жоба
Ақтөбе облыстық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақтөбе қаласы №____ «____» ________2021 жыл
Ақтөбе облыстық мәслихатының
кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың
хатшысы А. НУГМАНОВ
Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы
«_____» __________ № ____ шешіміне
қосымша
Ақтөбе облыстық мәслихатының
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
- Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы №431 «Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6264 тіркелген) шешіміне:
шешімнің қосымшасындағы «Комсомольское» деген сөз «Темірбек Жүргенов» деген сөзімен ауыстырылсын, «Байғанин» деген сөз «Қарауылкелді» деген сөзбен ауыстырылсын.
- Ақтөбе облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №576 «2021-2023 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе облысының әлеуметтік мәні бар облысішілік автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7801 тіркелген) шешіміне:
шешімнің қосымшасындағы «Комсомольское» деген сөз «Темірбек Жүргенов» деген сөзімен ауыстырылсын, «Байғанин» деген сөз «Қарауылкелді» деген сөзбен ауыстырылсын.