Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 шілдеде № 11528 тіркелді.
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-18) тармақшасына, "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-21) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 28 мамыр
|
|
Қазақстан Республикасы |
Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 № 878 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ шетелдік және азаматтығы жоқ адам;
2) шағын көлемдi кеменiң кеме жүргiзушiсi - шағын көлемдi кеменiң меншiк иесi болып табылатынына немесе оны өзге заңды негiзде басқаруына қарамастан, шағын көлемдi кеменi басқаратын және тиісті куәлiгi бар адам. Кеме жүргiзушiге кеме жүргiзуге оқытатын адам теңестiрiледi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1232 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстар жергілікті атқарушы органдарда есепке алынуға жатады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Емтихандар қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында" (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) уәкілетті органның интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша өткізіледі.
Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді ресімдеуді жергілікті атқарушы органдар емтиханың оң нәтижесі болған жағдайда жүзеге асырады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Емтихандар тапсыруға жіберу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 № 878 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік қызмет стандартында жазылған.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынғаннан кейін өтініш берушіге мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Өтініш беруші мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушінің мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсыну мәніне тексергеннен кейін, оны өтініш беруші үшін жұмыс орынымен жабдықталған Мемлекеттік корпорацияның үй-жайына (емтихан класына) емтихан тапсыруға осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен жібереді. Өтініш берушіні емтиханға жіберу мерзімі Мемлекеттік корпорацияда өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) сағатты құрайды.
Құжаттарды портал арқылы ұсынған кезде өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі, сондай-ақ емтихан өткізілетін орны мен уақыты және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу туралы хабарлама жіберіледі.
Портал арқылы құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, жергілікті атқарушы орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту береді.
Жергілікті атқарушы орган басшысының қолы қойылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды қағаз немесе құжат нысанында жіберіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) теріс нәтижесі бар соңғы емтихан тапсыру күнінен бастап жеті жұмыс күнінен кем емес – емтиханды қайта тапсыру уақыт интервалын;
2) кеме жүргізуші курстарын қайталама және курстарды қайта аяқтау мерзімі он екі айдан аспау;
3) он екi ай iшiнде емтихандарды үш реттен артық теріс нәтижемен тапсыру;
4) жергілікті атқарушы органда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлікті (анықтаманы)* ұсынуы.
ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;
5) құжаттарды тапсыру барысында он сегіз жасқа толуы.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9-1. Мемлекеттік қызмет беруден бас тарту негіздері мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Емтихандарды өткізу
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 № 878 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1232 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
Емтихан басталар алдында мониторда АЖО нөмірі, жүзу ауданы және басқаруға емтихан тапсырылатын шағын көлемді кемелердің үлгісі, сондай-ақ осы АЖО белгіленген өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Көрсетілген ақпаратты енгізуді Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ОП арқылы жүзеге асырылады.
Сұрақтардың емтихандық блогы өтініш берушінің АЖО клавиатурасында тиісті баспаны басқаннан кейін ғана монитор экранына қалыптасады және шығарылады.
Емтихан барысында өтініш берушінің АЖО мониторы экранында емтиханның аяғына дейін қалған уақыт көрсетіледі.
