GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Все материалы
08 сентября 2026
Қазақстанда автомобиль жолдарындағы электр көліктерін қуаттандыру станцияларының желісі кеңейіп келеді Бүгінгі таңда еліміздің негізгі автомобиль бағыттарының бойында Қазақстанның 13 өңірінде орналасқан 62 электр көліктерін қуаттандыру станциясы (ЭҚС) жұмыс істейді. Оларды дамыту өңірлер арасында қатынайтын электромобиль иелері үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Станциялардың ең көп саны Алматы және Жамбыл облыстарында – 12-ден, сондай-ақ Ақмола және Қарағанды облыстарында – 8-ден орналасқан. ЭҚС Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында да жұмыс істейді. Атап айтқанда, желі елдің әртүрлі көлік бағыттарын қамтиды. Мысалы, «Астана – Алматы» автожолында 13 станция, «Астана – Петропавл» бағытында 7, «Алматы – Өскемен» трассасында 6 станция орналасқан. Халықаралық көлік дәліздері бойында зарядтау инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолы бойында 19 электр зарядтау станциясы орнатылған. Орнатылған ЭҚС-тардың қуаты 60-тан 320 кВт-қа дейінгі аралықты құрайды. Бұл электромобиль иелеріне негізгі республикалық және халықаралық бағыттар бойынша сапарларын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. ЭҚС желісін одан әрі кеңейту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылға арналған жоспарда халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 27 жаңа автожанармай құю станциясын салу көзделген, ал электр көліктерін қуаттандыру станцияларын сол жоспарланған нысандарда орналастыру қарастырылған. Мысалы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында 7 ЭҚС орнату жоспарлануда. Көлік министрлігі жол саласындағы ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа объектілер салу және қолданыстағыларды Ұлттық стандарттың талаптарына сәйкестендіру мәселелері бойынша жол бойындағы сервис нысандарының жеке инвесторлары мен иелерімен жұмыс жүргізуде.
07 сентября 2026
Құндылықтар мен болашақ - Қазақстан Республикасы қызметінің қағидаттары #ЖаңаКонституция #Конституция
14 августа 2026
Ішімдік – адамның денсаулығына, отбасына және қоғамға кері әсерін тигізетін зиянды әдет.

Ол түрлі құқық бұзушылықтарға, жол-көлік оқиғаларына және денсаулықтың нашарлауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстанып, ішімдіктен бас тарту – әрбір азаматтың дұрыс таңдауы.

14 июля 2026
Электр самокаттарын пайдалануға қатысты жаңа талаптар күшіне енді

1 шілдеден бастап жалға берілетін электр самокаттарын пайдалануға қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Енді әрбір жалға берілетін электр самокатына тіркеу нөмірі беріледі. Соның нәтижесінде жол қозғалысы ережесін бұзған самокат жүргізушілері бейнебақылау камералары арқылы анықталатын болады. Сонымен қатар электр самокатын пайдаланатын әрбір азамат үшін сақтандыру полисінің болуы міндеттелді.

Сондай-ақ кикшеринг компаниялары электр самокаттарының техникалық жарамдылығын қамтамасыз етуге, олардың жылдамдығы мен орналасқан жерін бақылауға, арнайы белгіленген аумақтарда жылдамдықты автоматты түрде шектеуге, самокаттардың ретсіз қалдырылуына жол бермеуге, олардың есебін жүргізуге және қажетті мәліметтерді ішкі істер органдарына ұсынуға міндетті.

Бұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркін Өтеген өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Егер самокат пайдаланушысының жүргізуші куәлігі болмаса, оған автомобиль жүретін жолмен жүруге рұқсат етілмейді. Бұл талаптың сақталуын кикшеринг қызметі қатаң бақылауы қажет», – деді спикер.

