«JasylCross – 2026» экологиялық плоггингіне 500-ге жуық жас қатысып, бір күннің ішінде 1317 қап қоқыс жинады.
Соның бірі – Темір ауданы, Кеңқияқ ауылындағы 600 орындық жаңа мектеп. Құрылысы аяқталуға жақын білім ордасында заманауи кабинеттер мен сапалы білім алуға барлық жағдай қарастырылған. Жоба аясында облыста 11 400 оқушы жаңа мектептермен қамтылды.
Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды.
Жоба аясында Астана мен Алматыда дарынды балаларға арналған мектептер мен таланттарды дамыту орталықтарын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы мемлекеттер басшылары деңгейіндегі кездесулер барысында айтылды. Онда математика, физика, химия, биология және ІТ бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары іске қосылады.
Еліміздің барлық мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Оның ішінде 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Оқу жылының қорытындысы бойынша 9-сыныпты үздік аяқтауға үміткерлер саны 31 мыңнан астам оқушыны құрайды. Ал 11-сыныпты үздік аяқтауға 18 мың оқушы үміткер. Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 420 мыңнан астам педагог еңбек етуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 заманауи мектеп пайдалануға берілді. Оның 84-і ауылдық елді мекендерде орналасқан. Қазіргі таңда бұл мектептерде 220 мыңнан астам оқушы білім алып, 16 мыңға жуық педагог жұмыс істеуде.
Оқу жылының аяқталуына орай 25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Сынып сағаттарында оқу жылы қорытындыланып, оқушылардың жетістіктері мен жарқын сәттері еске алынады. Сондай-ақ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарына, білім мен ғылымға құрметті арттыруға, инновациялық ойлауды дамытуға Халықтық Конституцияда айқындалған басты стратегиялық бағыт ретінде ерекше назар аударылады. Оқушыларға жазғы каникул кезінде оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі таныстырылады.
Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы мен қаулысына сәйкес мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында салтанатты іс-шараларды мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізуге тыйым салынады.
Ата-аналардан, заңды өкілдерден және білім алушылардан салтанатты іс-шараларға байланысты ақша жинауға, сыйлықтар мен өзге де материалдық құндылықтар талап етуге жол берілмейді. Ал аттестаттар мен дипломдарды салтанатты табыстау рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында ұйымдастырылады.
Бірлескен бұйрық білім алушылар арасында мектеп бітіру іс-шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік пен қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» идеологиясын нығайтуды көздейді.
Қазақстан мен Түркия өзара сауда-саттық көлемін 15 млрд долларға жеткізу ниетін растады.
Бұл туралы Тәуелсіздік сарайында өткен Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 6-отырысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған айтты.
♻️ «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласындағы №15 мектептің «Жас сақшы» сыныбы оқушылары республикалық ағаш отырғызу челленджіне қатысты.
📌 Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мен оқушылар бірлесіп «Жас сақшы» аллеясының негізін қалады. Мектеп аумағына отырғызылған ағаш көшеттері экологиялық жауапкершіліктің, патриотизмнің және ұрпақтар сабақтастығының символына айналмақ.
🎯 «Жас сақшы» аллеясын құрудың негізгі мақсаты — жас ұрпаққа табиғатқа жанашырлықпен қарауды үйрету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және белсенді азаматтық ұстанымды дамыту.
🌱 Акция барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсініп, табиғатқа ұқыпты қарау қажеттігін іс жүзінде көрсетті.
Мемлекет Басшысының тапсырмасымен 2023-2025 жылдары елімізде балалардың сапалы және тегін білім алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылды.
Жобаның негізгі мақсаты - әрбір баланы тұрғылықты жері мен әлеуметтік жағдайына қарамастан сапалы әрі қолжетімді біліммен қамтамасыз ету.
Келешек мектептері – білімнің жаңа кеңістігі
Қазіргі таңда білім беру жүйесі қоғам дамуының басты тірегіне айналды. Осы бағытта елімізде қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы білім саласын жаңғыртуға бағытталған ауқымды әрі стратегиялық бастама ретінде ерекшеленеді. Оның негізгі мақсаты – әрбір балаға сапалы, қолжетімді және заманауи білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.