2026 жылғы 3 айдың қорытындылары бойынша "Көлік және
қоймалау" 110,7% құрады. (жоспар 106,4%), оның ішінде:
1) Жүк тасымалдары - 115,6%;
2) Жолаушылар тасымалы - 109,9%;
3) Құбыр көлігі - 166,9%;
4) Әуе көлігі - 95,5%.
Жүк тасымалына қатысты
2026 жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша көліктің барлық түрлерімен 19,4 млн. тонна немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 115,6% жүк тасымалданды. Жүк айналымы 10194,6 млн. т-км немесе 101,1% құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында темір жол көлігімен 8,4 млн. тонна немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 120,9% жүк тасымалданды, жүк айналымы 7967,4 млн. т-км немесе 99,5% құрады.
Осы кезеңде автомобиль көлігімен 6,7 млн. тонна немесе 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 92,2% жүк тасымалданды, жүк айналымы 702,2 млн. т-км немесе 112,7% құрады.
Жолаушылар тасымалына қатысты
2026 жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша көліктің барлық түрлерімен 21,0 млн. жолаушы немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 109,9% тасымалданды.
Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында автомобиль көлігімен 20,5 млн. жолаушы немесе 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,1%, темір жол көлігімен 436,7 мың жолаушы немесе 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,7% тасымалданды.