«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша 2021 жылғы 3 тоқсандағы қызметі туралы есеп
Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (бұдан әрі - басқарма) Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес 5 Мемлекеттік қызмет көрсетеді.
1) Жолаушылардың облысаралық, қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру;
2) Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру;
3)Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру;
4)Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау;
5)Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту.
2021 жылдың 3 тоқсанында басқармамен барлығы 26 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Ауданаралық (қалааралық облысішілік) ауданішілік, қалалық ауылдық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау - 24 (5 заңды тұлғаға, 19 жеке тұлғаға) басқармамен қағаз түрінде көрсетілді.
«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру»- 2 заңды тұлғаға(кері қайтарылды).