Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11550 тіркелді.
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді бес жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
___________________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 19 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 27 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 29 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
______________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 21 сәуір
|
|
Қазақстан Республикасы |
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына иелік ететін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі – клиенттердің тапсырыстарын өңдеуге және оларды таксимен тасымалдаушының орындауына, оның ішінде аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын қолдана отырып беруге арналған, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы болып табылатын тасымалдаушы немесе өзге де тұлға құратын қызмет;
3) багаж түбіртегі – багажды автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын, сондай-ақ тасымалдаушының багажды сақтауға немесе тасымалдау үшін қабылдағанын растайтын құжат;
4) багажды автомобиль – жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарында жолаушылардың багаждарын (жүктерін) тасымалдауға арналған жүк автомобилі;
5) борт журналы – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген және тігілген, тасымалдаушының мөрімен бекітілген жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралында болатын журнал, оған автокөлік құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өткені туралы белгілер қойылады;
6) диспетчерлік жүйе – жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының қозғалысы туралы нақты уақыт режимінде үздіксіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін жүйе;
7) диспетчерлік жүйе операторы – диспетчерлік жүйені ұйымдастыру және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлғалар;
8) жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері (аялдау пункті) – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсіру мақсатында автокөлік құралдарының аялдауына арналған жол бойындағы белдеу учаскесі;
9) жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу жолымен жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;
10) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі-автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне байланысты құжаттарды тіркеуді, өңдеуді, сақтауды, есепке алуды және тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға және тасымалдау процесіне қатысушыларға осындай құжаттар туралы ақпаратты беруді қамтамасыз ететін зияткерлік көлік жүйесінің компоненті;
11) қауіпті учаскелер – автомобиль жолдарының жүріп өткенде жол-көлік оқиғасы болуының жоғары қаупі туындайтын немесе қозғалыс режимінің елеулі өзгерістеріне байланысты учаскелері;
12) қозғалыс кестесі – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);
13) қолмен жуу – автокөлік құралдарын су берудің жоғары қысымды аппараттарын, су жеткізу жүйелерін және (немесе) ыдыстардағы суды пайдалану арқылы қолмен жуу;
14) маршрут – автобустың, шағын автобустың, троллейбустың белгіленген бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттері арасында белгіленген жүретін жолы;
15) маршрут схемасы – аялдау пункттері, олардың ара қашықтықтары, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, теміржол өтпелері, көпірлер және тоннельдер) көрсетілген маршруттың графикалық шартты бейнеленуі;
16) механикаландырылған жуу – жуу құрамы және суды жеткізу үшін құрылғылармен, айналатын және (немесе) қозғалатын щеткалармен, сондай-ақ желдеткіш құрылғысымен жарақтандырылған арка үлгісіндегі ауыстырылатын тетіктерден тұратын автокөлік құралдарын автоматты жуу;
17) рейс – маршруттың бастапқы пунктінен соңғы пунктіне дейінгі автобустың, шағын автобустың, троллейбустың жолы;
18) спутниктік навигация аппаратурасы – көлік құралына жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары бойынша оның ағымдағы орналасқан жерін, жүру бағыты мен жылдамдығын айқындау, қосымша борт жабдығымен деректер алмасу үшін, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері бойынша ақпарат алмасу үшін орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы;
19) такси тасымалы – жеке кәсіпкердің немесе меншік құқығында немесе басқа заңды негіздерде автомобильге иелік ететін заңды тұлғаның жолаушылар мен багажды ақылы немесе жалға тасымалдау үшін көрсететін қызметі;
20) таксимен тасымалдаушы – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
21) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында пайдаланылатын және таксиге тапсырыс беруге және көлік құралын экипажымен қоса жалға алуға ұялы байланыс қызметтері немесе Интернет арқылы қолжетімділік берілетін бағдарламалық өнім;
22) таксометр – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы;
23) техникалық аялдама – автобустар мен шағын автобустардың жолаушыларды маршруттан түсіруді және маршрутқа отырғызуды көздемейтін аялдамасы;
24) үшінші жақ - жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру туралы келісім жасасқан тасымалдаушыны, ал жолаушылар мен багажды тұрақты халықаралық автомобильмен тасымалдау кезінде маршрутқа қызмет көрсетуге рұқсат алған тұлғаны қоспағандағы тұлға.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.04.2021 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-1. Жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау әкімшілік-аумақтық белгілеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қалалық (ауылдық) – елді мекеннің белгіленген шекарасының шегіндегі тасымалдау;
2) қала маңындағы – елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақтағы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;
3) ауданішілік – бір аудан шегіндегі елді мекендердің арасындағы тасымалдау;
4) ауданаралық (облысішілік қалааралық) – бір облыс шегіндегі, әртүрлі аудандардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе облыстық маңызы бар қалалармен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау;
5) облысаралық қалааралық – әртүрлі облыстардағы елді мекендердің арасында жүзеге асырылатын немесе республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау.
Ескерту. 1-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын көлiк құралдары (автобустар, шағын автобустар немесе троллейбустар) алдын ала анықталады.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттан ауытқуға жол берілмейді.
Жолдама парағын қағаз тасығышта ресімдеу кезінде тасымалдаушы оның Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркелуін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.04.2021 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жолаушылар тасымалы жүзеге асырылатын автобустардың, шағын автобустардың жылжымалы құрамының бірлігі өзгерген жағдайда, лицензияға қосымша қайта ресімдеуге жатады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 3-8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бір жолғы тасымалдау белгілі бір кезең ішінде шарттық негізде жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8-1. Шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға жиырма бір жасқа толған, "D1" кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы және кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл "С" санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар жүргізушілер жіберіледі.
Ескерту. 1-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8-2. Жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындар он алтыдан астам болатын автобустармен және троллейбустармен жолаушылар тасымалдауға жиырма бес жасқа толған, кемінде бес жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде үш жыл "D1" кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар жүргізушілер жіберіледі.
Ескерту. 1-тарау 8-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8-3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын көлік мүгедектігі бар жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған құрылғылармен жабдықталады.
Ескерту. 1-тарау 8-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-4-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының ашылу және жабылу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Маршруттарды ашу және тiзiлiмiн жүргiзу тәртібі
тұрақты халықаралық маршруттар бойынша – автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға;
жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына;
жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша – аудандардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына жібереді.
1) автомобиль жолдарының өткiзу қабiлетi белгілі бір маршруттар бойынша автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;
2) автомобиль жолдарының жай-күйi және оларды жайластыру жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес келсе, жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдаудың маршруттары ұйымдастырылуы мүмкін.
1) қосарланған маршруттар автобустары арасында жоспарланған жүру интервалы бойынша:
150 км дейінгі қосарлану ұзақтығы кезінде 1 сағаттан артық;
350 км дейiнгi қосарлану ұзақтығы кезінде 2 сағаттан артық;
500 км дейiнгi қосарлану ұзақтығы кезінде 3 сағаттан артық;
500 км артық қосарлану ұзақтығы кезінде 4 сағаттан артық болуы тиiс;
2) жетпiс бес пайыздан артық қосарлану учаскесiнде автобустардың орташа сыйымдылығын пайдалану кезiнде уақыт бойынша айырмашылығы:
150 км дейiнгi қосарлану ұзақтығында 10 минутқа дейiн;
350 км дейiнгi қосарлану ұзақтығында 15 минутқа дейiн;
350 км артық қосарлану ұзақтығында 20 минутқа дейiн қысқартылады.
Қосымша қозғалыс кестесi бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау, осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушымен жүзеге асырылады.
Тасымалдаушы қосымша қозғалыс кестесiне қызмет көрсетуден бас тартқан немесе маршрутқа екі және одан көп тасымалдаушы қызмет көрсеткен (бір тараптан) жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар осы қозғалыс кестесiн конкурстық негiзде осы маршрутқа қызмет көрсету жөнiндегi шарттың қолданылу мерзiмiне бөледi.
қалааралық облысаралық;
ауданаралық (қалааралық облысішілік);
қала маңындағы және ауданішілік.
16-1. Екі және одан да көп тасымалдаушылармен жаңа халықаралық маршруттарды ашуға бір уақытта өтінім беру кезінде, автобустың қозғалыс кестесінің айырмашылығы бойынша бастапқы және аралық пункттері ұзақтығы 250 км дейін 15 минуттан аз және 250 км асатын 1 сағаттан аз уақытты құраса, басымдылық осы қатынас түрінде көп тәжірибесі бар тасымалдаушыға беріледі.
Ескерту. 1-параграф 16-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Зерделеу нәтижесі бойынша 10 жұмыс күн ішінде маршрутты ашу немесе ашпай туралы шешім қабылданады.
Ашылған жағдайда осы Қағидаға 154-тармаққа сәйкес мерзімде, осы маршрутқа қызмет көрсету құқығына тиісті конкурс өткізу туралы жұмыс жүргізіледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Халықаралық және қалааралық облысаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау маршруттары тасымалдаушының маршрутты ұйымдастырушыға, тасымалдауды тоқтатуды жобалау уақытына дейін 3 айдан кемемес жазбаша үндеуі бойынша жабылады.
