Аналитическая справка по итогам внутреннего анализа

«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2025 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Ереженің 16-тармағының 11-тармақшасына сәйкес Басқарманың функциясы жолаушылар мен багажды қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстарды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

   

Басқарма қызметкерлері осы функцияны іске асыру кезінде Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігі туралы» Заңды, Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларын (бұдан әрі – қағидалар) басшылыққа алады.

  1. Маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурстарды ұйымдастыру және өткізу.

Конкурс алдындағы комиссияның қызметіне қатысты, оның мүшелері Қағидалардың 174-тармағы негізінде конкурстық құжаттамаға қоса берілетін құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын, конкурстық ұсыныста көрсетілген автокөлік құралдары класстарының, моделінің және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің сәйкестігін (сәйкессіздігін), сондай-ақ конкурстық ұсыныста көрсетілген жылжымалы құрамды сақтау, өндірістік-техникалық базада техникалық қызмет көрсетуі және жөндеу мүмкіндігін тексереді.

Тексеру кестесіне сәйкес, белгіленген күні конкурс алдындағы комиссия мүшелері конкурсқа қатысушылар ұсынған мәліметтердің дұрыстығын тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша конкурс алдындағы комиссия қатысушы туралы ақпараттың толтырылған бланкісіне мәліметтердің дұрыстығы туралы белгі қояды және қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының Қағидалардың            13-тарауында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы анықтаманы қоса береді.

Яғни, конкурс алдындағы комиссия мүшесінің берілген қарау алаңында конкурсқа қатысушымен тікелей байланысына жол беріледі, бұл ашық сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.

Сондай-ақ, Қағидалардың 170-тармағына сәйкес конкурстық рәсімдер өтінімдерді қағаз түрінде оралған конвертте беру жолымен өткізіледі және конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыруды ұйымдастырушы Республикалық маңызы бар газетте орналастырады, Қағидалардың 165-тармағы.

Сонымен қатар маршрутқа қызмет көрсету құқығына арналған конкурсқа қатысушылардың қарсыластарының құжаттарымен танысу мүмкіндігі жоқ.    

Осылайша, тасымалдаушыны анықтау бойынша конкурстық рәсімдер ашық нысанда өтпейді, конкурсқа дейінгі комиссиялардың да, комиссия хатшысының да конкурсқа қатысушыларға өтінім беру үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу қаупі бар. Осыған байланысты, конкурсқа қатысушылардың біріне жәрдемдесу және артықшылық беру түрінде ашық сыбайлас жемқорлық тәуекелі пайда болады.

Баяндалғандарды ескере отырып, бизнес пен мемлекеттік органдардың жұмысы үшін әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында «бірыңғай портал» қағидаты бойынша ұсынамыз:

Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ұсыныстарды Көлік министрлігіне жолдасын:

5) ведомствоаралық өзара іс-қимылды енгізу және басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ақпарат беру жолымен конкурс алдындағы рәсімдерді оңайлатуға, сондай-ақ рәсімді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу мүмкіндігін қарауға қатысты автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасау туралы.

6) «Мемлекеттік сатып алу» сайтына ұқсас ҚР бойынша маршруттарға қызмет көрсету құқығына арналған конкурстардың бірыңғай порталын құра отырып, конкурстарды электрондық форматқа өткізу рәсімін ауыстыру мәселесіне бастамашылық жасау туралы.  

Дата публикации
10 марта 2026