«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2022-2024 жылдарға арналған нақтыланған Азаматтық бюджеті (3-ші Нақтылау)

Шығындарды ұлғайту туралы түсіндірме жазба

«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ

 

«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бойынша 1 749 362,0 мың теңге қарастырылған, олардың:

«268-028-015 көлік инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру» бағдарламасы бойынша - 563 138,0 мың теңге., оның ішінде:

- 563 038,0 мың теңге - облыстық маңызы бар «Шалқар-Бозой-гр. РУ (Нукус)» км 80-95 автожолын жалғастыру үшін. (Жалпы құны -1 094,9 млн.тг. 2022 жылға арналған ҰҚ-дан 265,9 млн. тг. қарастырылған.). Бұл жол Өзбекстан Республикасына шығуды қамтамасыз етеді және сауда-экономикалық байланыстарға оң әсер етеді.

- 100,0 мың теңге – облыстық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеуге арналған конкурстық рәсімдерді өткізуге «Шалқар-Бозой-гр. Ру» км 95-115.

 

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:

 

Ақтөбе облысының көлік инфрақұрылымын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы дамыту.

 

Соңғы нәтиже:

2022 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі – 72%.

«268-113-015 төмен тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша-1 167 018,0 мың теңге., оның ішінде:

- 220 814,0 мың теңге - Ырғыз ауданында 0-15 км «Ырғыз-Құтыкөл – Жарма-Кұйылыс» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға (шарттық құны-527,7 млн. тг. 2022 жылға дейін ЖБ-тен 50,0 млн. теңге бөлінді. 2022 жылға ҰҚ-дан 267,6 млн. теңге қарастырылған.). Бұл автомобиль жолы Ырғыз, Кутикөл және Жарма елді мекендерін аудан орталығымен байланыстырады. Халықты қамту-шамамен 7 800 адам. Жақын арада осы жолды кесіп өтетін «Орталық-Батыс» автомобиль жолының құрылысы жоспарлануда.

- 164 582,0 мың теңге  - Ырғыз ауданы 0-6, 9 км «Құрылыс ауылына кіреберіс» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға (шарттық құны-329,4 млн. тг. 2022 жылға ҰҚ-дан 164,8 млн. теңге қарастырылған.)

Аудандық маңызы бар жол құрылыс ауылын Республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолымен байланыстырады. Халықты қамту-1 324 адам.

- 252 132,0 мың теңге - Қобда ауданының 0-13, 8 км «Қобда-Сарыбұлақ-Әбдібұлақ» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға (шарттық құны-490,6 млн. тг. 2022 жылға ҰҚ-дан 238,3 млн. теңге қарастырылған.). Жол аудан орталығымен Билтабан және Сарыбұлақ елді мекендерін жалғайтын түйінді жол болып табылады. Халықты қамту-шамамен 1200 адам.

- 209 749,0 мың теңге - Ойыл ауданының 0-15 км «Ойыл-Қараой» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға (шарттық құны-611,7 млн. тг. 2022 жылға дейін РБ-дан 165,8 млн. теңге, ЖБ-тен 15,8 млн. теңге бөлінді. 2022 жылға ҰФ-дан 120,4 млн. теңге қарастырылған., ЖБ 100,0 млн. теңгеден.). Автомобиль жолы Ойыл, Қараой ауылдарын «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» облыстық маңызы бар автожолымен жалғайтын тораптық жол болып табылады.

- 319 741,0 мың теңге - Ойыл ауданының 0-15 км «Сарыбие ауылына кіреберіс» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға (шарттық құны-811,4 млн. тг. 2022 жылға 394,2 млн. теңге қарастырылған., ЖБ 100,0 млн. теңгеден). Бұл аудандық маңызы бар кірме жол Сарыбие ауылын Ойыл аудан орталығымен «Ойыл-Қараой» автожолы арқылы жалғайды. Халықты қамту-1 389 адам.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:

Жобалық-сметалық құжаттамаға және шарттарға сәйкес аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ кентішілік жолдарды (көшелерді) күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы Ақтөбе облысының көлік инфрақұрылымын дамыту.

Тікелей нәтиже:

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ ұзындығы 119,2 км кентішілік жолдарды күрделі және орташа жөндеу.

Соңғы нәтиже:

2022 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі – 72%, сондай-ақ елді мекендердің тұрғындарын сапалы автомобиль жолымен және қауіпсіз көлік қозғалысымен қамтамасыз ету.

«268-114-015» бағдарламасы бойынша төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен  - 19 206,0 мың теңге., оның ішінде:

19 206,0 мың теңге - Байғанин ауданы Ноғайты ауылындағы Бейбітшілік көшесінің құрылысын аяқтауға (шарттық құны-255,1 млн. тг. 2022 жылға ОБ-дан 235,9 млн. теңге қарастырылған.).

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:

Жобалық-сметалық құжаттамаға және шарттарға сәйкес аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ кентішілік жолдарды (көшелерді) күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы Ақтөбе облысының көлік инфрақұрылымын дамыту.

Тікелей нәтиже:

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ ұзындығы 119,2 км кентішілік жолдарды күрделі және орташа жөндеу.

Соңғы нәтиже:

2022 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі – 72%, сондай-ақ елді мекендердің тұрғындарын сапалы автомобиль жолымен және қауіпсіз көлік қозғалысымен қамтамасыз ету.

Азаматтық бюджет
Дата публикации
23 августа 2022