Меню

Страницы

Статья

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

       Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

        Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес қаралуға жатады:

      - көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      - мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

       Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

Дата публикации
10 октября 2020
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
29 января 2024
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
23 октября 2023
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы №431 «Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы