GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 октября 2026
Ақтөбеде заманауи IT-технологияларды тегін меңгеруге мүмкіндік беретін AQTOBE IT HUB ашылды

Республика күні қарсаңында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің базасында заманауи білім беру орталығы – AQTOBE IT HUB ашылды. Мұнда бағдарламалау, робототехника, жасанды интеллект және басқа да цифрлық бағыттар бойынша білім беріледі.

🔵 Жаңа орталық оқушылар мен жастардың сұранысқа ие дағдыларды меңгеруіне, өз жобаларын жүзеге асыруына және болашақ мамандықтарға дайындалуына септігін тигізеді.

🔹 Облыс әкімі Асхат Шахаровқа жаңа алаңның мүмкіндіктері, заманауи жабдықтары мен оқыту бағыттары таныстырылды.

💬 «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде жасанды интеллекті, цифрлық технологияларды дамыту және білікті IT-мамандар даярлау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Балалар мен жастардың заманауи технологияларды меңгеріп, сапалы білім алуына және бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасау маңызды. Сапасы жоғары жабдықтарды пайдалануға кез келген адамның мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан жастардың қабілетін дамыту, өз жобаларын жүзеге асыру және сұранысқа ие мамандықтарға дайындалуына қажетті жағдай жасап жатырмыз. AQTOBE IT HUB жаңа идеялар мен практикалық білімнің, кәсіби дамудың орталығына айналады деп сенемін», – деді Асхат Шахаров.

Өңір басшысы орталықтың жұмысы облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатынын атап өтті. Бұл шетелдік мамандарды тартуға, жергілікті педагогтердің біліктілігін арттыруға және тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастыруға сеп. Қарастырылған бағдарламалар бойынша оқу тегін жүргізіледі. Осылайша, өңір тұрғындары заманауи технологияларды меңгеріп, IT-мамандықтарды игеруге қосымша мүмкіндік алады.

Іс-шара барысында жаңа кеңістіктің мүмкіндіктері, заманауи жабдықтар мен оқу кабинеттерінің жұмысы көрсетілді. Орталық өңір тұрғындары үшін қолжетімді болады.

23 октября 2026
Ақтөбе облысының гидротехникалық құрылыстарына қызмет көрсететін жаңа техникалардың кілттері табысталды

Республика күніне орай Садовое тұрғын үй алабының экосаябағында өңірдегі гидротехникалық құрылыстарға қызмет көрсетуге қауқарлы арнайы техникалардың кілттерін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты.

💬 «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында су мәселелерін шешудің әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық даму үшін маңыздылығын атап өтті. Бұл міндеттер гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстау мен жөндеуді қоса алғанда, жүи‌елі жұмысты талап етеді.

Ақтөбе облысында елді мекендерді су басу қаупінен қорғау және гидротехникалық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілуде. Биыл бес бөгет жөнделді. Алдағы уақытта бұл жұмыстың тиімділігін арттыру үшін мекеменің материалдық-техникалық базасын нығаи‌тып, мамандарды қажетті техникамен қамтамасыз ету және жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуге жағдаи‌ жасау қажет. Бұл су шаруашылығы нысандарының сенімділігін арттырып, өңірдің су қауіпсіздігін нығаи‌туға септігін тигізеді», – деді Асхат Шахаров.

Салтанатты рәсім барысында өңірдегі гидротехникалық құрылыстарға қызмет көрсететін мекемеге арнаи‌ы техника мен көлік құралдарының 26 бірлігі тапсырылды. Олардың қатарында жұмысшыларды тасымалдауға арналған автокөліктер, автокрандар, шынжыр табанды экскаватор, тиегіш, кран-манипуляторлар, бұрғылау машинасы, тартқыштар және басқа да арнайы техника бар.

Жаңа техника гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарының жеделдігі мен сапасын арттыруға, сондаи‌-ақ су басу қаупінің алдын алу және су шаруашылығы нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшеи‌туге мүмкіндік береді.

2025 жылы мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 355 млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа екі фронтальды тиегіш, шынжыр табанды экскаватор, жол катогы, жер снаряды, сондаи‌-ақ қосалқы техника мен жабдықтар сатып алынды.

.

22 октября 2026
«Ақтөбе - Хромтау» жолының бір бөлігі ашылды

«Ақтөбе - Хромтау» жолының бір бөлігінде құрылыс жұмысы аяқталды. Инфрақұрылымдық нысанның ашылу салтанатына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Ақтөбе облысындағы бөлігінде қайта жаңғырту жұмыстары 2024 жылы басталды. Облыс орталығынан Хромтау, Қарабұтақ, Ұлғайсын арасындағы 262 шақырым жол 7 учаскеге бөлініп, мердігерлер бекітілген.

