Шешім

Жоба

Ақтөбе облыстық мәслихатының

ШЕШІМІ

Ақтөбе қаласы                                №                2024 жылғы «___»______

 

 

Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерін жою туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихатының кейбір шешімдері жойылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Облыстық мәслихаттың

төрағасы

 

    Г. Сүйінтаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстық мәслихаттың  2024 жылғы «___» ________

№ _____ шешіміне қосымша

 

 

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының

жойылған кейбір шешімдерінің  тізбесі

 

  1. «2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №84 шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8467 тіркелген;
  2. «2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №84 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 мамырдағы №139 шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8586-04 тіркелген;
  3. «2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №85 шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8466 тіркелген;
  4. «2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Хромтау қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылғы 10 шілдедегі № 156 шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8608-04 тіркелген.

 

 

Дата публикации
18 ноября 2024