«Ақтөбе облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 482 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

«Ақтөбе облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың                          2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 482 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Ақтөбе облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды бекіту туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 482 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6560 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген шешіммен бекітілген елді мекендердегі үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және Ақтөбе облысындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі мен шарттары туралы ережеде:

8-тармақтың 3) тармақшасындағы «арнайы бөлінген орындарда орналастырылатын» деген сөздер алып тасталсын;

8-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

8-тармақтың 5), 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«5) автожанармай құю станцияларына, автогаз құю станцияларына, газ толтыру пункттеріне, газ толтыру станцияларына, автогаз толтыру компрессорлық станцияларына кірген жерде орналастырылатын мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының түрлері, мұнай өнімдерінің және сұйытылған мұнай газының бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы ақпарат;

7) ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақтың қоршауына кірер жолда, сондай-ақ айырбастау пункттері ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын және алтынды теңгемен сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат;

8) сырттан көзбен көру үшін сөрелер мен терезелерді ішкі безендіру жатпайды.»;

8-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) спорт құрылысжайларының ішінде орналастырылған букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың жарнамасы жатпайды.»;

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыстық мәслихаттың

төрағасы

 

    Г. Сүйінтаева

Дата публикации
23 мая 2025