"Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ 2023-2025 жылдарға арналған Бекітілген азаматтық бюджеті

2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекітуге ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің 2023-2025 жылдарға арналған шығыстарының жалпы сомасы 101 652 243,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

2023 жыл – 37 599 873,0 мың теңге;

2024 жыл – 31 005 159,0 мың теңге;

2025 жыл – 33 047 211,0 мың теңге.

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Басқарманың негізгі қызметтері келесідей:

- жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен өтетін жолаушылар көлігі бағыттарының желісін жедел басқару, сонымен қатар олар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасына сәйкес облыстық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын салу, қайта салу, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Басқарманың қызметі 7 бюджеттік бағдарлама бойынша көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады: 5 ағымдағы және 2 дамыту бюджеттік бағдарламалары.

Азаматтық бюджет
Дата публикации
27 декабря 2022