«Көлік және қоймалау»
саласының көрсеткіштеріне қатысты
2025 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша саланың ИФО «Көлік және қоймалау» көрсеткіші 108,6%-ды құрады. Бұл сала облыстың ЖӨӨ-нің 8,0%-ға жуығын алады.
«Көлік және қоймалау» саласының құрылымында негізгі көлем жүк тасымалына – 65% (темір жол жүк тасымалы – 63%, автомобиль көлігі – 37%), құбыр көлігі – 24%, теміржол және автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалы – 5,2%, басқа да қосалқы қызметтерге – 5,8% келеді.
Құрлық көлігі саласында 356 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 266-сы жүк тасымалы, 28-і автобус және такси тасымалы, 51-і көлік қызметіне көмекші кәсіпорындар.
Жүк тасымалына қатысты
2025 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша көліктің барлық түрлерімен 27,6 млн тонна жүк тасымалданды немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 97,5%. Жүк айналымы 14857,5 млн тоннаны немесе 109,4% құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында теміржол көлігімен 12,7 млн тонна жүк тасымалданды немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 109,7%, жүк айналымы 10727,6 млн тонна-км, немесе 111,4% құрады.
Осы кезеңде автомобиль көлігімен 9,7 млн тонна жүк тасымалданды немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 84,2%, жүк айналымы 834,5 млн тонна-км, немесе 115,3% құрады.
Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемінің төмендеуі 2024 жылмен салыстырғанда тасымалдау көлемінің төмендеуіне байланысты.
Жолаушылар тасымалына қатысты
2025 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша көліктің барлық түрлерімен 25,7 млн жолаушы тасымалданды немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 112,2% құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында автомобиль көлігімен 25,0 млн жолаушы тасымалданды немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 112,8%, теміржол көлігімен 569,3 мың жолаушы тасымалданды немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 93,9% құрады.
Өңіріміздегі жолаушылар тасымалы қоғамдық көлік пен такси қызметінен тұрады. Облыста барлығы 65 тұрақты автобус бағыты (46 қалалық, 12 облысішілік, 2 облысаралық және 5 халықаралық бағыт) ұйымдастырылған. Ақтөбе қалалық қоғамдық көліктерімен 23,5 млн. жолаушы тасымалданды (19,1 млн) немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 123,0% құрады. Осы кезеңде облысішілік бағыттар бойынша 120,0 мың жолаушы (110,2 мың) немесе 2024 жылғы сәйкес кезеңнің 125,0% тасымалданды.