Емтихан тапсыру нәтижесі, сондай-ақ сұрақтарға берілген жауаптардың дұрыстығы туралы ақпарат өтініш берушінің АЖО мониторының экранында барлық сұрақтарға жауап беріліп болғаннан кейін немесе белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін көрінеді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1232 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
Емтихан нәтижесі өтініш берушінің АЖО-нан 1-өтінішке сәйкес нысан бойынша басып шығару үшін Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ОП-ге беріледі.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескертпе: "Сынақтан өтті" деген баға өтініш беруші емтиханға келмеген жағдайда да қойылады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-тарау. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді беру тәртібі
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 № 878 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Емтиханды сәтті тапсырған өтініш берушілерге жергілікті атқарушы органдармен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он жыл мерзімге шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер береді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жергілікті атқарушы органда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді беруді есепке алу журналы жүргізіледі.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1232 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
1) "ТЖ" – егер кеме жүргізуші 1972 жылғы Теңiзде кемелердiң соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары туралы Лондон Конвенциясы (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 наурыздағы № 244 қаулысы) қабылдаған Теңізде кемелердің соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары қолданылатын Қазақстан Республикасының теңіз жағалауындағы суларда кемені басқару құқығына емтиханды тапсырса;
2) "ІСЖ" – егер кеме жүргізуші Ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидасы қолданылатын ішкі су жолдарында кемені басқару құқығына емтихан тапсырса;
3) "ТЖ" және "ІСЖ" – егер кеме жүргізуші Қазақстан Республикасының теңіз жағалауындағы суларда және ішкі су жолдарында кеме басқару құқығына емтихан тапсырса;
4) "ІСЖӨ" (өзен учаскелері үшін) және "ІСЖК" (көл учаскелері үшін) – егер кеме жүргізуші кеме қатынасы үшін ашық ішкі су жолдарының тізбесіне енгізілмеген ішкі су қоймаларында ғана шағын көлемді кемелерді басқару құқығына емтихандар тапсырса, қойылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағын көлемді кеме жүргізуші өтініште шағын көлемді кеменің тиісті жүзу ауданына және типіне емтиханнан өткеннен кейін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің сериясы мен нөмірін көрсетеді және Мемлекеттік корпорацияға шағын көлемді кемелерді басқару құқығына жаңа куәлікті алған кезде бұрынғы куәліктің телнұсқасын ұсынады.
Бұл жағдайда шағын көлемді кемелерді басқару құқығына жаңа куәлік беріледі, ал бұрынғы шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік кеме жүргізушісінен қайтарылып алынады, жергілікті атқарушы орган оның өтелуі туралы белгіні қояды және бір жылдан кейін жояды.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1232 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
Бұл ретте шағын көлемді кемені басқару құқығына жаңа куәлікті беру құжаттар берілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағын көлемді кеме жүргізушісінің емтихан тапсыруынсыз жүргізіледі.
Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына бұрын берілген куәлік кеме жүргізушісінен қайтарып алынады және бір жылдан кейін оны жергілікті атқарушы орган жояды.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беру кеме жүргізушісінің емтихан тапсыруынсыз, жергілікті атқарушы орган шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді беруді есепке алу журналында тексергеннен кейін Мемлекеттік корпорацияда жүргізіледі. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Өтінішке 2,5х3,5 сантиметр мөлшерiндегi бір фотосурет, сондай-ақ өтініш берушіні сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат қоса беріледі.
Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беру кеме жүргізушісін сот шешімі негізінде шағын көлемді кемелерді басқару құқығынан айыру мәніне тексергеннен кейін жүргізіледі.
Жоғалған куәліктің орнына берілген шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікке "Телнұсқа" деген белгі қойылады, ал шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беруді тіркеу журналына куәлік телнұсқасының берілгені туралы жазба жазылып, оның сериясы мен нөмірі көрсетіледі.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1232 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
5-тарау. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасын келісу және кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу тәртібі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 № 878 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) оқытушылар құрамының су көлігі мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық бiлiмi туралы дипломдарының көшiрмелерiн;
2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес шағын көлемдi кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасы негізінде әзiрленген шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі оқу бағдарламасын;
3) оқу процесін ұйымдастыру үшiн меншiк құқығындағы немесе жалға алынған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшiрмелерін қоса беріп, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметтің басталуы туралы хабарламаны жібереді.
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстар қызметін жүзеге асырудың басталуы немесе аяқталуы туралы хабарлама "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.
