерлік-коммуникациялық желілерді орналастыру, көлік және энергетика объектілерін салу, сондай-ақ заңнамада көзделген басқа да жағдайлар жатады.
Қызметті кімдер ала алады?
Мемлекеттік қызметті жеке және заңды тұлғалар ала алады.
Қызмет жер учаскесі орналасқан аумақ бойынша тиісті жергілікті атқарушы органға немесе ауылдық округ әкіміне белгіленген тәртіппен өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.
Өтінішті қалай беруге болады?
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш пен қажетті құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе электрондық форматта портал арқылы қабылданады.
Өтініште жер учаскесін алудың заңнамада көзделген негізі, жер учаскесінің нысаналы мақсаты, орналасқан жері және қажетті өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Жер учаскесінің орналасу ерекшелігі мен оны алу негізіне қарай сұратылатын құжаттардың тізбесі де өзгереді. Негізгі құжаттардың бірі – сұратылып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары). Кейбір жағдайларда инвестициялық жобаға, құрылысқа, инженерлік желілерге немесе жер қойнауын пайдалануға қатысты растайтын құжаттар ұсынылады.
Қызмет көрсету нәтижесі қандай?
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде жер учаскесіне құқық беру туралы тиісті шешім қабылданады.
Жер учаскесінің құқықтық мәртебесіне және оны беру негізіне қарай сатып алу-сату шарты немесе уақытша өтеулі не өтеусіз жер пайдалану шарты жасалуы мүмкін.
Егер заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
Қызмет көрсету рәсімі жер учаскесінің нысаналы мақсатына, оны беру негізіне және қажетті рәсімдердің жүргізілуіне байланысты жүзеге асырылады.
Электрондық үкімет порталындағы қызмет мәліметтеріне сәйкес, рәсімнің бірінші кезеңінде жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі анықталып, қажет болған жағдайда жер учаскесін таңдау актісі және жер комиссиясының қорытындысы дайындалады. Келесі кезеңде жерге орналастыру жобасы негізінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданады.
Қызмет көрсету ақысы
Аталған мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Бұл ретте жер учаскесінің өзін кейін жеке меншікке сатып алу немесе жер пайдалану құқығын рәсімдеу кезінде заңнамада көзделген төлемдер қолданылуы мүмкін.
Қызмет көрсетуден бас тарту жағдайлары
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға ұсынылған құжаттардағы немесе мәліметтердегі деректердің дұрыс болмауы, белгіленген талаптарға сәйкес келмеу, қажетті келісімдердің болмауы және заңнамада көзделген басқа да негіздер себеп болуы мүмкін.
Сондықтан өтініш берушілер құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкес толық әрі дұрыс ұсынуы қажет.
Қорытынды
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықты немесе аукционды өткізбей алу заңнамада нақты белгіленген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
Азаматтар мен заңды тұлғалар мемлекеттік қызметті алу кезінде өз құқықтары мен міндеттерін білуі, қажетті құжаттарды алдын ала дайындауы және өтінішті белгіленген тәртіппен ұсынуы маңызды.
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру азаматтарға қажетті қызметтерді электрондық форматта алуға, өтініштердің қаралу барысын бақылауға және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Саралжын ауылдық округінің әкімі аппараты
Зорлық-зомбылық – ешқашан мәселенің шешімі емес. Әр адам қауіпсіз өмір сүруге, құрмет пен қамқорлыққа лайық. Зорлықты көрсең – үнсіз қалма, көмекке мұқтаж жанға қолдау көрсет. Бейжайлыққа жол жоқ! Қауіпсіз отбасы – бақытты болашақтың бастауы.
#ЗаңМенТәртіп #ЗорлықЗомбылыққаЖолЖоқ #ҚауіпсізОтбасы #БейжайҚалма #ҚоғамдықҚауіпсіздік
Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді.
Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.
Жиын Маңғыстау облысында өткен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшіні бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
https://kaz.inform.kz/news/olga-shmeleva-men-tatyana-tokarnitskaya-aziya-oyindarinin-kums-zhuldeger-atandi-c2d182b3/
Зорлық-зомбылық – адамның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, қоғамға зор қауіп төндіретін әрекет. Әрбір азамат қауіпсіз орта қалыптастыруға және зорлық-зомбылықтың алдын алуға үлес қосуы тиіс.
⚠️ Есіңізде болсын! Зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Құрмет пен жауапкершілік – қауіпсіз қоғамның негізі.
Қауіпсіз қоғам – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!
НҰРҚАНАТ ӘЖІҚАНОВ ҚАЗАҚСТАНҒА КАРАТЭДЕН БЕСІНШІ ЖҮЛДЕНІ ӘКЕЛДІ
🇰🇿🥉 Нұрқанат Әжіқанов Айти–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Бұл — Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы каратэден екінші қола және жалпы бесінші жүлдесі.
Осылайша, қазақстандық каратэшілердің еншісінде қазір бес медаль бар: екі алтын, бір күміс және екі қола.
ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІК – ТҰРАҚТЫ ҚОҒАМ НЕГІЗІ Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Заң талаптарын құрметтеу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу – елдегі тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі. «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.
Ақтөбе облысында жаңа жедел жәрдем қосалқы станциясы мен бірқатар медициналық нысанның құрылысына 5,7 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясында қойған міндеттері шеңберінде Үкімет өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды озық қарқынмен дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде. Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаны жүзеге асыруға 5,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаражат Ақтөбе қаласында жаңа жедел жәрдем қосалқы стансасына және Ырғыз ауданындағы емханаға, Жаңақоныс тұрғын алабындағы облыстық психикалық денсаулық орталығына қосымша ғимараттар салуға бағытталды. Барлық нысандарды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Ақтөбе қаласындағы Қарғалы тұрғын алабында құны 3 млрд теңгеден асатын, 10 санитарлық машина сиятын гаражбен жабдықталған, жылына 25 мың шақыртуға баруға арналған жедел және шұғыл медициналық көмектің жаңа қосалқы станциясы салынады. Жаңа қосалқы станция бригадалардың келу уақытын қысқартуға және Қарғалы, Ақжар, Көктем, Қызылжар сынды басқа да қала маңындағы аумақтардың қарқынды дамып келе жатқан тұрғын алаптарының тұрғындары үшін шұғыл көмектің жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған қосалқы станцияның жеті бригадасы шамамен 110 мың адамға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ осы аудандардың белсенді дамуы жедел жәрдем қызметіне жүктеменің одан әрі артуына әкеледі.
Сонымен қатар өңірдегі қолданыстағы медициналық ұйымдардың қуатын кеңейтуге бағытталған екі жобаға қаражат бөлінді. Жаңа нысандардың пайдалануға берілуі есебінен кабинет қоры кеңейтіліп, пациенттерді қабылдау жағдайы жақсарады. Атап айтқанда, Ырғыз аудандық ауруханасының жанынан ауысымына 300 адам қабылдауға арналған құны 1,3 млрд теңге болатын екі қабатты емхана ғимараты салынады. Жаңақоныс тұрғын алабындағы облыстық психикалық денсаулық орталығына құны 1,4 млрд теңге болатын екі қабатты ғимарат салынады.
Жалпы, осы жобаларды жүзеге асыру медициналық инфрақұрылымды одан әрі жаңартуға және азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.