
Функциялары:
1) Жолаушылар мен багажды тұрақты облысішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарын және жүру кестелерін келіседі;
2) Жолаушыларды облысішілік қатынастарда әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
3) Жолаушылар мен багажды тұрақты облысішілік тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекітеді, оларға қызмет көрсету құқықтарына конкурс ұйымдастырады және өткізеді, маршруттар бойынша қозғалыс кестелерін бекітеді;
4) Облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамыту жоспарлары мен бағдармаларын әзірлейді және іске асырады;
5) Жолаушылар мен багажды тұрақты облысішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізеді;
6) Автовокзалдар мен автостанциялардың тізілімін жүргізеді;
7) Жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзірлейді;
8) Қазақстан Республикасының «Рұқсат беру және хабарлау туралы» Заңына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;
9) Халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
10) Қызмет өңірі шегінде механикалық көлік құралдары мен оның тіркемесінің міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін келіседі;
11) Халықаралық техникалық байқау сертификаттарын береді;
12) Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды жүргізеді;
13) Шағын көлемді өздігінен жүзетін кемелерді басқару құқығына куәліктер береді;
14) Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, бекіту;
15) Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) атқарушы органдары басшыларының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн дамыту және күтiп ұстау мәселелерi жөнiндегi есептерiн тыңдау;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады;
17) Автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
18) Облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасынасәйкес ұйымдастыру;
19) Облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекендер көшелерін басқару;
20) Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
21) Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
22) Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
23) Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту;
24) Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту;
25) Елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту;
26) Кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жалғасатын жолдарды салуды келісу;
27) Жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Жолаушыларды автобустармен тұрақты емес тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін құжаттар тізбесі "жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы №5 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығымен айқындалады, халықаралық қатынаста шағын автобустармен".
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Көрсетілетін қызметті алушы (не Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілі)жүгінген кезде:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
лицензия алу үшін ЗТ өтініші немесе лицензия алу үшін ЖТ өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
лицензияны қайта ресімдеу үшін және (немесе) лицензияға қосымшаның:
лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші немесе лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
лицензияның телнұсқасын алу үшін және (немесе) лицензияға қосымшаның:
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
2) порталға:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
электрондық құжат нысанында сұрау салу көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған;
ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
лицензияны қайта ресімдеу үшін және (немесе) лицензияға қосымшаның:
электрондық құжат нысанында сұрау салу көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған;
лицензияның телнұсқасын алу үшін және (немесе) лицензияға қосымшаның:
электрондық құжат нысанында сұрау салу көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған.
Өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы";
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz, www.elicense.kz.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру мемлекеттік қызметі - тегін көрсетіледі.