Оқу нәтижесінде адам мынадай пәндер бойынша білім алады:
1) шағын көлемді кемелердің жіктелуі және кеме теориясының негіздері;
2) кеменің құрылысы;
3) шағын көлемді кемелерді пайдалану, олардың теңізде жүзу қабілеті және маневрлік қасиеттері;
4) кемедегі құрылғылар, жүйелер және жабдықтар (құтқару, дабыл беру және өртке қарсы құралдар);
5) кемелерге қызмет көрсету мен оларды жөндеу (такелаждық және сырлау жұмыстары);
6) іштен жанатын қозғалтқыштардың жіктелуі (қысқаша техникалық сипаттамасы, шағын көлемді кемелерде қолданылуы);
7) шағын көлемді кемелердің қозғалтқыштары, типтелуі мен қағидаттық құрылысы;
8) шағын көлемді кемелердің қозғалтқыштарына қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
9) шағын көлемді кемелердің типтелуі, құрылысы және желкенді жабдықтары;
10) желкенді кемені басқару техникасының негізі, оған қызмет көрсету және жүзудің кауіпсіздігін қамтамасыз ету;
11) шағын көлемді кемелердің электр жабдықтары;
12) су жолдарының жалпы сипаттамасы мен оған қысқаша шолу;
13) гидрометеорология негіздері, ішкі кеме жүзу жолдарының лоциялары;
14) ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидалары;
15) теңіз навигациясының негіздері мен теңіздердің лоциясы, теңіздердің навигациялық жабдықтарының құралдары;
16) кемелердің теңізде соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары;
17) шағын көлемді кемелерді әртүрлі жағдайларда жүргізудің әдістері мен күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда жүзу кезінде басқару ерекшеліктері;
18) алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің негіздері.
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқудан табысты өткен адамдардың тізімінде куәліктің (анықтаманың) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке басты куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
6-тарау.Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі.
Ескерту. Қағида 6-тараумен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
|
|
Кеме жүргізушілерін шағын |
Нысан
Фотосуретке арналған орын
Жергілікті атқарушы органның
басшысына
__________________________________
(Т.А.Ә.)
__________________________________
__________________________________
(Т.А.Ә., туған күні, ЖСН)
Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына
куәлікті беруге арналған өтініш
Маған _________________________________________________ауданында
(жүзу ауданын (аудандарын): ТЖ, ІСЖ, ІСЖӨ және ІСЖК,
ТЖ және ІСЖ көрсету керек)
_____________________________________________________________________
(шағын көлемді кеменің үлгісін көрсету керек: гидроцикл, желкенді
қайық, механикалық қондырғысы бар шағын көлемді кеме)
басқару құқығына куәлік беруді сұраймын.
Мынадай құжаттарды ұсынамын:
1.____________________________________
2.____________________________________
3.____________________________________
4....
Мекенжайы, байланыс телефондары (факс) ________________________
_____________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20 ____ ж. "__" ___________ _____________________________
(өтініш берушінің жеке қолы)
Емтихандар нәтижелері
|
Пәндердің және жүзу аудандарының атауы |
Білімді бағалау (сынақтан өтті, сынақтан өткен жоқ) |
Емтихан қабылдау күні |
Ескертпе |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
ТЖ – теңіздердің аумақтық және ішкі сулары |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІСЖ – кеме жүретін ішкі су жолдары |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІСЖӨ және ІСЖК – Қазақстан Республикасының кеме қатынасы үшін ашылған ішкі су жолдарының тізбесіне енгізілмеген ішкі су айдындары |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ТЖ және ІСЖ – теңіздердің аумақтық ішкі сулары және кеме жүретін ішкі су жолдары |
|
|
|
|
|
|
|
_____________________________________________________________________
(кеме жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
Басқару құқығына емтихан нәтижесі (сынақтан өтті/сынақтан өткен жоқ)
_____________________________________________________________________
(кеме-(лер) санаты (үлгісі))
Жүзу ауданында (аудандарында) _______________________________
20__ж. "__" _____________
М.О.
