Жоба
Ақтөбе облыстық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақтөбе қаласы № 2025 жылғы «___»______
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ақтөбе облыстық мәслихаты төрағасы
|
|
Г. Сүйінтаева
|
|
|
|
|
Облыстық мәслихаттың
2025 жылғы «___» ________
№ _____ шешіміне қосымша
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары
- Жалпы ережелер
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.
- Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру тәртібін реттейді.
- Жеткізу (эвакуациялау) тәртібі
- Көлік құралын, кемені, соның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 797-бабында көрсетілген уәкілетті лауазымды адамдар (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) тарапынан оларды уақытша сақтау үшін арнайы айып тұрағына, тұрақтарға немесе көлік бақылауының стационарлық бекетіне іргелес алаңдарға, оның ішінде басқа көлік құралын (эвакуаторды), кемені немесе шағын көлемді кемені пайдалана отырып, жеткізу арқылы жүзеге асырылады және ұсталған себептер жойылғанға дейін сақталады.
- Көлік құралын, кемені арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда уақытша сақтау үшін жеткізуді (эвакуациялауды) жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыруы мүмкін.
- Жеткізу (эвакуациялау) алдында уәкілетті тұлға көлік құралын, кемені қарап-тексеруді жүргізеді және жай-күйін қабылдау-тапсыру актісінде тіркейді. 6. Көлік құралын, кемені, соның ішінде шағын көлемді кемені арнайы алаңдарға, тұрақтарға немесе көлік бақылауының стационарлық бекетіне іргелес алаңдарға жеткізу (эвакуациялау) кезінде қабылдау актісі жасалады, онда көлік құралының, кеменің, соның ішінде шағын көлемді кеменің деректері тіркеледі.
- Көлік құралын, кемені, соның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау) есепке алу тәртібі
- Есепке алу арнайы алаңның, тұрақтың немесе көлік бақылауының стационарлық бекетіне іргелес алаңның операторы арқылы жүргізіледі және міндетті түрде келесі деректер тіркеледі:
- көлік құралын, кемені, соның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау) күні мен уақыты;
- көлік құралының, кеменің, соның ішінде шағын көлемді кеменің иесі туралы деректер;
- ұстап қалу себептері;
- көлік құралын уақытша сақтау үшін арнайы алаңдарға, тұрақтарға немесе көлік бақылауының стационарлық бекетіне іргелес алаңдарға жеткізуді (эвакуациялауды) жүзеге асырған уәкілетті тұлға туралы деректер;
- көлік құралының, кеменің, соның ішінде шағын көлемді кеменің жағдайы.
- Есепке алу қағаз және (немесе) электрондық түрде жүргізіледі.
- Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша
құрылатын және коммуналдық меншікте болатын арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда көлік құралын, кемені, соның ішінде
шағын көлемді кемені сақтау тәртібі
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша ұсталған көлік құралдары, кемелер, соның ішінде шағын көлемді кемелер жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншікте болатын арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда уақытша сақтауға жатады.
- Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншікте болатын арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда көлік құралын, кемені, соның ішінде шағын көлемді кемені қабылдайтын тұлға оларды қарап, қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген техникалық жағдайын растайды.
Көлік құралының, кеменің, соның ішінде шағын көлемді кеменің қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілмеген зақымдары анықталған жағдайда, оны қабылдауды жүзеге асыратын тұлға бұл жөнінде қабылдау-тапсыру актісінде көрсетеді.
- Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншікте болатын арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда көлік құралын, кемені, соның ішінде шағын көлемді кемені сақтау келесі талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:
1) жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншікте болатын арнайы алаңдар мен тұрақтардың аумағының шекаралары рұқсатсыз кіру мүмкіндігін болдырмайтын қоршаулармен қамтамасыз етілуі тиіс;
2) аумаққа кіріп-шығу шлагбаум, қақпа және өзге де қоршау құрылғылары арқылы реттеледі және тәулік бойы күзетіледі.
- Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншікте болатын арнайы алаңдарды немесе тұрақтарды ұстау және пайдалану жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.