АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2022 жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

  1. Кіріспе бөлімі

Ішкі талдау объектісі – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасының құрылымдық бөлімшелері

Ішкі талдауды жүргізу негізі – басқарма басшысының 2022 жылғы                 25 сәуірдегі  № 30 бұйрығымен басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылды. Сыбайлас  жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас  жемқорлық тәуекелдерін ішкі  талдауды  жүргізу  қағидасына  сәйкес жүргізілді.

Талдау жүргізу кезеңі - 2022 жылғы 5 желтоқсан

Ішкі талдау объектісі қызметінің талданатын кезеңі – 2022 жылғы    11 ай

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасында келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:

1) бөлімшенің қызметіне қатысты құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Бөлімшенің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Құрылымдық бөлімшелер өз қызметінде мынадай құқықтық актілерді басшылыққа алады:

ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексі;

ҚР ҚМ 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген, Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі;

ҚР ҚМ 30.11.2016 ж. № 629 бұйрығымен бекітілген, бюджеттік  мониторинг  жүргізу нұсқаулығы;

ҚР ҚМ 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидалары;

ҚР ҚМ 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі;

ҚР ҚМ 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 бұйрығымен бекітілген қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысандары мен ережелерін бекіту туралы;

ҚР ҚМ 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен бекітілген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидалары;

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі          № 529 «Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы;

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдеге №556 «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы;

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» бұйрығы;

ҚР 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V «Жол жүрісі туралы» Заңы;

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы                             26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы;

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 Қаулысымен бекітілген  жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасы;

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245 Автомобиль жолдары туралы Заңы;

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету

1) Автомобиль жолдары бөлімі

Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңын, нормативтік актілерін, облыс әкімінің шешімдерін, қаулыларын, өкімдерін басшылыққа алады.Ережелерде дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы мәніне жүргізілген ішкі талдаумен мыналар анықталды:

«Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 Бұйрығына сәйкес, «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға құжат беру» мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызмет регламенті бекітілген.

2022 жылдың жарты жылдық қорытындысы бойынша аталған мемлекеттік қызмет көрсетуге 1 ұсыныс түсіп электронды түрде қызмет көрсетілген болатын.

2) жолаушылар көлігі  бөлімі

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығымен бекітілген «Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларына» сәйкес, «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген.

2022 жылдың жарты жылдық қорытындысы бойынша бұл мемлекеттік қызмет көрсетуге 2 жеке тұлғадан өтініш түсті.

Қазақстан Республикасы  Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы   26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметімен айналысады.

Жыл басынан бері 5 ай ішінде «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке және заңды тұлғаларға –  17  қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар, бөлімде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының» көрсетілген талаптарына сәйкес, облысішілік және облысаралық маршруттарға конкурс ұйымдастырылып өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 30 қазандағы №113 бұйрығымен бекітілген «Шығындары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларының» талаптарына сәйкес, «Ақтөбе – Шалқар-Ақтөбе» маршрутына конкурс ұйымдастырылып өткізіледі. Аталған маршрут жасалған жұмыс актісіне сәйкес, облыс бюджетінен субсидияланады.

Қорытынды: басқарма қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалармен тікелей байланысы болуына байланысты, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелі  болуы мүмкін.

Нормативтік құқықтық актілермен мемлекеттік органдардың функциялары, орындалу мерзімдері, операцияларды жүргізу әдістері және іс-әрекеттерді шектеу қатаң белгіленген, бұл актілерде жазылғандардан басқа мәселелерді шешудің өзге де тәсілдерін қолдануға мүмкіндік бермейді, демек сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау қаупін жоққа шығарады.

ІІ. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Басқарманың ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

1) кадрлардың ауысуы;

2022 жылғы 23 мамырдағы жағдай бойынша облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының штат саны 15 бірлікті, нақты – 14 бірлікті құрайды.

1 адам бала күтіміне байланысты демалыста.

Ағымдағы жылдың басынан басқармада таза ауысымдылық болған жоқ.

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

Жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлескен қызмет (жұмыс) фактілерін анықтау мақсатында қызметкерлер мен қызметкерлердің жеке істері зерделенді.

Басқарма басшысымен жұмысқа қабылданған қызметкерлердің мүдделер қақтығысы, жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлескен қызметі (жұмысы), қызметкерлердің лауазымын төмендету фактілері, лауазымды тұлғалар үшін белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері қолданыстағы заңнамамен анықталған жоқ.

3) басқарма тарапынан  мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;

4) рұқсат беру функцияларын функцияларын жүзеге асырады.

5) бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

6) бөлімшенің ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Облыстың жолаушылар көлігі және автмобиль жолдары  басқармасында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы  мәліметтердің болуы мәніне келіп түскен азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне талдау жүргізу барысында лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне немесе іс-әрекетсіз шағым түспегені  анықталды.

Басқарманың мемлекеттік қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілді. Зерттелген кезеңде теріс материалдар анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ.

  1. Талдау анықтамасының қорытынды бөлігі

Жоғарыда баяндалғанның негізінде келесіні ұсынамыз:

«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары» (бұйрық №349 26.03.2015ж.) Ереженің 170-тармағы Конкурска қатысушы ретінде тіркелу үшін тиісті лот бойынша Конкурсқа қатысу үшін өтінімді комиссияға конвертке салып тапсыру. Конкурсқа құжаттар қабылдау бөлігіне түзету енгізу, Ережеге өзгеріс енгізу (электронды форматқа көшіру).

«Шығындары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын» бекіту туралы (Бұйрық №113 30.10.2014ж.). Ереженің 24-тармағы Тендерге қатысу үшін талап етілетін құжаттар екі данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ішкі конверттегі тиісті данасына «түпнұсқа» немесе «көшірме» деп жазу арқылы ұсынылады, беттері нөмірленіп, тігілген болуы тиіс, соңғы беті (екінші жағы) заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады. Конкурсқа құжаттар қабылдау бөлігіне түзету енгізу, Ережеге өзгеріс енгізу (электронды форматқа көшіру).

Қызметкерлердің мемлекеттік қызметтің  беделін түсіретін фактілерге жол бермеуі мақсатында әрбір қызметкермен сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және осындай әрекеттер үшін жауапкершілік туралы түсіндірме  жұмыстарын тұрақты жүргізу.

 

Жұмыс тобының басшысы:

Басқарма басшысының орынбасары                                    Турегалиев Р.М.

 

Келісілді:

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Кыдырбаева М.К.      ________________

Жарылгасинова З.К.  ________________

Базаргалиев Е.Е.           ______________

Нагиметов Н.К.        _________________

Дата публикации
10 декабря 2022