09 июля 2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

Мемлекеттік қызметтерді үйден не жұмыс орныңыздан шықпай-ақ алыңыз: «Жеке менеджер» қызметі қалай жұмыс істейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтардың қажеттіліктеріне қарай мемлекеттік қызметтерді көрсету форматтарын үнемі жетілдіріп келеді. Солардың бірі – «Жеке менеджер» сервисі. «Жеке менеджер» қызметі халыққа қызмет көрсету орталықтарында, көшпелі қызмет көрсету форматында да қолжетімді. Аталған қызмет әсіресе кішкентай баласы бар ата-аналарға, жұмыс кестесі тығыз азаматтарға, кәсіпкерлерге және денсаулығына байланысты қозғалысы шектеулі жандарға өте қолайлы, яғни Халыққа қызмет көрсету орталығына келуге мүмкіндігі жоқ азаматтардың барлығына арналған. «Жеке менеджер» қызметі 2024 жылдан бастап іске қосылды және қазіргі таңда көптеген мемлекеттік қызметтерді үйде, кеңседе немесе сіз үшін ыңғайлы кез келген жерде алуға мүмкіндік береді. Тек жеке куәлік, төлқұжат, жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу қызметтері бұл сервис арқылы көрсетілмейді. Қызмет көрсететін маман сіздің өтінішіңіздің негізінде, алдын ала келісілген уақытта келеді. Қызмет құны – 7447 теңге, оған ұйымдастыру мен жеткізу шығындары кіреді. Қызметті пайдалану үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтына кіріп, «Жеке менеджер» бөліміндегі «Өтінім қалдыру» батырмасын басып, қажетті ақпаратты енгізу керек. Одан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мамандары сізбен хабарласып, келу уақытын нақтылайды. Сондай-ақ, өтінімді «ЦОН» мобильдік қосымшасы және 1414 байланыс орталығы арқылы да беруге болады. Операторлар кеңес беріп болған соң, сізге сілтеме жазылған жеке SMS-хабарлама жіберіледі. Сілтемеге өтіп, өтінімді онлайн беруге болады.​Айта кетейік, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзінде де «Жеке менеджер» сервисі қарастырылған. Бұл қызметті орталықта қолдансаңыз, сізге басымдығы бар талон беріледі. Одан кейін қызмет көрсету туралы келісімшарт жасалады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бұл қызметтің құны – 5697 теңге, ал мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында – 6306 теңгені құрайды.​Ақтөбе облысы бойынша 2026 жылдың басынан бері аталған сервиспен халыққа қызмет көрсету орталықтарында 2657 келісімшарт жасалған (оның ішінде қалалық бөлімдер – 1186, аудандық бөлімдер – 1471). Мамандандырылған бөлімінде – 402 келісімшарпен қызмет көрсетілген. Сонымен қатар, жыл басталғалы «Жеке менеджер» сервисіне көшпелі қызмет көрсету форматында 14 қызметалушы жүгінген. Мемлекеттік корпорация азаматтардың қажеттіліктерін ескеретін және мемлекетпен өзара байланысты жеңілдететін қызметтерді кезең-кезеңімен енгізуді жалғастырады.

03 июля 2026
«Мемлекеттік мектепті екінші қатардағы білім ордасы ретінде қабылдайды» – Жұлдыз Сүлейменова

Министр ата-аналардың балаларын жекеменшік мектептерге немесе қосымша білім беру орталықтарына беруіне қатысты сұраққа жауап берді.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында мемлекеттік мектептерге деген сенімнің әлсіреуі және қоғамның оларға деген көзқарасы туралы өз пікірін білдірді.

02 июля 2026
ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі – ел тарихындағы маңызды кезең. Ата Заңда алғаш рет адам капиталын, білім беру жүйесін, ғылымды және серпінді инновацияларды дамыту басымдықтары ең жоғары конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл маңызды қадам ел дамуының жаңа іргелі бағдарларын айқындап, оның өзегіне адамды, оның білімі мен кәсіби құзыреттерін, зияткерлік әлеуетін толық жүзеге асыру мүмкіндігін қойды. Отандық ғылым мен жоғары білім саласы үшін бұл өзгерістер сапалы кадрлар даярлауға, заманауи ғылыми-зерттеу ортасын дамытуға және озық инновацияларды енгізуге қолайлы экожүйе қалыптастыруға бағытталған жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Мемлекет тарихында алғаш рет білім экономикасына көшуге бағытталған стратегиялық міндеттер осындай берік құқықтық негізге ие болды. Жаһандық технологиялық сын-қатерлер дәуірінде жаңа Конституция білім сапасы мен болашақ технологияларын жедел меңгеру қабілеті Қазақстанның әлемдік аренадағы қуатының, егемендігінің және жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші екенін нақты айқындайды. Бұл конституциялық қағидаттар бүгінде нақты заңнамалық шешімдер арқылы кезең-кезеңімен іске асырылып келеді.

 
01 июля 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Бүгіннен бастап Қазақстанда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енді. Жаңартылған Ата заңға сәйкес, теңге Қазақстан Республикасының бірден-бір ұлттық валютасы ретінде ресми түрде бекітілді. Сондай-ақ теңгені шығаруға (эмиссиялауға) айрықша құқық тек Қазақстан Республикасына тиесілі екені Конституцияда нақты белгіленді.

29 июня 2026
ЕКПА депутаттары Қазақстандағы саяси реформаларды қолдады Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясында (ЕКПА) «Қазақстандағы конституциялық референдум: реформалардың жаңа кезеңі» атты жазбаша декларация қабылданып, онда 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындылары негізінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қолдау білдірілді.

Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясында (ЕКПА) «Қазақстандағы конституциялық референдум: реформалардың жаңа кезеңі» атты жазбаша декларация қабылданып, онда 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындылары негізінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қолдау білдірілді.

15 июня 2026
Ақтөбеде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «JasylCross – 2026» экологиялық плоггингіне 500-ге жуық жас қатысып, бір күннің ішінде 1317 қап қоқыс жинады.

🌱 Богослов тас жолы бойында өткен ауқымды экологиялық акция өңірдегі ең ірі бастамалардың біріне айналды. Шараға жас экобелсенділер, волонтерлар, жастар ұйымдарының мүшелері, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары және қоғам белсенділері қатысып, табиғатты тазарту ісіне өз үлестерін қосты.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы