Конкурс

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат(лауазымдар тізіліміне сәйкес)

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы(классификаторға сәйкес)

Құқықтану, 

Машина жасау, 

Көлік, көліктік техника және технологиялар, 

Құрылыс, 

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, 

Көлік құрылысы, 

Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, 

Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Функционалды міндеттер

Автомобиль жолдарының құрылысы бойынша мердігерлердің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстарының сапасын бақылайды, аяқталған жұмыстарды қабылдайды және қабылдап алған жұмыстардың нәтижесіне тікелей жауап береді. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін дайындайды. Жолдардың жағдайына және оларда салынған жасанды құрылыстардың жағдайына сараптама жасау және бағалау іс-шараларына қатысады, дефектілік және байқау актілерін әзірлейді. Елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін тексеріп сыныптамасын бекітеді. Кірме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар жолдарға жалғасатын жол салу кезінде картасын, құжаттарын тексеріп келіседі.
Ауа райының болжамы жөніндегі диспетчерлік және кезекшілік қызметтерімен өзара байланыс және хабар алмасуларды, автомобиль жолдары бойындағы төтенше жағдайлар жөніндегі ақпараттарды жинау және талдауды ұйымдастырады, олар туралы басқарма басшылығын уақытылы хабардар етіп отырады. Автомобиль жолдарының жай-күйі бойынша және битум көлемі бойынша есептерді дайындайды.
Елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстардың сыныптамасын дайындайды.Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беруді қадағалап, құжаттарын тексеріп шешім қабылдайды.

(Блок В)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.

Дата публикации
25 ноября 2022