Қазақстан Республикасының Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты «Дезинфекция» медициналық мекемесі қызметкерлерінің күшімен Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 31 наурыздан бастап 7 магистральдық блокпостқа Ақтөбе қаласына келетін және кететін барлық автокөлік құралдарын өңдеу үшін дезинфекторлар бригадалары қойылды. 2020 жылғы 30 сәуірінде «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ және «Дезинфекция» медициналық мекемесі арасында блок-бекеттерге кіру кезінде автокөлік құралдарын дезинфекциялық өңдеу бойынша 44 704,0 мың теңге сомасына шарт жасалды. 2020 жылғы 30 сәуір мен 31 мамыр аралығында жасалған шарт негізінде жүргізілген барлық жұмыстар 31 473,7 мың теңге сомасында төленді.