|
|
Кеме жүргізушілерін шағын |
Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
|||||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
|||
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру: |
|||
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап-3 (үш) жұмыс күні; |
|||
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
|||
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Қағаз түріндегі өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасы не бас тарту туралы дәлелді жауап. |
|||
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызметті көрсету ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі. |
|||
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін; |
|||
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға: |
|||
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|||
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар және мүмкіндігі шектеулі өтініш берушілерге қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі. |
|||
|
|
Кеме жүргізушілерін шағын |
|
|||
Нысан
Свидетельство об окончании курсов по подготовке судоводителей
маломерных судов
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі
курстарды бітіргені туралы куәлік
(алдыңғы беті/лицевая сторона) (артқы беті/обратная сторона)
|
Фотосуретке арналған орын/ Место для фотографии (оқыту ұйымының атауы) Куәлік Сериясы № 0000000 _______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты,) ____ ж. "___" _________________ ____ ж. "___" _________________ аралығында ___________________ ______________________________ бағдарламасы бойынша оқығаны және бітіру емтихандарында ______ ж. "__" ______________ № _____________ хаттамаға сәйкес ________________________________ бағасын ("қанағаттанарлық", "жақсы", "өте жақсы") алғаны жөнінде берілді. Емтихан комиссиясының төрағасы: _______________________________ (Т.А.Ә., қолы) Оқыту ұйымының басшысы: _______________________________ (Т.А.Ә., қолы) М.О. |
(наименование учебной организации) Свидетельство Серия № 0000000 Выдано ___________________________ (фамилия, имя, отчество) в том, что он(а) обучался(обучалась) с "__" _______________ ____ г. по "__" ______________ ____ г по Программе ____________________ ________________________________ и на выпускных экзаменах согласно протоколу № ___________________ от "___" _____________ ____ г. получил оценку ___________________________ ("удовлетворительно", "хорошо", "отлично") Председатель экзаменационной комиссии: _______________________________ (Ф.И.О., подпись) Руководитель учебной организации _______________________________ (Ф.И.О., подпись) М.П. |
||
|
|
Кеме жүргізушілерін шағын |
|
|
|
|
Нысан |
|
|
|
|
(Көрсетілетін қызметті |
|
|
Ескерту. Қағида 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемені жүргізу құқығына куәлiкті беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) …..
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
__________________________________________________________________________
Т.А.Ә. ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық
емес акционерлік қоғамының қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә.
Телефон:
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "__" _________
|
|
Кеме жүргізушілерін шағын |
Нысан
Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік
Удостоверение на право управления маломерным судном
алдыңғы беті/лицевая сторона) (артқы беті/обратная сторона)
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік Удостоверение на право управления маломерным судном
Тегі/ Фамилия _______________ Аты / Имя ___________________ Әкесінің аты / Отчество _____________________________ Туған жылы, ай-күні/Дата рождения ____________________ ______________ облысы (қаласы) бойынша жергілікті атқарушы орган берді/Выдано местным исполнительным органом по ___________ области (городу) (уәкілетті лауазымды адамның қолы / уполномоченного подпись должностного лица) 20__ж./г. "___" __________ (айы/месяц) М.О. М.П. № серия |
ҚАЗАҚСТАН КАЗАХСТАН |
|||||
|
Басқаруға рұқсат берілген кеме-(лер) санаты (үлгісі)/ Категория (тип) судна-(ов), которыми разрешено управлять |
Рұқсат беретін белгілер/ Разрешающие отметки |
|||||
|
гидроцикл/ гидроцикл |
|
|||||
|
желкенді кеме/ парусное судно |
|
|||||
|
механикалық қондырғымен шағын көлемді кеме/ маломерное судно с механической установкой |
|
|||||
|
Жүзу үшін рұқсат етілген аудан/ Разрешенный для плавания район |
ТЖ/МП |
|
||||
|
ІСЖ/ВВП |
|
|||||
|
ІСЖӨ/ВВПР және/ и ІСЖК/ВВПО |
|
|||||
|
ТЖ/МП және/ и ІСЖ/ВВП |
|
|||||
|
Берілген күні/Дата выдачи |
|
|||||
|
Қолданылу мерзімі/Срок действия |
|
|||||
|
Айрықша белгілер/ Особые отметки № серия |
||||||
|
|
Кеме жүргізушілерін шағын |
|
||||
Нысан
Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беруді
есепке алу журналының нысаны
|
№ |
Құжаттың сериясы және нөмірі |
Тегі аты әкесінің аты |
Туылған күні |
Үй мекенжайы |
Хаттама |
Берілді |
Берілген күні |
Ескертпе |
||||
|
№ |
Күні |
Жүз ауданы |
Кеме үлгісі |
|||||||||
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
Кеме жүргізушілерін шағын |
|
||||||||||
Нысан
"Теңізде серуендеу кемесі" мөртаңбасы
|
Теңізде серуендеу кемесі |
Мөртабан ұзындығы - 17 мм. Мөртабан ені - 7 мм.
|
|
Кеме жүргізушілерін шағын |
Нысан
Жергілікті атқарушы органның басшысына
__________________________________
(Т.А.Ә.) __________________________________
(Т.А.Ә. туған күні, үйінің мекенжайы,
байланыс телефоны, ЖСН)
Шағын көлемді кемені басқару құқығына
куәліктің телнұсқасын беруге арналған өтініш
Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беруді сұраймын.