Қалалық (селолық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (қалааралық облысішілік) жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау маршруттары олар бойынша жүруге тұрғындардың мұқтаждығы болмаған жағдайда маршрутты ұйымдастырушылармен жабылады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21-тармағына сәйкес тиiстi тiзiлiмге енгiзiледi.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган – жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық және қалааралық облысаралық тұрақты тасымалдау маршруттарының;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары – жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік), республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарының;
3) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары – жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады.
1) халықаралық маршруттар үшін:
тікелей және кері қайту бағыттарындағы қатынас және шығу уақытын көрсетумен маршруттың атауын;
Қазақстан Республикасы аумағы бойынша тікелей бағыт және шет мемлекеттің аумағы бойынша кері бағыттағы уақытын көрсетумен аралық пункттердің атауын;
тасымалдаушы туралы мәліметтерді (атауы, мекенжайы, тегi, аты, әкесiнiң аты (егер болған жағдайда), тасымалдауды ұйымдастырудағы жауапты басшының немесе адамның телефондары);
берiлген рұқсат құжаттарының берілген күні және қолданудың аяқталу мерзімін;
маршрутқа қызмет көрсету кезеңін (жыл бойы, маусымдық);
мемлекеттік тіркеу нөмерлері, маркасы және шығу жолын көрсетумен, сондай-ақ негізгі және резервке бөлумен жылжымалы құрам туралы мәліметті;
2) республикаішілік маршруттар үшін:
Бастапқы және соңғы пункттерінен шығу уақытын көрсетіп маршруттың нөмiрiн (қалалық (ауылдық) және қала маңындағы) және атауын;
тiкелей және керi қайту бағыттарындағы маршруттағы пункттер бойының санын және атауын;
тiкелей және керi қайту бағыттарындағы маршрут ұзақтығын;
маршрутқа қызмет көрсету кезеңдерiн: жыл бойы, қосымша (белгiлi бiр күндерде немесе тәулiктiң кезеңдерiнде қолданылатын (қалалық маршруттар үшін демалыс, мереке күндері немесе "қауырт" сағаттар), маусымдық (алдын ала белгiленген уақыт аралығы iшiнде қолданылатын (саяжай кезеңiнде, демалыс аймақтары, жолаушылар ағыны жоғарылаған кезеңде жұмыс iстеген кезде);
жолаушылар және жалпы отыруға арналған орындар бойынша автобустардың маршруттағы автобустардың, шағын автобустардың класы және паспорттық сыйымдылығын (қалааралық облысаралықтан басқа, жинақтау алаңшасының сыйымдылығын ескере отырып);
тасымалдаушы туралы мәліметтерді (атауы, мекенжайы, тегi, аты, әкесiнiң аты (егер болған жағдайда), тасымалдауды ұйымдастырудағы жауапты адамның және басшының телефондары) және оған берiлген рұқсат құжаттарының қолдану кезеңiн қамтиды.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жүргізушілерді және кондукторларды талаптарды жергілікті атқарушы органдар бекіткен бірыңғай арнаулы киім-кешекпен қамтамасыз етеді.
3-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың қызмет көрсету режимдерi
1) кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустармен, шағын автобустармен, сондай-ақ қалааралық автобустармен тұрақты қала маңындағы автомобильмен тасымалдаудың маршруттарында, маршруттың схемасында көрсетiлген аялдама пункттерiне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын әдеттегi, қала шегiнде олардың арасындағы қашықтық 400-ден 800 метірге дейiн болуы тиiс;
2) кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустармен және қалааралық автобустармен маршруттың схемасында көрсетiлген аялдама пункттерiне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын жедел (қалалық тасымалдау үшiн ғана), олардың арасындағы қашықтық 1,5-ден 3,0 км дейiн болуы мүмкiн.
1) тәулiктiң барлық белгiленген кезеңi және аптаның барлық күндерi iшiнде қолданылатын тұрақты;
2) белгiлi бiр күндерде немесе тәулiктiң кезеңдерiнде қолданылатын (демалыс, мерекелiк күндер немесе "қауырт" сағаттар) қосымша;
3) алдын ала белгiленген уақыт аралығы iшiнде қолданылатын (саяжай кезеңiнде, демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендерi жұмыс iстеген кезде) маусымдық;
4) қысқа уақытқа қолданылатын (әдеттегi режимде қызмет көрсетуге кедергi жасайтын жол желiсiнде күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда) уақытша.
4-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбi
1) шағын автобустарда алдымен жолаушыларды түсiру, одан кейiн отырғызу жүргiзiледi;
2) екi есiгi бар автобустарда жолаушыларды түсiру - екi есiк арқылы, ал отырғызу артқы есiк арқылы жүргiзiледi;
3) үш және одан артық есiгi бар автобустарда жолаушыларды түсiру - барлық есiктер арқылы, ал отырғызу - алдыңғы есiктен басқа барлық есiктер арқылы жүргiзiледi.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) автобустан, шағын автобустан ол толық тоқтағанға дейiн немесе қозғалыс кезiнде шығуға және кiруге;
2) автобустың есiктерiнiң ашылуы мен жабылуына кедергi жасауға;
3) жүргiзушiнi автокөлiк құралының қозғалысы кезiнде әңгiмемен алаңдатуға;
4) автобустың, шағын автобустың салонының iшкi жабдығы мен жарағын бүлдiруге;
5) темекi тартуға, қоқсытуға, спирт iшiмдiктерiн iшуге;
6) от қауiптi, жарылғыш, улағыш, жеңiл тұтанатын, улы, өткiр және күлiмсi иiстi заттарды, құндағы және iлеспе құжаттары жоқ дәрiмен атылатын қаруды тасымалдауға жол берiлмеуi тиiс.
1) "Тұрақты және тұрақты емес жолаушылар тасымалы үшін автокөлік қызметі" ҚР СТ 2273-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес автобустарда тұратын және отыратын орындар, олардың толық паспорттық сыйымдылығынан аспайтын мөлшерде;
2) шағын автобустарда тұратын және отыратын орындар оның паспорттық сыйымдылығынан аспайтын мөлшерде.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5-параграф. Қол жүгi мен багажды алып жүру
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6-параграф. Қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастағы жол жүру және багажды алып жүру төлемі, тіркеуі
Ескерту. 6-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
42-1. Жол жүру үшін электрондық төлеу жүйесі пайдаланылатын жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін тұрақты маршруттар бойынша жол жүруді тіркеу жолаушымен жол жүру үшін төлемнің жасалғаны туралы қағаз жол жүру құжатын (билетін) берусіз немесе электрондық төлем жүйесі, оның ішінде интернет және құрылғылар арқылы, жолаушының өзіне-өзі қызмет көрсететін тиісті электрондық көлік терминалының санау құрылғысының жұмыс бетіне электрондық жол жүру құжатын тақау жолымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-параграф 42-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
45-1. Тасымалдаушылар электрондық диспетчерлеу жүйесін және электрондық төлеу жүйесін ұстау және қолдану талабын сақтауға тиіс.
Ескерту. 6-параграф 45-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
46-1. Жол жүру үшiн электрондық төлеу жүйесi пайдаланылатын қала маңындағы қатынастағы жол жүруді тіркеу жолаушымен жол жүру үшін төлемнің жасалғаны туралы қағаз жол жүру құжатын (билетін) берусіз, жолаушының өзіне-өзі қызмет көрсететін тиісті электрондық көлік терминалының санау құрылғысының жұмыс бетіне электрондық жол жүру құжатын тақау жолымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-параграф 46-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдау
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) халықтың тасымалдауға мұқтаждығын қамтамасыз ету;
2) маршруттың жүру жолындағы барлық жақын жатқан елді мекендерді қамтудың барынша мүмкіндігі;
3) тасымалдаудың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ экологиялық зиянды қалдықтардың мөлшерін төмендету мақсатында маршруттарда жұмыс істеу үшін автобустардың, шағын автобустардың оңтайлы саны мен үлгісін (класын) пайдалану.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттарын жайғастыруға қойылатын талаптар
9-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру тәртібі
Егер жолаушы электрондық жол жүру құжатын (билетті) сатып алса, онда электрондық жол жүру құжаты (билет) немесе жеке басты куәландыратын құжат түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысанында сапарды қолдану құқығы үшін жеткілікті негіздеме болып табылады, бұл ретте қағаз нысанындағы жол жүру құжаты (билет) берілмейді.
Ескерту. 60-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.10.2021 № 524 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1) жол жүру құжаттарына қандай да болмасын түзетулер енгiзуге;
2) автобустың, шағын автобустың салонында багаж алып жүруге;
3) темекi тартуға, қоқсытуға, спирт iшiмдiктерiн iшуге;
4) жүргiзушiнi әңгiмемен алаңдатуға, сондай-ақ автобустың қозғалысы кезiнде салон iшiнде жүруге;
5) от қауiптi, жарылғыш, улағыш, жеңiл тұтанатын, улы, уытты және күлiмсi иiстi заттарды, құндағы және дәрiмен атылатын iлеспе құжаттары жоқ қаруды, сондай-ақ жолаушыларға, не автобус салонының жабдығына немесе жарағына залал (ластау немесе зақымдау) келтiруi мүмкiн заттар мен бұйымдарды тасымалдауға жол берiлмейдi.
10-параграф. Багаж автомобильдерiмен багажды тасымалдау
Егер Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы халықаралық шарттарында сондай қарастырылса, халықаралық жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезінде багажды автомобиль тиісті рұқсат құжат алады.
Аралық аялдама пункттерiнде багажды багаж автомобилiнде тасымалдауға қабылдау жолаушы тиiстi маршрут бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерiн) көрсету кезiнде жүргiзiледi.
Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру және багажды алып жүру төлемi, тіркеуі
Ескерту. 11-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қала маңындағы қатынастарда маршруттары бойынша жол жүруге төлем жолаушылар агенттігі немесе жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі арқылы жүргізілуі мүмкін.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдау маршруттары бойынша жол жүру және багажды алып жүру төлемін, автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, сондай-ақ агенттік немесе электрондық билеттерді сататын ақпарат жүйесімен қабылданады және жолаушының жеке басын растайтын құжаттар түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысаны негізінде жүзеге асырады. Жолаушыларды отырғызу жолаушының жеке басын куәландыратын құжатпен түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысанында билетте көрсетілген тегі, аты, әкесінің атын тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.10.2021 № 524 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1) билеттiң сериясы мен нөмiрi;
2) жөнелту және бару пункттерi;
3) комиссиялық және сақтандыру алымдары көрсетiлген төленген жол жүру құны;
4) билеттiң берiлген күнi;
5) бастапқы пункттен автобустың жөнелтiлген күнi мен уақыты;
6) рейстiң нөмiрi;
7) жолаушының отыру орнының нөмiрi.
Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық
(астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдауы
1) ауыстырылатын жылжымалы құрамның класы және шығу жылы ұқсас (немесе одан жоғары);
2) куәліктің негізгі құрамына толықтырылатын жылжымалы құрам негізгі құрам ретінде көрсетілген жылжымалы құрамның класы және шығарылған жылынан төмен емес;
3) куәліктің резервті құрамына толықтырылатын жылжымалы құрам резервті құрам ретінде көрсетілген жылжымалы құрамның класы және шығарылған жылынан төмен емес болып табылған жағдайда осы куәлiктi берген орган рұқсат бередi.
Ескерту. 83-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық қатынасындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша қозғалыс кестелерін келісу тәртiбi
Қозғалыс кестелерiн келiсу осы Қағидалардың 13-16 тармақтарындағы шарттарды ескере отырып жүзеге асырылады.
14-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдау
Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
90-1. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген автокөлік құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдарымен жолаушыларды, жүктерді тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырылмайды.
Ескерту. 14-параграф 90-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi
1) тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шартты халықаралық қатыста жолаушыларды автобустармен, микраавтобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензиясы және шетелдік тасымалдаушымен лицензияға қосымшасы бар;
2) автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сақтандыру полисінің немесе шарттарының көшірмесін;
3) жалға алынған автокөлік, жалға алынған автокөлік құралдары шарттарының көшірмелері кезінде көлік құралын тіркеу туралы куәліктер көшірмелері қоса берілген, ағымдағы кезеңге міндетті техникалық байқаудан өткен маршрутта пайдаланылуы көзделетін жылжымалы құрам туралы мәліметтерді (автобустардың саны және үлгісі (класы) негізгі және резервке бөлумен;
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының 7-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ маршруттың бастапқы пунктінен 50 километрден аспайтын радиуста орналасқан өндірістік-техникалық базаға (жеке немесе жалға алған) құжаттардың көшірмелерін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген) (бұдан әрі- – Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидалары)) және профилактикалық медициналық куәландыруды жүзеге асыруға медициналық ұйыммен немесе медициналық қызметкермен жасасқан шарттың көшірмелерін;
5) маршрут бойынша автобустардың орны және жөнелтілу, келу және тұру уақыттары, сондай-ақ барлық аялдама пункттері мен мемлекеттердің шекаралары арқылы өткізу пункттері, автобустар қозғалысының жылдамдық режимі бойынша қашықтықтар көрсетілген қозғалыс кестелерін;
6) автовокзалдар мекенжайын, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, сондай-ақ автомобильдерді мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің атаулары көрсетілген маршрут схемасын;
7) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген тарифтің көрсеткішімен осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушылар тіркелген мемлекеттердің ұлттық валютасындағы халықаралық тұрақты маршруттың аялдама пункттері бойынша жолаушыларды және багажды тасымалдауға ұсынылатын тарифтерді.
Осы тармақтың 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тұрақты маршрутқа қызмет көрсету туралы шарт жасасқан қазақстандық және шетелдік тасымалдаушылар қол қойған және олардың мөрлермен (болған жағдайда) расталған құжаттар төрт данада ұсынылады.
Маршрут бойынша қозғалыс схемасы және қозғалыс кестесі, сондай-ақ жолаушылар мен багажды тасымалдауға тарифтерді автомобиль көлігі саласында уәкілетті органың жауапты тұлғасының қолымен және мөрімен (рамка қалыңдығы 1миллиметрлі төртбұрыш формалы мөр, жоғары бөлігінде автомобиль көлігі саласында уәкілетті орган атауы, ортасында "Автобус бағыты бойынша қозғалысқа рұқсат берілді" деген сөз бар және астында растау мерзімі және "_________қолы" ) растайды.
Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Рұқсат автобустардың, шағын автобустардың әрбір жүру кестесіне екі данадан ресімделеді.
Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
қамтамасыз етедi.
Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы Қағидалардың 92-тармағына сәйкес өтiнiмге қоса берiлген құжаттар толық көлемде емес немесе жалған мәлiметтер болса;
2) өтiнiш берiлген қозғалыс кестесi бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты халықаралық тасымалдау маршруты қызмет етілсе;
3) ашылып жатқан бастапқы және аралық пункттері және қолданыстағы ұзақтығы 250 км асатын тұрақты халықаралық маршруттар бойынша қозғалыс кестесінің айырмашылығы 1 сағаттан аз уақытты құраса;
4) тасымалдауды жүзеге асыруы болжанып отырған жылжымалы құрамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ автобустарды рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексерудi, сондай-ақ жүргiзушiлердi рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландыруды жүргiзу мүмкiндiгiнің болмауы;
5) аумағы арқылы өтiнiш берiлген маршрут өтетiн мемлекеттiң құзыреттi органының келiсiмi алынбаса;
6) ашылып жатқан бастапқы және аралық пункттері және қолданыстағы ұзақтығы 250 км дейінгі халықаралық тұрақты маршруттар бойынша қозғалыс кестесінің айырмашылығы 15 минуттан аз уақытты құраса, бас тартылады.
Ескерту. 101-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1) тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға тасымалдауды болжамды тоқтату күнiне дейiн 1 айдан кешiктiрмей жазбаша өтiнiш берген;
2) жергiлiктi атқарушы органдар жазбаша дәлелдi өтiнiш берген;
3) осы Қағидалардың талаптарын бұзу немесе сақтамау фактілері байқалған;
4) егер тасымалдаушы аумағы бойынша маршрут өтетiн шет мемлекеттердiң құзыреттi органдары белгiлеген тұрақты маршруттарды пайдалану шарттарын қамтамасыз етпесе;
4-1) тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiгi жасасатын шарттардың көшiрмелерiн осы Қағидалардың 97-тармағында белгiленген мерзiмде ұсынбаған;
5) аумақтары бойынша тұрақты маршрут өтетiн шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарының жазбаша өтiнiшi бойынша алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруы мүмкiн.
Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) тасымалдаушы тасымалдауды болжамды тоқтату күнiне дейiн 3 айдан кешiктiрмей жазбаша өтiнiш берген;
2) тасымалдаушы өз еркiмен, автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның келiсiмiнсiз маршрут бойынша автобустардың қозғалыс кестесi мен схемасына өзгерiстер енгiзген;
3) аумақтары бойынша тұрақты маршрут өтетiн шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарының жазбаша өтiнiшi бойынша;
4) егер тасымалдаушы рұқсат құжаттарын алған күннен бастап айлық мерзiм өткен бойда маршрутта жолаушылар тасымалдауды орындамаса;
5) егер маршрутта жолаушылар тасымалдауды тасымалдаушы рұқсат құжаттарының қолданылу кезеңiнде күнтiзбелiк 15 күн бойы орындамаған жағдайда;
6) егер тасымалдаушы "Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларының 26-тармағына сәйкес күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімдегі уақыты бар тасымалдаушы шетелдік рұқсатты алуға өтінім бермеген жағдайда тоқтатылады.
Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
104-1. Рұқсат құжаттардың қолданылуын уақытша тоқтатқанда немесе тоқтатқанда тасымалдаушыға рұқсат құжаттардың қолданылуын уақытша тоқтатқан немесе тоқтатқан күннен бастап бес жұмыс күн ішінде дәлелді жауап жіберіледі.
