Басқармамен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы 2021 жылғы есебі

Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (бұдан әрі - басқарма) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес 5 Мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Олар:

1) Жолаушылардың облысаралық, қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру;

2) Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру;

3)Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру;

4)Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау;

5)Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту.

2021 жылы басқармамен барлығы 99 өтініш түсті. Оның ішінде:

Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру-23(оның ішінде бас тартқаны 10);

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру-12(барлығы бас тартылды);

Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау 63(53 берілді, 10 –бас тартылды);

Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру-1 берілді.

Дата публикации
03 января 2022