Жоба бойынша республикалық маңызы бар жол бірінші техникалық санатқа сай болуы тиіс. Қазір Ақтөбе облысында үш көлік дәлізінің құрылысы жүріп жатыр. Ақтөбе мен Ұлғайсын арасын байланыстыратын бағыттан бөлек «Астана - Орталық - Батыс» автомагистралі мен «Бейнеу - Сексеуіл» жобасы бар.

Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
- Бұл өте үлкен жоба. Осы үш жобаға үш триллионға жуық қаражат бөлінді - бұл өте үлкен қаражат. 1900 шақырымның үстіндегі жобалар мұның барлығын есептесек. Осы алдағы үш жылдың ішінде құрылысы аяқталып, ел игілігіне табыстайтын боламыз.

Дереккөз: 24.kz

20 октября 2026
Ақтөбе облысында төрт жолақты “Ақтөбе - Қарабұтақ - Ұлғайсын” автожолының 28 шақырымы пайдалануға берілді

Ақтөбе облысында халықаралық маңызы бар «Самара – Шымкент» көлік дәлізінің 28 шақырымында қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұрын екі жолақты болған жол енді төрт жолаққа кеңейтіліп, қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындары бір-бірінен бөлінді.

«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолының 791–819 шақырым аралығындағы жаңартылған бөлігінің ресми ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев, мердігер ұйымдар мен жол саласының өкілдері қатысты.

Қайта жаңғырту нәтижесінде жол I техникалық санатқа ауыстырылды. Енді көліктер әр бағытта екі жолақпен қозғалады. Қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындарының бөлінуі бетпе-бет соқтығысу қаупін азайтып, жеңіл және жүк көліктерінің қауіпсіз қатынауына мүмкіндік береді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің айтуынша, жобаның басты мақсаты – жолақ санын көбейту ғана емес, ең алдымен жол қауіпсіздігін арттырып, жүргізушілерге қолайлы жағдай жасау.

💬 «Біз үшін ең маңыздысы – қанша шақырым жол салғанымыз емес, сол жолдың халық үшін қаншалықты қауіпсіз әрі қолайлы болғаны. Былтыр осы бағыттағы алғашқы екі жолақпен қозғалысты ашқан едік. Бүгін төрт жолақтың барлығы пайдалануға беріліп отыр. Қарама-қарсы бағыттағы көліктер енді бөлек жүреді. Бұл күн сайын жеңіл және ауыр жүк көліктері қатынайтын халықаралық жол үшін аса маңызды. Алда осы бағыттағы қалған бөліктерді жаңғырту міндеті тұр. Біздің мақсатымыз – 262 шақырымның өн бойында осындай қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету», – деді Дархан Иманашев.

28 шақырымдық жолда ауқымды құрылыс жұмыстары атқарылды. Жол жамылғысының барлық қабаты төселіп, 3,66 млн текше метр жер жұмыстары жүргізілді. Екі көпір, екі жол өтпесі және екі көлік айрығы салынды. Сондай-ақ мал айдап өткізуге арналған бес өткелді қоса алғанда, 46 су өткізу құрылысы тұрғызылды.

Құрылысқа 490 маман мен 380 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды.

19 октября 2026
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында этнопарк ашылды

Ақтөбе облысында кәсіпкер Жандос Исин «Ауыл аманаты» бағдарламасының қолдауымен туристік жобаны жүзеге асырды. Су қоймасының жағасында орналасқан этнопарк аумағында бес киіз үй жабдықталған. Мұнда келушілер табиғат аясында демалып, қазақ халқының мәдениетімен және дәстүрлі тұрмысымен таныса алады.

Этнопарк құру идеясы кәсіпкерде Мемлекет басшысының Жолдауларының бірінде туризмді дамыту мәселесі көтерілгеннен кейін пайда болған. Жандос Исин осы бағытқа өз үлесін қосып, қонақтар тек демалып қана қоймай, қазақ халқының тарихы мен дәстүрлеріне де жақынырақ үңіле алатын орын ашуды ұйғарған.

💬 «Президент өзінің Жолдауларының бірінде ішкі туризмді дамыту мәселесін көтерді. Біз Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқанбыз. Сондықтан қонақтарды қабылдап қана қоймай, оларды қазақ халқының мәдениетімен таныстыратын туристік нысан құру туралы ой келді», — дейді Жандос Исин.

Кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы туралы естігеннен кейін бизнес-жоспар әзірлеп, «Ақтөбе» ӘКК-не жүгінген. Өтінімі мақұлданған соң этнопарк құру жұмыстарына кіріскен.

Алғашқы кезеңде ауданы 40 шаршы метр болатын киіз үйі бар шолу алаңы салынды. Уақыт өте келе аумақ кеңейіп, бүгінде мұнда ұлттық нақышта безендірілген бес киіз үй орналасқан.

🛖Этнопарктің ерекшелігі — оның табиғи ортасы мен ұлттық сәулет үлгісінде. Жақын маңда су қоймасы бар, ал аумақта демалыс аймағы жабдықталған. Мұнда келушілер таза ауада тынығып, табиғат аясында уақыт өткізе алады.
Этнопарктің ұлттық келбетін саз балшықтан тұрғызылған саман үйлер мен дәстүрлі тұрмыс элементтері толықтырады. Олар қазақ ауылының атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді.

Киіз үйлердің іші де ұлттық нақышта безендірілген. Мұнда сандықтар мен қазақтың дәстүрлі тұрмысында қолданылған басқа да бұйымдарды көруге болады. Кәсіпкер олардың көпшілігін түрлі елді мекендердің тұрғындарынан жинаған. Ол интерьердің әрбір бөлшегі арқылы қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшелігі мен рухын жеткізуге тырысқан.

16 октября 2026
Қарауылкелді ауылында жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Осы бастама аясында Ақтөбе облысы Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылындағы теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, халық игілігіне берілді.

Жаңартылған нысанның ашылу рәсіміне Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өкілдері, теміржол саласының ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

🔹 Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев Президент тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың маңыздылығына тоқталып, жаңғыртылған вокзалдың тұрғындар мен жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

💬 «Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылындағы теміржол вокзалы жаңартылып, ел игілігіне беріліп отыр. Жаңа вокзал ауыл тұрғындары мен жолаушыларға сапалы қызмет көрсетіп, ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға үлес қосады деп сенемін. Осы игі іске атсалысқан барша азаматқа алғыс білдіремін», – деді Асылбек Есенбаев.

Қарауылкелді теміржол станциясының тарихы 1945 жылдан бастау алады. Алғашқы вокзал ғимараты 2011 жылға дейін пайдаланылып, кейін жаңа ғимарат салынған. Бүгінде нысан заманауи талаптарға сай қайта жаңғыртылып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалды.

Жобаның жалпы сметалық құны 356 млн теңгеден асады. Құрылыс жұмыстары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылды.

📌 Жаңғырту аясында жалпы ауданы 207,73 шаршы метрді құрайтын бір қабатты вокзал ғимараты жаңартылып, 25 орындық күту залы жабдықталды. Сонымен қатар вокзал маңы абаттандырылып, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарына қатты жабын төселді, аумақ көгалдандырылды. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында перрон 150 метрге ұзартылды.

Айта кетейік, Қарауылкелді теміржол станциясы арқылы тәулігіне 20 жұп жүк пойызы және 6 жұп жолаушылар пойызы қатынайды. Бұл станция ауданның көлік-логистикалық жүйесінде маңызды орын алады.

15 октября 2026
Ақтөбе облысында 2026–2027 жылдардың қысқы кезеңіне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дайындау жұмыстары жалғасуда

Өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1 875 шақырым, оның 262 шақырымында реконструкция жұмыстары жүргізілуде. Қалған 1 613 шақырым жолды күтіп-ұстауды «ҚАЖсервис» ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының алты жол пайдалану бөлімшесі мен тоғыз пункті қамтамасыз етеді. Филиалда 375 қызметкер жұмыс істейді.

Қыс мезгілінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы техниканың 126 бірлігі дайындалды. Олардың қатарында роторлы қар тазалағыштар, автогрейдерлер, тракторлар, тиегіштер, бульдозерлер, экскаваторлар және аралас жол машиналары бар.

Сондай-ақ автомобиль жолдарының бойында 99 жатын орны бар 15 жылыту пункті қарастырылған. Қысқы кезеңге дайындық аясында құм, тұз және көмір қоры жасақталып, қардан қорғайтын қалқандар мен «Тайғақ жол» ескерту белгілері дайындалуда.

Қабылданып жатқан шаралар қысқы қолайсыз ауа райы жағдайында көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған.

