Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3-бабы 7-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі бекітілсін.
2. «Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларын және индекстерін бекіту туралы» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 427 қаулының күші жойылсын.
3. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрлігі Автомобиль жолдары
комитетінің төрағасы
«____»____________ 2021 жыл
Ақтөбе облысы әкімдігінің
20__ жылғы «___» _________ № ____
Ақтөбе облысының
облыстық маңызы бар
жалпыға ортақ
пайдаланылатын автомобиль
жолдарының тізбесін бекіту
туралы қаулысына
қосымша
|
№ |
Автомобиль жолының индексі |
Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының атауы |
Жалпы ұзындығы, километр |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
1 |
KD-1 |
«Ақтөбе – Родниковка - Мәртөк» 05-93 км |
88 |
|
|
2 |
KD-2 |
«Донское – Бадамша - «Актобе-Орск» 7-75 км |
66 |
|
|
3 |
KD-3 |
«Шұбарқұдық – Ойыл – Қобда - Соль-Илецк» 0-373 км |
373 |
|
|
4 |
KD-4 |
«Покровка – Темір – Кеңқияқ – Ембі» 0-179 км |
179 |
|
|
5 |
KD-5 |
«Ақтөбе – Болгарка – Шұбарқұдық» 16,5-191 км |
174,5 |
|
|
6 |
KD-6 |
«Қобда – Мәртөк» 0-82,565 км |
82,565 |
|
|
7 |
KD-7 |
«Ақтөбе–Орск» - Петропавловка – Хазретовка» 0-36 км |
36 |
|
|
8 |
KD-8 |
«Шалқар – Бозой – ӨР шекарасы (Нүкіске) 0-242 км |
242 |
|
|
9 |
KD-9 |
«Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы» 21,5-35,3 км |
13,8 |
|
|
10 |
KD-10 |
«Ақтөбе – Орск» 8-16 км |
8 |
|
|
|
|
Барлығы: |
1262,865 |