Ескерту. 15-параграф 104-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16-параграф. Халықаралық қатынаста жол жүру және багажды алып жүру төлемi
Бұл ретте, халықаралық қатынастағы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату билетте жолаушының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілуі арқылы жүзеге асырылады.
Жолаушыны рейске отырғызу жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасында не цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжат нысаны негізінде билетте көрсетілген тегі, аты, әкесінің атын тексере отырып, жүзеге асырылады.
Багаждың багаж автомобильдерінде тасымалдануы, алып жүруі осы Қағидалардың 2-тарауының 10-параграфында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 105-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.10.2021 № 524 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдау маршруттарында жүргізушілерді рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.10.2021 № 524 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) сауал беру, тексерiлетiннiң сыртқы түрiн, жүрiсiн, тұрысын, мiнез-құлқы мен көңiл-күй әрекеттерiнiң барабарлығын, сөзiнiң байланыстылығы мен нақтылығын, iс-қимылын, санасын, терi жабыны мен көрiнетiн сiлекейлi жабыны, көз шелiнiң түсiн, көз жанарының мөлшерiн, тыныс алу ерекшелiктерiн қарау және бағалау;
2) айтылған арыздарды, рейсаралық (ауысымаралық) тынығу мен ұйқы ұзақтығын айқындау және қарау;
3) артериялық қысымды, пульстiң жиілiгi мен сапалық сипаттамаларын өлшеу және бағалау, дене температурасын өлшеу, тамақты тексеру, лимфа түйiндерiн, iштi қарау, Ромберг тұрысындағы орнықтылықты, саусақ-мұрын және басқа да координациялық сынамаларды орындау дәлдiгiн анықтау кiредi. Жүргiзушi ауруының анамнезiнде артериялық гипертония болған кезде, рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудың жеке картасында жүргiзушiнiң негiзгi функционалдық көрсеткiштерiнiң рұқсат етiлген параметрлерi белгiленедi.
Медициналық қызметкер жүргiзушiлер жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауын жүзеге асырған кезде – борт журналының, жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды, сондай-ақ таксимен тасымалдауды жүзеге асырған кезде – жол қағазының тиiстi бағаналарына мөртабан қояды. Мөртабанда тексеруден өткен күн, уақыт және медициналық қызметкердiң қолы қойылады.
Осы қорытындымен келiспеген жағдайда, бұл адамдар психоактивтi затты қолдану фактісін және масаң жай-күйін белгілеу үшiн медициналық куәландыруды жүргiзуге уәкiлеттi жақын арадағы медициналық ұйымға жiберiледi.
Уақытша еңбекке жарамсыздық белгiлерi амбулаториялық-емханалық ұйымдар жұмыс iстемейтiн уақытта анықталған жағдайда, науқасқа қажеттi медициналық көмек көрсетiледi және тексеру күнiн, уақытын, болжанған диагнозды және көрсетiлген медициналық көмектiң мөлшерiн мiндеттi түрде көрсетiп, маманға жолдама ресiмделедi, ол дәрiгердiң еңбекке жарамсыздық парағын беру үшiн негiз болып табылады.
Рейстен кейінгі медициналық қарап тексеру кезінде жүргізушіде алькогольдік және басқа да психоактивтік, оның ішінде есірткі заттарын қолдану белгілері анықталған кезде медициналық қызметкер алдымен жұмыс берушіге хабарлайды, жұмыс беруші жүргізушіге әкімшілік шаралар қолдану үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөлімшелерін (бұдан әрі - ӘПК) хабарлайды.
4-тарау. Жол жүру құжаттарының (билеттердің) және багаж түбіртектерінің нысаны, сатылу тәртібі, сондай-ақ жол жүру құжаттарын (билеттерді) алдын ала және электронды сатуды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің билет кассалары және кассалық пункттер арқылы;
2) маршруттың аралық аялдама пункттерiнде билет кассалары болмаған жағдайда автобуста, шағын автобуста отыратын бос орындар болса, сондай-ақ жолаушылар мен багажды 50 км артық қашықтықта тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автобустар мен шағын автобустардың толу нормасына дейiн жүргiзушi немесе кондуктор;
3) оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып, жолаушылар агенттіктері жүзеге асырады.
Ескерту. 116-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Автовокзалдар, автостанциялар мен кассалық пункттердiң жолаушылардың тұрақты емес тасымалдауына билеттер сатуына рұқсат етiлмейдi.
Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) алдын ала сату, сондай-ақ байланыс құралдарын пайдалану арқылы сатылған жол жүру құжаттарын (билеттерiн) үйге жеткiзiп бергенi үшiн қызмет көрсеткенi үшiн ақы алынуы мүмкін.
5-тарау. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) және олардың құнын қайтару, сондай-ақ қолданылу мерзімі тәртібі мен шарттары
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Егер сатып алынған билетті қайтаруды оны сатпаған касса жүзеге асырса, онда касса қайтарылған жол жүру құжатының (билет) құнының 5 пайызын асырмай қайтарғаны үшін комиссия алады.
Ескерту. 130-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6-тарау. Багажды қабылдау, сақтау және беру тәртібі
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Багажды сақтауға қабылдау кезiнде ораманың берiктiгi тексерiледi және ол жарамсыз болған жағдайда, жолаушыға ақаулықты жою ұсынылады.
Талап етілмеген багаж сақтау камерасында алты ай ішінде сақталады. Көрсетілген мерзім өткенде талап етілмеген багаж құртылады.
Өздерiне тән қасиеттерi бойынша басқа жолаушылардың бұйымдарын ластауы немесе зақымдауы мүмкiн бұйымдарды, сондай-ақ өртену қаупi бар, жарылғыш, улағыш, улы, өткiр және күлiмсi иiстi заттар сақтауға қабылданбайды.
1) сақтау камерасының деректемелерi;
2) күнi;
3) багаж иесiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты;
4) сақтауға қабылданған багаж орындарының саны;
5) сақталу мерзiмi;
6) багаждың көрсетiлген құны (иесi қалаған кезде);
7) багажды сақтау ақысының сомасы;
8) багаж орамасының ақаулықтары (болған кезде) көрсетiлген түбiртек жазып берiледi.
Ескерту. 139-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.10.2021 № 524 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сақтауға бiрнеше затты (орынды) тапсырған кезде жолаушы әрбiр өзi тапсырған заттың (орынның) немесе олардың жалпы бағасын көрсетуi мүмкiн. Көрсетiлген бағаның сомасы багаж түбiртегiнде көрсетiледi.
Актiде багаж иесiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты және мекенжайы, қабылданған және берiлген орындардың саны, жоғалған заттың атауы немесе оның зақымдалу сипаты, егер ол құжат жүзiнде ресiмделсе, көрсетiлген бағаның сомасы көрсетiледi.
Актiнiң бiр данасы багаж иесiне тапсырылады.
7-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Жалпы ережелер
Ескерту. 145-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қалалық қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығына – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары болып табылады;
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тасымалдауды ұйымдастыру үшін автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарына маршруттардың негізгі сипаттамалары бойынша мынадай ақпаратпен қоса бекітілген және келісілген жол жүру кестесін береді:
бастапқы және соңғы жүру пункті бойынша маршруттың нөмірі және атауы;
паритеттік қызмет көрсету тәртібін көрсете отырып, маршрутқа қызмет көрсету кезеңі;
маршруттағы аралық пунктердің атаулары мен санын және тікелей және кері бағыттағы қозғалыс жылдамдығын орташа пайдалануын көрсете отырып, маршрут бойынша қозғалыс кестесі;
жолаушылар орындықтарына арналған орындар бойынша паспорттық сыйымдылығын көрсете отырып, маршрутқа қызмет көрсету үшін қажетті автобус класстарын, сондай-ақ жылжымалы резервтік құрамды есепке алғанда қажетті автобустар санын;
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тасымалдауға конкурс бекітілген жүру кестесін алғаннан кейін 30 жұмыс күннен кешіктірмей жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады.
2) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары болып табылады.
2-параграф. Конкурстық комиссия
Комиссияның құрамы қала (аудан, облыс) әкiмiнiң өкiмiнде белгiленедi.
1) жергiлiктi атқарушы органдардың;
2) көлiктiк бақылаудың аумақтық органдарының;
3) ӘПК-нің;
4) жолаушыларды автобуспен тасымалдаушылар қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi кiредi.
Ескерту. 158-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-параграф. Конкурстық құжаттаманың жиынтығы
Бұл ретте құрылған лоттарды келiсу жөнiнде шешiм қабылдауды, мәжiлiс хаттамасында шешiмдi бекiтумен, Комиссия жүзеге асырады.
1) конкурсқа шығарылатын жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдау маршруттарының негiзгi сипаттамаларын, маршруттардың схемаларының қосымшасымен, қозғалыстар кестелері, сондай-ақ жолақысын электрондық төлеу жүйесін пайдаланған кезде қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолаушыларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру үшін маршруттың (км.) жалпы ұзындығы осы Қағидалардың 7-қосымшасындағы нысан бойынша қоса берiледi;
2) Комиссия мүшелерi санына осы Қағидаларға 8-қосымшасына сәйкес конкурсқа шығарылатын жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстарды (бұдан әрi - Конкурстық ұсыныстар) толтыру үшін нысандар;
3) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты республикаiшiлiк тасымалдауды ұйымдастыру шартының жобасы;
4) осы Қағидаларға 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсқа қатысушы туралы ақпараты;
5) бағалау шкаласын;
6) конкурстық ұсыныстарды беру үшiн бiр үлкен конверттi (егер конкурсқа маршруттардың бiр лоттан артық шығарылса, онда әрбiр лотқа жеке конверттер болуы тиiс) қамтиды.
