Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жергілікті атқарушы органның басшысының атына беріледі.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органның мекенжайына келіп түскен тасымалдаушының шағымы тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарастырылуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен тасымалдаушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүгіне алады.