2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекітуге ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің 2024-2026 жылдарға арналған шығыстарының жалпы сомасы 104 376 787,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
2024 жыл – 34 507 908,0 мың теңге;
2025 жыл – 34 868 879,0 мың теңге;
2026 жыл – 35 000 000,0 мың теңге.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Басқарманың негізгі қызметтері келесідей:
- жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен өтетін жолаушылар көлігі бағыттарының желісін жедел басқару, сонымен қатар олар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасына сәйкес облыстық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын салу, қайта салу, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Басқармасының қызметі 7 бюджеттік бағдарлама бойынша көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады: 5 ағымдағы және 2 дамыту бюджеттік бағдарламалары