20__жылғы "__" ________ шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік мынадай жағдайларда жоғалған: ________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мынадай құжаттарды ұсынамын:
1.____________________________;
2.____________________________.
3....
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20 ____ жылғы "___" ___________ ____________________________
(өтініш берушінің жеке қолы)
Кеме жүргізушілерін шағын
көлемді кемені басқару
құқығына аттестаттау
қағидаларына
7-қосымшаardШағын көлемді кемелерді жүргізушілерді даярлау жөніндегі
үлгілік бағдарлама
|
№ |
Бөлімдер мен тақырыптардың атауы |
Жүзу аудандарына арналған оқу сағаттарының саны |
|||
|
ТЖ |
КСІСЖ |
ІСЖӨ, ІСЖК |
ТЖ, КСІСЖ |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1. Кемелер теориясының негіздері және шағын көлемді кеменің құрылысы |
|||||
|
1 |
Шағын көлемді кемелерді жіктеу және кеме теориясының негіздері. Кемелердің құрылысы. Корпус |
4 |
4 |
4 |
4 |
|
2 |
Шағын көлемді кемелерді пайдалану, олардың теңізде жүру және маневрлік қасиеттері |
10 |
8 |
4 |
10 |
|
3 |
Кеме құрылғылары, жүйелер мен жабдықтау. Құтқару, дабыл беру және өртке қарсы құралдар |
6 |
4 |
4 |
6 |
|
4 |
Кемелерге қызмет көрсету және оларды жөндеу. Такелаж және бояу жұмыстары |
4 |
2 |
2 |
4 |
|
2. Кеме қозғалтқыштары мен қозғаушылары, оларды пайдалану. Шағын көлемді кемелердің электр жабдықтары |
|||||
|
5 |
Шағын көлемді кемелерде қолданылатын іштен жанатын қозғалтқыштардың үлгілері |
4 |
2 |
2 |
4 |
|
6 |
Шағын көлемді кемелердің қозғаушылары, жіктелуі мен қағидаттық құрылысы |
4 |
2 |
2 |
4 |
|
7 |
Шағын көлемді кемелердің қозғалтқыштары мен қозғаушыларына техникалық қызмет көрсету. Қауіпсіздік шаралары |
4 |
2 |
2 |
4 |
|
8 |
Желкенді шағын көлемді кемелердің жіктелуі, құрылысы және желкенмен жабдықталуы |
4 |
4 |
2 |
4 |
|
9 |
Желкенді кемені басқару техникасының негіздері, оған қызмет көрсету және жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету |
6 |
6 |
4 |
6 |
|
10 |
Шағын көлемді кемелердің электр жабдықтары |
6 |
6 |
4 |
6 |
|
3. Кеме жүргізу |
|||||
|
11 |
Су жолдарының жалпы сипаттамасы және оларға қысқаша шолу |
6 |
6 |
4 |
6 |
|
12 |
Гидрометеорология негіздері. Ішкі кеме журетін жолдардың лоциясы |
4 |
4 |
4 |
4 |
|
13 |
Ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидалары |
6 |
12 |
4 |
12 |
|
14 |
Теңіз навигациясының негіздері және теңіздер лоциясы |
14 |
1 |
1 |
14 |
|
15 |
Теңіздердің навигациялық жабдық құралдары (НЖҚ) |
6 |
1 |
1 |
6 |
|
16 |
Кемелердің теңізде соқтығысуын болдырмаудың халықаралық қағидасы |
8 |
1 |
1 |
8 |
|
17 |
Шағын көлемді кемелерді әртүрлі жағдайларда жүргізу әдістері. Күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда басқару ерекшеліктері |
4 |
4 |
4 |
4 |
|
4. Су қоймаларында жүзу қауіпсіздігін,құқық қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету |
|||||
|
18 |
Суға батқан адамға алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары мен әдістері |
4 |
4 |
4 |
4 |
|
19 |
Шағын көлемді кемелерді және олардың тұруына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы. Кеме жүргізушінің әкімшілік жауапкершілігі |
4 |
4 |
4 |
4 |
|
Барлығы |
108 |
77 |
57 |
114 |
|