"Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет Жобасына Азаматтық бюджет

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекіту бойынша

 

«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің 2023-2025 жылдарға арналған шығыстарының жалпы сомасы 101 612 312,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

2023 жыл-7 559 945,0 мың теңге;

2024 жыл-31 005 159,0 мың теңге;

2025 жыл-33 047 211,0 мың теңге.

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын басқарманың негізгі функциялары:

- жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен өтетін жолаушылар көлігі маршруттарының желісін жедел басқару, сондай-ақ олар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

- Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңнамасына сәйкес облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Басқарманың қызметі 7 бюджеттік бағдарламадан тұрады: 5 ағымдағы және 2 бюджеттік даму бағдарламасы бойынша көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Азаматтық бюджет
Дата публикации
05 декабря 2022