«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппарат» мемлекеттік мекемесі 2024 жылғы 11 қыркүйекте сағат 10.00-де өтетін «Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің м.а . 2024 жылғы 15 тамыздағы №107 өкіміне сәйкес «Ойыл ауылдық округі әкімінің аппарат» ғимаратында конкурс өтетінін хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы: 2024 жылғы 19 тамыз сағат 09.00
Өтінімді қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 11 қыркүйек сағат 09.00
Өтетін орны: Көкжар 69 кабинет 201
Талаптар:
-контейнерлерді жуужәне дезинфекциялау айына 2 рет жүргізілуі тиіс.
-ҚТҚ шығару Орындаушының мамандырылған автокөлігінде қалдықтарды орналастыру және кәдеге жарату бойынша арнайы бөлінген орындарға жүзеге асырылуы тиіс.
-ҚТҚ шығару Тапсырыс берушінің талабы бойынша 4 ретке дейін жүргізіледі.
-ҚТҚ -ны қосымша әкету қажеттілігі туындаған кезде Орындаушы оны Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Тапсырыс беруші тарапынан қандай бір қосымша шығындарсыз жүзеге асыруға тиіс.
-Халықтан төлем факті бойынша ай сайын жүргізіледі.
Жеткізушіде:ҚТҚ шығаруға арналған техника қоқыс таситын көліктер болуы тиіс.