Ескерту. 160-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-параграф. Конкурстық ұсыныстардың мазмұны
1) ұсынылатын жылжымалы құрамның, соның ішінде отандық өндірісті (автобустардың, шағын автобустардың маркасы мен саны, меншiктiң түрi, пайдалану мерзiмi, паспорттық сыйымдылығы);
2) тасымалдаушының жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау саласындағы жұмыс тәжірибесі;
3) Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының 7-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан, жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базаның (меншікті, жалға алынған немесе шарт бойынша қызмет көрсететін) болуы;
4) автобустарды, шағын автобустарды маршрут бойынша қозғалыс кезiнде оларда ақаулық пайда болған жағдайда ауыстыру бойынша ұсынылатын шаралар жүйесi;
5) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру бойынша қосымша ұсыныстар.
Ескерту. 162-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Қатысушылар жылжымалы құрам (резервтегіден басқа) мен жүргiзушi персоналды осы маршрутты қамтитын лот бойынша конкурс аяқталғанға дейiн конкурстық ұсыныстарда бiр маршруттан артық көрсету фактiлері анықталған жағдайда неғұрлым кеш тапсырылған конкурстық ұсыныстар жарамсыз болып есептеледi.
5-параграф. Конкурстарды ұйымдастыру және өткiзу
жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қаламаңы, ауданішілік, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына тиісті облыстардың және республикалық маңыз бар қалалардың және астананың аумағына тарайтын;
жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық қалааралық (республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоса алғанда) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына Қазақстан Республикасының барлық аумағына тарайтын баспасы басылымдары арқылы конкурсты өткізу туралы хабарландыру жариялайды.
Ескерту. 165-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттары жергiлiктi атқарушы органның мөрiмен расталады.
Конкурсқа қатысушыларды тіркеу Конкурс туралы хабарландыру жарияланған күнінен кейінгі күні басталады және оның басталу күнінің алдындағы күнге дейінгі он жұмыс күн ерте аяқталады.
Ескерту. 169-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) қатысушы туралы ақпараттың толтырылған бланкiсiн;
2) өз қызметiн заңды тұлғаны құрмай жүзеге асыратын заңды тұлғаны немесе кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе анықтаманы;
3) сақтандыру полистерінің немесе автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының көшiрмелерiн;
4) жылжымалы құрамның әрбiр бiрлiгi үшiн техникалық паспорттардың және ағымдағы кезеңде жарамды міндетті техникалық тексеруден өту туралы диагностикалық карталардың көшiрмелерiн. Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негiзгi ретiнде пайдаланылатын жылжымалы құрамды резервтiк ретiнде, ал резервтiктi негiзгi ретiнде ұсынуға жол берiледi. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негiзгi жылжымалы құрам ретiнде пайдаланылатын жылжымалы құрамды негiзгi ретiнде ұсынуға жол берiлмейдi;
5) жүргізушілер құрамы туралы анықтама (әрбір жүргізуші бойынша еңбек шарттарының және жүргізуші куәліктерінің көшірмелерін қоса);
6) маршруттың барлық ұзақтығына диспетчерлік сүйемелдеудің және телефонның немесе басқа байланыстың болуы, сондай-ақ техникалық себептер бойынша (қалааралық облысаралық маршруттар бойынша) маршрутта олардың қозғалысы тоқтаған жағдайда автобустарды ауыстыру мүмкіндігі туралы анықтаманы;
7) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген) Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі талаптарына сәйкес жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде ұстау бойынша қажетті жұмыстар кешенін өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан өнеркәсіптік-техникалық базаға құқық белгілейтін және құқықтық куәландыратын құжаттар, профилактикалық медициналық куәландыруды жүзеге асыруға жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломның көшірмесін қоса бере отырып, медициналық қызметкермен жасасқан шарттың көшірмелерін;
8) жолаушылар мен багажды маршруттың тоқтау пункттері бойынша, соның ішінде маршруттағы екінші дәрежелі тоқтау пункттері бойынша (қалалық және қала маңындағы маршруттардан басқа) тасымалдауға ұсынылатын тарифтер;
9) барлық тұрақты маршрут бойынша автобустар жүргізушілерінің ауысу уақыты мен орнын көрсетумен (қалааралық облысаралық маршруттар бойынша) жүргізушілердің еңбек және тынығу режимі графигін;
10) толтырылған және қатысушының қолымен және мөрiмен (бар болса) расталған, конкурстық құжаттама жиынтығына салынған нысандардың санына тең мөлшердегі конкурстық ұсыныстарды.
Конкурстық ұсыныстар стандартты ақ парақтарда бiркелкi, түзетулерсiз және өшiрулерсiз ресiмделедi.
Құжаттармен қоса берілген өтінім нөмірленеді, тігінделеді және конкурсқа қатысушының қолымен, мөрімен (бар болса) бекітіледі.
Ескерту. 170-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрыұтарымен.
Конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген мерзiмдерi бұзылып берiлген өтiнiмдер мен оларға қоса берiлетiн құжаттарды комиссия хатшысы қабылдамайды және комиссия қарамайды.
Ескерту. 172-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тексеру нәтижелерi бойынша конкурс алдындағы комиссия конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы туралы, қатысушы туралы толтырылған ақпарат бланкiсiне белгi қояды және қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетiлген автокөлiк құралдарының осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгi туралы анықтаманы (бұдан әрi – анықтама) қоса бередi.
Уақытты оңтайландыру және Анықтамаға қол қою үшiн конкурстық ұсыныстарда берілген мәлiметтердiң дәйектiлiгi туралы пiкiрлер қалыптастыру мақсатында объектiлер және тексеру түрлерi бойынша конкурс алдындағы комиссия мүшелерiн бөлуге рұқсат етіледі.
Көрсетiлген құжаттар қатысушы ұсынған өтiнiм мен құжаттар бар тиiстi конвертке жабылады.
Комиссия мүшелерi бағалау шкаласына сәйкес осы Қағидалардың
11-қосымшасындағы нысанға сәйкес конкурсқа шығарылатын жолаушылар мен багажды автмобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету бойынша конкурстық ұсыныстарды бағалау парағына баллдарды қояды.
Конкурстық комиссия қатысушылардың өтiнiмдерi мен қоса берiлген құжаттарын қарау кезінде конкурста қатысу үшін өтінімдердегі мәліметтерді нақтылау мақсатында жазбаша түрде қажетті ақпаратты тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан сұратады.
1) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 170-тармағына сәйкес келмеуі және (немесе) толық еместігі;
2) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерінің нақты еместігі;
3) осы Қағидалардың талаптарына жылжымалы құрамының сәйкес еместігі;
4) жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде ұстау бойынша қажеттi жұмыстар кешенiн өткiзуге және автобустарды рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруге, сондай-ақ жүргiзушiлердi рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландыруға мүмкiндiгi болмаса;
5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартының 8-тармағында көрсетілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11002 болып тіркелген) (бұдан әрі - Шарт) шарттың елеулі шарттарын орындамау себебі бойынша тасымалдаушы соңғы алты ай ішінде осы маршрут бойынша мерзімнен бұрын шарттарды бұзса.
Ескерту. 176-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетiлген автокөлiк құралдарының осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгi туралы конкурс алдындағы комиссияның оң бағасы болған жағдайда, осы қатысушы тиiстi лот бойынша Конкурстың жеңiмпазы деп танылады.
Конкурс алдындағы комиссия терiс қорытынды шығарған жағдайда, Комиссия мүшелерi жоғарылығы бойынша келесi жалпы жиынтық балл алған қатысушының құжаттарын қарауға көшедi.
Егер қандай да болмасын лот бойынша бiр де бiр қатысушы тiркелмесе, Конкурс өтпеген деп танылады және Конкурсты ұйымдастырушы осы лот бойынша негiзгi талаптарды өзгертеді немесе басқа лот жасайды және келесi Конкурсқа шығарады.
Егер паритеттік жақтан қалааралық облысаралық маршруттарға қызмет көрсету құқығына өтініштер түспеген жағдайда, жергілікті атқарушы орган екінші паритеттік тасымалдаушыға барлық маршрутқа қызмет көрсету құқығын ұсынады.
Комиссияның шешiмi, егер оның отырысына мүшелерiнiң кемiнде 2/3 қатысса, заңды деп танылады.
Комиссия отырысының нәтижелері хаттамамен ресімделеді, оған Комиссия барлық мүшелері қол қояды және оны Төраға бекітеді.
Егер комиссия мүшелерінің ерекше пікірі болса, ол жазбаша турде баяндалып, хаттамаға қоса беріледі.
Ескерту. 183-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
183-1. Егер Байқау жарамсыз деп танылса, қайталама Конкурс оны таныған күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.
Ескерту. Қағидалар 183-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8-тарау. Маршрутқа қызмет көрсету құқығына куәлік беру, тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібі мен шарттары, оны беруден бас тарту шарттары мен негіздері, сондай-ақ нысаны
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Егер куәлiктiң түпнұсқасын автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган берген болса, тасымалдаушы (жүргiзушi) маршрутта осы орган растаған куәлiктің көшiрмесiн қолдана алады.
Рұқсат құжаттары берiлген күннен бастап күнтiзбелiк 30 күн iшiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органға осы Қағидаларға сәйкес (қалалықтан (ауылдықтан) басқа) тасымалдаушы мен автовокзалдардың, автостанциялардың әкiмшiлiгi, жолаушыларға қызмет көрсету пункті жасаған шарттардың көшiрмелерiн ұсынады.
Тасымалдаушы жергілікті атқарушы органға осы шарт бойынша қолданысын тоқтатқан куәліктерді береді.
Ескерту. 194-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
195. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) тасымалдаушының жазбаша өтініші;
2) егер тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның келісімінсіз маршруттардағы автобустардың қозғалыс кестесі мен схемасына өзгерістер енгізсе;
3) егер тасымалдаушы куәліктің қолданылу кезеңінде күнтізбелік 15 күн бойы маршрутта жолаушылар тасымалдауды орындамаса;
4) төмен жиілік (отыз күнтізбелік күнде жетпіс пайыздан кем);
5) тасымалдаушының (тасымалдаушы жүргізушісінің) кінәсі бойынша адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасының болуы;
6) маршрутта автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар берген куәліктерде көзделмеген автобустарды, шағынавтобустарды пайдалану;
7) маршрутта (маршруттарда) қызмет істеу құқығын үшінші тарапқа беру жағдайларында тоқтатады.
Ескерту. 196-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9-тарау. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі
Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Жалпы ережелер
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустардың жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнде аялдама жасау, сондай-ақ оларда жолаушыларды отырғызу және түсiру жүзеге асырылмайды.
4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 13-тармағына сәйкес жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар тасымалдаушылар жүзеге асырады.
Өлшемi осы тармақта көрсетiлген өлшемдерден асатын жолаушылардың мүлiгi автокөлiк құралдарының багаж бөлiмшесiнде немесе автобусқа, шағын автобусқа ерiп жүретiн багаж автомобилiнде тасымалданады.
204-1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес сапарды жүзеге асыру кезінде:
1) жол жүру құжаттарына қандай да болмасын түзетулер енгізуге;
2) автобустың, шағын автобустың салонында багаж алып жүруге;
3) темекі тартуға, қоқсытуға, спирт ішімдіктерін ішуге;
4) жүргізушіні әңгімемен алаңдатуға, сондай-ақ автобустың қозғалысы кезінде салон ішінде жүруге;
5) от қауіпті, жарылғыш, улағыш, жеңіл тұтанатын, улы, уытты және күлімсі иісті заттарды, құндағы және дәрімен атылатын ілеспе құжаттары жоқ қаруды, сондай-ақ жолаушыларға не автобус салонының жабдығына немесе жарағына залал (ластау немесе зақымдау) келтіруі мүмкін заттар мен бұйымдарды тасымалдауға жол берілмейді.
Ескерту. 1-параграф 204-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Жолаушылар мен багажды бiр жолғы сипаты бар тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi
10-тарау. Тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды және багажды тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі
Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 207-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
208. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.04.2021 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11-тарау. Жолаушыларды және багажды таксилермен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі
Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Жалпы ережелер
Таксимен жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қызметті хабарландыру тәртібінің талаптарын сақтамай жүзеге асыруға жол берілмейді.
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастау туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді.
Таксимен тасымалдаушы тізілімнен шығару өтініш берушінің өтініші, соттың қызметіне тыйым салу туралы шешімі немесе такси тасымалдаушысымен осы Қағидаларда көзделген талаптарды орындамауы бойынша жүргізеді.
Ескерту. 211-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Арнаулы басқаруы бар автокөлiк құралдарын такси тасымалдауы үшiн қолдану, соның iшiнде барлығы қолмен, сондай-ақ басқару рулi оң жақтағы рұқсат етiлмейдi.
1) жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін түсі біркелкі және осы Қағидалардың 341-тармағына сәйкес айырым белгілері бар таксилерді пайдалануды;
2) автокөлік құралдарының рейс алдында техникалық қарап тексеруден, сондай-ақ медициналық қарап тексеруді жүзеге асыруға шарт жасасқан, жоғары немесе орта медициналық білім туралы дипломы бар адамның такси жүргізушілерін рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өтуін;
3) таксидің ақауы болған жағдайда оны уақтылы ауыстыруды;
4) жолаушының такси көрсететін қызмет құны (бағасы) туралы хабардар болуын;
5) он және одан көп такси болған кезде әрбір он таксиге шаққанда арнайы жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін ыңғайластырылған кемінде бір таксиінің болуын;
6) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауды;
7) жол құжаттарын ресімдеуге қамтамасыз етеді.
Ескерту. 214-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
214-1. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушының:
1) такси тұрағы, жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін арнайы жабдықталған такси тұрақтарын пайдалануға;
2) жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтай отырып, жол желісінің кез келген учаскелерінде жолаушыларды отырғызуды және түсіруді жүргізуге;
3) ақпараттық-диспетчерлік қызметтің немесе ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөніндегі шарттың болуын қамтамасыз етуге;
4) автокөлік құралын таксометрмен жабдықтауға;
5) жергілікті атқарушы органдарға арнайы жабдықталған такси тұрақтарын ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар беруге құқығы бар.
Ескерту. 1-параграф 214-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 215-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) онда бос орындардың жеткiлiктi саны болса;
2) таксидегi жолаушы осылай тоқтауға келiсiм берсе, қол көтерiп тоқтатуға болады.
Егер жолаушы оны күтiп тұрған такси-автомобильге алдын ала келiсiлген уақыт iшiнде қайтып келмесе, тасымалдау шарты тоқтатылды деп есептеледi.
2-параграф. Таксимен жол жүру төлемi
3-параграф. Қол жүгiн, ұсақ жануарларды және багажды таксимен тасымалдау
Таксиде иттердi тасымалдауға тек мұндай тасымалға жүргiзушi мен басқа жолаушылар келiсетiн болса ғана рұқсат етiледi.
12-тарау. Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау
Ескерту. 12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Жалпы ережелер
iс-шаралар, спорттық, мәдени-ағартушылық және басқа да iс-шаралар орындарына балаларды жеткiзу үшiн (бұдан әрi – балаларды тасымалдау) бөлiнген автобустармен үлкендерсiз (осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тағайындалған ерiп жүретiн адамдардан басқасы) сегiз және одан артық балалардың топтарын арнайы тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды регламенттейдi.
Бұл жағдайда тапсырыс берушi осы Қағидалардың тасымалдаушыларға қатысты талаптарын орындайды.
маршруттар бойынша ұзақтығы 12 сағатқа дейiн бiр жүргiзушiмен, 12 сағаттан жоғары екi жүргiзушiмен;
маршруттар бойынша ұзақтығы 16 сағаттан артық жүргiзушiлердiң және жолаушылардың кем дегенде 8 сағат толыққанды демалу үшiн (қонақ үйлерде, кемпингiлерде) жағдайларды қамтамасыз етудi ескере отырып, жүргiзушiлердiң жұмысын ұйымдастырады.
Жетi жасқа толмаған балалар бiлiм беру мекемесi жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруi кезiнде ғана жол жүруге рұқсат етiлуi мүмкiн.
1) қауiпсiздiк шараларын бұзуға әкеп соғатын, толқыған жай-күйiнде;
2) алкоголь, есiрткi, психотропты және улағыш заттардың әсерi болғанда.
2-параграф. Балалардың тасымалдауына тапсырыс берушiнiң әрекетi
Тапсырыс берушi меншiктi көлiгiн тапсырылған автобустарға қосымша бөлу жағдайында тасымалдауға арналған көлiк бiрлiгiнiң бөлiнетiн саны көрсетiледi.
Өтiнiмге тапсырыс берушi ұйымның бастығы немесе оның орынбасары қол қояды.
1) күндері және қозғалыс маршруты;
2) санитарлық заңнаманың талаптарына сәйкес жабдықталған маршруттың бақылау пункттерiнен өту уақытын, аялдама және демалу орындарын анықтау енгiзiлетiн жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiнiң талаптарына жауап беретiн қозғалыс кестесi;
3) медициналық көмек көрсету, ауруханалар пункттердiң көрсетiлуiмен қозғалыс жолының схемасы;
4) белгiленген жағдайда медициналық ерiп жүрудi растау;
5) автобустың (автобустардың) маркалары және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін, бiлiм беру аумақтық органдарымен бекiтiлген балалардың және оларға ерiп жүретiн адамдардың тiзiмiн қоса бере отырып, балалардың тасымалдауын орындайтын жүргiзушiлердiң аты-жөндерi.
1) автомобиль көлiгiмен балаларды тасымалдау кезiнде қауiпсiздiк шаралары, ауырған және зақымданған кезде алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша арнайы нұсқаулықпен – топтардың және ерiп жүрушiлердiң жетекшiлерiн дайындауды ұйымдастырады;
2) мүмкiндiк бойынша топтардың және ерiп жүрушiлердiң жетекшiлерiн ұялы телефонмен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды, тапсырыс берушiнiң әкiмшiлiк өкiлдерiмен байланыс, жол жүру және жол жүруде туындаған ойда болмаған мәселелердi келiсу барысы туралы баяндамалар мерзiмдерiнiң тәртiбiн белгiлейдi;
3) топтардың және ерiп жүрушiлердiң жетекшiлерiн маршрут жүретiн аудандардың "жедел көмек көрсету", құтқару қызметтерiнiң, ӘПК-нің және полиция бөлiмдерiнiң телефон нөмiрлерiмен қамтамасыз етедi және балаларға және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн көмек көрсету қажет болған жағдайда оларға жүгiну тәртiбiн анықтау;
4) балаларды қоса алғанда, барлық жол жүру қатысушыларының ұялы телефондарының нөмiрлерi тiзiмiн құрайды және осы тiзiммен барлық ересек ерiп жүрушiлердi қамтамасыз етедi;
5) жол жүруге тiлек бiлдiрушi балалардың iрiктеуiн және олардың ата-аналарынан жазбаша түрде келiсiмiн алуын қамтамасыз етедi;
6) жол жүруге жiберiлгендер санынан денсаулық жағдайы бойынша жақпайтын балаларды табу және алып тастау бойынша балалардың медициналық тексеруiн ұйымдастырады;
7) "Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекiтiлген жол қозғалысы ережесiнiң "3. Жаяу жүргiншiлердiң мiндеттерi" және "4. Жолаушылардың мiндеттерi" деген тарауларын, сондай-ақ қауiпсiздiк және автокөлiкпен жол жүру кезiндегi ереженiң шараларын балаларға оқытуды қамтамасыз ету;
8) жол жүруге дайындық кезiнде балалар және олардың ата-аналары тиiстi климаттық және жол киiмi жағдайларына, аяқ киiмiне, жеке гигиена құралдарына назар аударады;
9) балалардың тобына созылмалы ауруы бар балалар енгiзiлген жағдайда ескерiп, жол жүру уақытында дәрiгер белгiлеген қажеттi дәрiлердiң, дәрiлiк құралдардың және тану материалдарының қажеттi жиынтығымен дәрi қобдишасының әрбiр автобуста бар болуын қамтамасыз етедi;
10) мүдделi адамдардың қатысуымен жол жүрудiң ұзақтығы үш сағаттан артық кезiнде балаларды сынбайтын ыдыстармен және тамақ өнiмдерiнiң жиынтығымен (жолда тамақтық сапаларын кепiлдi сақтайтын, тамақтық улануды болдырмайтын құрғақ жарналармен) қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
11) ұзақтығы бiр күннен артық жол жүру кезiнде қоғамдық тамақтану мекемелерiнде (асханаларда, кафелерде) ыстық тамақты күн сайын үш мезгiл қабылдауды, сондай-ақ мамандандырылған мекемелерде (қонақ үйлерде, кемпингiлерде) қонуды қамтамасыз етедi;
12) қалааралық тасымалдау кезiнде маршруттан ауытқуын болдырмайтын және қозғалыс басы 6.00-ден ерте емес және соңғысы немесе қону аялдамасы 22.00-ден кешiктiрмей көздейтiн тасымалдаушымен бiрлесiп тасымалдау кестесiн жасайды;
13) маршрутты немесе қозғалыс кестесін өзгерту мүмкiндiгiн, ал қажет болған жағдайда және метеорологиялық және жолдардың жағдайлары нашарлаған кезде, балалардың тасымалдауын алып тастау үшiн егер бұл жағдайлар тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер туғызатын болса маршрутты қысқартуды көздейдi (көз көрерлiк, тұман, қар басу, жаңбыр, тайғақ, сондай-ақ дауыл және басқа апат жағдайлары кезiнде);
14) жол жүрудiң алдында балаларға маршрутты, аралық және соңғы пункттердiң атауын, тамақтану, демалу, түнеу үшiн аралық аялдамалардың шамамен алған уақытын хабарлайды, қауiпсiздiк шаралары және мiнез-құлық ережелерi, өздерiнiң ұялы телефондарының нөмiрлерi және топтан қалып қойған кезде iс-қимыл тәртiбi туралы хабарлайды.
3-параграф. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыруға автобустарды дайындау
1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;
2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;
3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);
5) екi жылжуға қарсы тiректермен;
6) авариялық тоқтау белгiсiмен;
7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 309 қаулысымен бекітілген "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиiс.
Соның iшiнде, автобустан авариялық шығулардың және оларды қимылға келтiретiн құрылғылардың, есiктердi басқару сымдарының, төбедегi желдетпе люктердiң қақпақтарын ашу тетiктерiнiң, салонды желдету және жылыту жүйелерiнiң, есiктер жұмысының сигнал берулерi мен аялдаманы талап ету сигналының, дыбыс сигналының дұрыстығы; орындықтардың, тұтқалардың, iлме басқыштардың, желдеткiштердiң жай-күй мен бекiтiлуi, өрт сөндiргiштердiң бар болуы және бекiтiлуi, дәрiгерлiк дәрi қобдишасының жабдықталуы тексерiлуi тиiс.
Террорлық актiлердiң алдын алу мақсатында бөтен заттардың бар болуына автобустарды мұқият тексеру жүргiзiледi.
Тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адам автобустың техникалық жарамдылығы және балаларды тасымалдауға дайындығы жөнiнде жолпарақта немесе өзге ресми құжатта белгi қояды.
Тiкелей рейс алдында автобустардың техникалық жай-күйiн бақылау және оның нәтижелерiн тiркеу белгiленген тәртiппен қатаң сәйкестiкте жүзеге асырылады.
4-параграф. Балаларды тасымалдауды ұйымдастыру
Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиiс.
Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.
Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс. Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.
Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
автомобиль жолдарының, балаларды отырғызу және түсiру пункттерiнiң жағдайын комиссиялық тексеру үшiн облыстың жергiлiктi атқарушы органдарына жүгiнедi;
балалардың тасымалдауын жүзеге асыратын автобустардың өту уақытын көрсете отырып, арнайы аялдау орындарын маршруттарда белгiлейдi.
5-параграф. Балаларды алып жүруге және балалармен сабақ өткiзуге жауапты адамды дайындау
Нұсқаманың өткiзiлуi туралы белгi және нұсқама алған тұлғаның қолы нұсқаманы есепке алу туралы арнайы журналға қойылады. Iлесiп жүрушiлер нұсқаманы өтпесе, автобустар тапсырыс берушiге ұсынылмайды.
1) автобустардың отырғызу орындарына берiлуi, балаларды отырғызу және түсiру ережелерi;
2) автобуста қол жүгiн орналастыру және багажды тасымалдау;
3) автобус салонында болғанда, балалардың жиналу, отырғызу және түсiру орындарында өздерiн ұстауы;
4) iлесiп жүрушiлердiң жүргiзушiмен өзара iс-қимылы;
5) салондағы жабдықтарды: желдеткiш люктердi, аялдауды талап ету сигналдарын, желдеткiштердi пайдалану;
6) автобустың аялдауы кезiнде балаларды бақылау.
1) жолаушыларды эвакуациялау тәртiбi;
2) автобустан апаттық шығуларды пайдалану және құрылғыларды қолдану, оларды iске келтiру тәртiбi;
3) өрт сөндiргiштердi, алғашқы көмек көрсету дәрi қобдишасын пайдалану ережелерi.
6-параграф. Балалардың тасымалдауын жүзеге асыратын жүргiзушiлерге, олардың еңбектерiн ұйымдастыруға қойылатын талаптар
1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.
Балаларды тасымалдауға жiберген ұйымдағы жүргiзушiнiң жұмыс өтiлi үш жылдан кем болмауы тиiс.
Сыйымдылығы 41 орынды автобустармен балаларды тасымалдауға тағайындалған, сондай-ақ қалааралық қатынастағы балаларды басқа да тасымалдаудағы жүргiзушiлердiң автобустардағы жұмыс өтiлi кемiнде 5 жыл болуы тиiс.
Балалар тасымалын жүзеге асыру алдындағы жүргiзушiнiң ауысым арасындағы демалу ұзақтығы демалу алдындағы жұмыс күнiнiң (ауысым) жұмыс уақытынан кемiнде екi есе ұзақтау болуы тиiс.
Егер қозғалыс режимі жүргізушінің 12 сағаттан асатын жұмыс уақытының ұзақтығын көздесе, рейске екі жүргізуші жіберіледі.
Ескерту. 276-тармаққа өзгеріс енгілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.12.2020 № 694 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы ұсынымдарға сәйкес балаларды автобустармен тасымалдау тәртiбi туралы;
2) маршруттағы жол жағдайының жай-күйi, қозғалыстың ерекшелiктерi және жылдамдық режимдерi туралы;
3) маршруттағы жол-көлiк оқиғаларының қауiптi учаскелерi және шоғырлану орындары, маршрутта орналасқан қауiптiлiгi жоғары орындардан жүрiп өту тәртiбi туралы (темiржол өткелдерi, жолөткелдерi, көпiрлер), соның iшiнде жүргiзушiге берiлген маршруттың сұлбасын пайдалана отырып, нақты жағымсыз жол-климаттық жағдайларда қауiпсiздiгi жоғары сипатталған қозғалыс учаскелерi туралы;
4) лектiң үлкенiмен өзара iс-қимыл тәртiбi және лектегi қозғалыс тәртiбi туралы (жаппай тасымалдау кезiнде);
5) балаларды тасымалдауды орындау кезiнде автобус бойынша жүргiзушiлердiң және ерiп жүрушiлердiң өзара әрекеттесуi және жауапкершiлiк аясын бөлу тәртiбi туралы;
6) туристерге және экскурсанттарға қызмет көрсету ережелерi туралы (туристiк-экскурсиялық тасымалдау кезiнде);
7) қауiптi жол жағдайлары туындаған кездегi, маршрутта жол-климаттық жағдайлар кенеттен нашарлаған кездегi, автобустың техникалық бұзылуы туындаған кездегi, жолда жүргiзушiнiң және жолаушылардың денсаулық жағдайы нашарлаған кездегi, қылмыстық элементтер автобусты басып алуға әрекет жасаған немесе басып алған кездегi iс-әрекеттер;
8) ЖКО қаупi немесе туындаған кезiнде жүргiзушiнiң iс-әрекетi туралы (соның iшiнде автобустан жолаушыларды шұғыл эвакуациялау тәртiбi, зардап шеккендерге бiрiншi көмек көрсету);
9) желiдегi жұмыс кезiнде қауiпсiздiк техникасы мен өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау және автобуста өрт туындаған кездегi iс-әрекеттер туралы;
10) жол қозғалыс ережелерiн бұзғаны, жолаушылардың өмiрi және денсаулығы үшiн жүргiзушiнiң жауапкершiлiгi туралы.
Арнайы нұсқаманы жүргiзгенi және нұсқаманы өткен жүргiзушiнiң қолы туралы белгi нұсқаманы есепке алу журналында тiркеледi. Жүргiзушi бiр жолғы тасымалдауды жүзеге асырған кезде жүргiзушiнiң нұсқаманы өткенi туралы белгi арнайы журналдан басқа жол жүру парағында да жасалады.
1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
2) жүру маршрутын өзгертуге;
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
7-параграф. Аялдама және отырғызу орнына автобустарды беру
Ескерту. 280-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Автобустардың тұрақтау орындарында және отырғызу (түсiру) орындарында автобустарды беру кезiнде балаларды тасымалдауға қатысы жоқ көлiк құралдары, сондай-ақ шығарып салушылар (күтiп алушылар) және бөтен адамдар болмайды.
1) балалардың қауiпсiз орынға жиналуын қамтамасыз етуi тиiс. Жиналу орны отырғызу орнынан 15 метрден аз емес қашықтықта орналасуы;
2) келген балаларды қолда бар тiзiм бойынша салыстыруы және iс-жүзiнде келген балаларды тiзiмде белгiлеуi;
3) балалардың қол жүгi мен багажының өлшемi, буып-түйiлуi және құрамы автобустарды пайдалану ережелерiнiң және автобустармен жолаушыларды және жүктердi тасымалдау ережелерiнiң талаптарына сәйкес келуiн тексеруi;
4) багаждың автобустың багаж бөлiгiне немесе балалардың багажын тасымалдауға арналған арнайы көлiк құралына тиелуiн ұйымдастыруы;
5) автобусқа отырғызу және автобустан түсiру тәртiбi туралы, сондай-ақ автобустың қозғалуы және аялдауы (тоқтауы) уақытындағы тәртiп ережелерi туралы, хал-жағдайы нашарлаған жағдайдағы, сапар барысында қауiптi және төтенше жағдай пайда болған кездегi тәртiп ережелерi туралы мәселелердi мiндеттi түрде қоса отырып балаларға нұсқама жүргiзудi (бiр жолғы және маусымдық тасымалдау кезiнде) өткізіледі.
1) топ басшысының, ересек ерiп жүрушiнiң рұқсатынсыз кетуге, жаяу жолдың, жолдың жағасы, отырғызу платформасы бойынша жан-жаққа тарап кетуге;
2) отырғызу платформасында (аялдамада) тұрған басқа адамдарға кедергi және ыңғайсыздық жасауға;
3) жүгiруге, бiрiн-бiрi итеруге, қимыл ойындарын, соның iшiнде доптармен және басқа да заттармен ойнауға тыйым салынады;
4) жақындап келе жатқан көлiк құралы толық аялдағанға дейiн отырғызу платформасының, жаяу жолдың, жолдың жағасының шетiне жақын келуге;
5) үрленген және басқа жеңiл ойыншықтарды, доптарды және өзге де жеңiл заттарды қолда алып жүруге (ұстауға), қағаз ақшаларды санауға, құжаттарды және желдiң әсерiнен жолға ұшып кетуi мүмкiн және балалардың кенеттен жолдың жүру бөлiгiне шығып кетуiне әкеп соқтыруы мүмкiн басқа жеңiл заттарды алып шығаруға және қарауға.
Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан жүгiрiп шығуына, жүру бөлiгiнiң шетiнде топтануына жол бермейдi.
Отырғызған кезде жеке заттар баланың бiр қолына сыйуы тиiс, басқа қолымен ол баспалдақпен салонға көтерiлген кезде тұтқадан ұстауы тиiс.
1) жолдың жүру бөлiгiне шығуына;
2) итерiсуiне, төбелесуiне;
3) салонға иықтарындағы рюкзактармен және сумкалармен кiруiне (тепе-теңдiктi жоғалту, өзге жолаушылардың беттерi мен көздерiн жарақаттану қаупiн болдырмау үшiн оларды отырғызудың алдында шешу қажет);
4) өту жолдары мен шығатын есiктердi жеке заттармен бөгеуге;
5) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюға жол бермейдi.
Қол жүгi автобустың салонында орналастырылған кезде мынадай тәртіп сақталады:
1) егер автобуста сөрелер болса, онда оларда тек жеңiл (салмағы 1 кг аспайтын), сынбайтын, үшкiр дөңестерi жоқ және ұзындығы 60 см аспайтын бұйымдар мен заттар ғана орналастырылады;
2) заттар сөрелерде автобустың қозғалысы, күрт бұрылғанда, тежегенде және т.с.с. кезiнде олардың құлауын болдырмайтындай етiп орналастырылуы (бекiтiлуi) тиiс.
1) балаларды санап шығуы;
2) олардың барлығы отыруға арналған орындарда орналасқанын және жеке заттарын қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып орналастырғандығын тексеруi;
3) жүргiзушiден медициналық дәрi қобдишасының, өрт сөндiргiштiң орналасқан жерiн және оларды, авариялық люктердi қолдану тәртiбi мен оларды ашу әдiсiн, есiктердi авариялық ашу батырмаларын және оларды пайдалану тәртiбiн, көлiк құралының ерекшелiктерiмен анықталатын өзге де қауiпсiздiк шараларын нақтылауы, және де балаларға нұсқау беруi;
4) жүргiзушiнi отырғызу аяқталғаны туралы хабардар етуi және автобуста оларға арналған орындарды алуы тиiс.
Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
8-параграф. Автобустардың маршруттағы қозғалыс және аялдау (тұрақтау) тәртiбi
Балаларды лекпен тасымалдайтын автобустардың қозғалысы кезiнде қозғалыс жылдамдығын лекке ерiп жүретiн жол-патрульдік полициясының қызметкерi таңдайды, бiрақ барлық жағдайда ол 40 км/сағ аспауы тиiс.
Автобусты басқару кезiнде жүргiзушi күрт тежеуге жол бермей автобус жүрiсiнiң бiрқалыптылығына ерекше көңiл бөлуi тиiс.
Автобустар легiнiң темiр жол өткелiнен өту қауiпсiздiгiн оған ерiп жүретiн ӘПК-нің қызметкерлерi қамтамасыз етедi.
1) автобус қозғалысының белгiленген маршрутынан ауытқымайды және белгiленген жылдамдық режимдерiн бұзбайды;
2) қозғалыс барысында автобусты басқаруда алаңдамайды (сөйлеспейді, тамақ iшпейді, кабинада қатты музыка қоймайды);
3) тасуға тыйым салынған нәрселердi, заттарды және материалдарды автобуста алып жүрмейді;
4) топырақ жолдарға шығып кетпейді және олармен жүрмейді (балаларды ауылшаруашылық жұмыстарына және демалыс орындарына, сондай-ақ жолды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргiзу кезiнде тасымалдаған жағдайдан басқа).
Медицина қызметкерлерi және балалар тасымалын ұйымдастыруға жауаптылар (жаппай тасымалдау кезiнде) соңғы автобуста орналасады.
1) салонда тұруына және жүруiне;
2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;