14 октября 2026
13 қазаннан бастап республикалық маңызы бар автожолында орташа жылдамдықты бақылау іске қосылды

13 қазаннан бастап «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облысында келесі бағыттарда бақылау жүйесін іске қосты.

▫️Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор);
▫️ Қандыағаш – Мақат.

Аталған жолдарда бақылау құрылғылары орнатылған аркалардың арақашықтығы өлшеніп, аппараттық-бағдарламалық кешендер сертификаттаудан өтті. Жүйе орташа жылдамдықты асыру деректерін тіркеп, тиісті мәліметтерді Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің (ӘІЖБТ) процессинг орталығына жолдайды.

2026 жылдың басынан бері республикалық автожолдарда орташа жылдамдықты асырудың 550 мың, ал белгіленген нүктедегі жылдамдықты асырудың 163,5 мың дерегі тіркелген. Жалпы жылдамдықты асыруға қатысты 713 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды.

Еске салайық, Қазақстанның республикалық автожолдарында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі 2025 жылғы 17 наурыздан бері жұмыс істейді.

14 октября 2026
Басқарма басшысы А.Қайыр автоматтандырылған өлшеу станциясын орнату жобасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын тексерді.

«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы А.Қайыр «Шұбарқұдық – Ойыл – Қобда – Соль-Илецк» автомобиль жолында автоматтандырылған өлшеу станциясын орнату жобасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын тексерді.

Аталған жобаны іске асыру жол жамылғысының сақталуына, рұқсат етілген салмақ нормаларынан асатын ауыр жүк көліктерінің қозғалысын болдырмауға және автомобиль жолының қызмет ету мерзімін ұзартуға бағытталған. Автоматтандырылған өлшеу станциясын орнату көлік құралдарының салмақ параметрлерін бақылауға және жол инфрақұрылымының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

12 октября 2026
«Ақтөбе – Ұлғайсын» автожолын реконструкциялау жұмыстары жалғасуда

«Ақтөбе – Ұлғайсын» автожолының жалпы ұзындығы 260 шақырымнан асатын жеті учаскесінде реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс аясында жер төсемі салынып, жол жабыны төселуде, көпірлер мен су өткізу құбырлары салынуда. Жобаны толық аяқтау 2029 жылға жоспарланған.

Ұзындығы 28 шақырым болатын бірінші учаскеде (791–819-шақырымдар) негізгі жер жұмыстары аяқталуға жақын. Мұнда шамамен 3,6 млн текше метр топырақ қазылып, төселген. Жолдың жоғарғы қабатына арналған щебенді-мастикалық асфальтбетон жабыны оң жақ бөлікте шамамен 26 шақырымға, сол жақ бөлікте 28 шақырымға төселді.

Сонымен қатар 45 су өткізу құбыры орнатылып, мал айдап өтуге арналған бес өткел салынды. Сондай-ақ 24 шақырымға жуық жол қоршауы орнатылды. Қазір учаскеде 270-тен астам маман мен 150-ге жуық техника жұмыс істеп жатыр. Жыл соңына дейін жолдың екі бағытында да көлік қозғалысын ашу жоспарланған. Ал учаскедегі реконструкция жұмыстарын 2027 жылы аяқтау көзделген.

Қалған алты учаскеде де жалпы ұзындығы 230 шақырымнан асатын жол бөліктерінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша жоспарланған шамамен 29 млн текше метр жер жұмысының 7 млн текше метрге жуығы орындалды. Сонымен қатар жол негізін салу, инженерлік желілерді қайта орналастыру, көпірлер мен су өткізу құбырларын салу жұмыстары қатар атқарылуда.

Бұл учаскелерде 1,3 мыңнан астам маман мен 1 мыңға жуық техника жұмылдырылған. Қазіргі уақытта жоба бойынша қарастырылған 84 су өткізу құбыры мен мал өткелінің 22-сі орнатылды. Тоғыз көпірдің бесеуінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, шамамен 100 мың тонна қиыршық тас материалы дайындалып, 3 мың текше метрге жуық темірбетон бұйымдары өндірілді.

Барлық учаскеде орындалып жатқан жұмыстардың сапасы мен құрылыс нормаларының сақталуына техникалық қадағалау жүргізілуде.

«Ақтөбе – Ұлғайсын» автожолын реконструкциялау Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізін дамыту аясында жүзеге асырылып жатыр. Жоба жолдың өткізу қабілетін арттыруға, қозғалыс қауіпсіздігін жақсартуға, өңірлер арасындағы көлік қатынасын дамытуға және Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы