GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
20 октября 2026
«Сөйле» айдарында кезекті жиі қолданылатын сөздердің аудармасы.
«Сөйле» айдарында кезекті жиі қолданылатын сөздердің аудармасы.
Бүгінгі шығарылымда қоғамдық көлікке қатысты сөздердің орысша баламасымен танысып, күнделікті қолданыстағы сөздерді бірге үйренейік!
Бізбен бірге болыңыздар!
20 октября 2026
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
Құтқарушылар – адам өмірін сақтап, қиын сәтте көмекке келетін батылдық пен жанқиярлықтың үлгісі.
Қауіп-қатерге қарамастан, өз міндетін абыроймен атқарып, ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген құтқарушыларға зор алғыс білдіреміз!
Барша құтқарушыларға мықты денсаулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне сәттілік тілейміз! Әрдайым абырой биігінен көрініп, ел алғысына бөлене беріңіздер!
15 октября 2026
Жаңа айдар – «Сөйле»!
Айдарымыздың алғашқы шығарылымын назарларыңызға ұсынамыз!
Айдар аясында күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің қазақша баламаларын таныстырып, сауатты сөйлеу мәдениетін бірге қалыптастырамыз.
Бүгінгі шығарылымда медицина саласында жиі қолданылатын сөздердің қазақша баламасына тоқтадық.
Бізбен бірге болыңыздар!
13 октября 2026
 Цифрлық педагогика: қазақ тілін оқытудың жаңа форматы

Бүгін тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Цифрлық педагогика: қазақ тілін оқытудың жаңа форматы» тақырыбында форсайт-сессия өтті.

Іс-шараның мақсаты – қазақ тілін оқытуда цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін талқылау, жасанды интеллект пен заманауи білім беру ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын қарастыру.

Сонымен қатар, оқу материалдарын үйренушілердің қажеттілігіне бейімдеу мәселелері талқыланды.
Форсайт-сессия педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

12 октября 2026
📚 ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМА
Қазақ тілін үйренгіңіз келе ме? 🇰🇿
Tilqural.kz — қазақ тілін өз бетінше меңгеруге және тілдік дағдыларды дамытуға арналған интерактивті онлайн-платформа.
💻 Платформа арқылы:
🔹 Қазақ тілін деңгейіңізге сәйкес үйренуге;
🔹 Грамматикалық біліміңізді жетілдіруге;
🔹 Сөздік қорыңызды байытуға;
🔹 Қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік бар.
Тілді меңгеру — үздіксіз ізденіс пен тәжірибені қажет ететін үдеріс. Ал тиімді оқу ресурстары бұл жолды жеңілдетуге көмектеседі.
✨ Қазақ тілін үйренуді бүгіннен бастаңыз!
🔗 Сілтеме: https://tilqural.kz/
Ақтөбе тілдер дамыту басқармасы
05 октября 2026
5- қазан ұстаздар күні

 ҰСТАЗДАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті ұстаздар мен білім саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен шәкірттерге деген шынайы жанашырлықтарыңыз – ел болашағына қосылған баға жетпес үлес.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға толағай табыс тілейміз!
Ұстаздар күні құтты болсын! 💐

 

01 октября 2026
Қарттар күні құтты болсын

Әр шаңырақтың берекесі мен отбасының алтын діңгегі болған ардақты қарттарымызды 1 қазан – Қарттар күнімен құттықтаймыз!

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз! 

#ҚарттарКүні #ТілдердіДамытуБасқармасы #АқтөбеТілдер

21 сентября 2026
Тіл туралы заңнаманың орындалуы бойынша мерзімді тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Тіл туралы заңнаманың орындалуы бойынша мерзімді тексеру жұмыстары жүргізілуде.

🔱Ақтөбе облысының тілдерді дамыту
басқармасының мамандары биылғы жылдың екінші жартыжылдығына белгіленген тексеру жоспарына сәйкес «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-де “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 25-6-бабына сәйкес мерзімді тексеру жұмыстары жүргізілуде.

📋Тексеру барысында басқарманың іс қағаздарының жүргізілуі, деректемелер мен көрнекі ақпараттардың орналасуы, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттарының заңнама талаптарына сәйкестігі қаралуда.

✅Тексерудің қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар берілетін болады.

17 сентября 2026
Speaking Club форматындағы ағылшын тілі курсының соңғы сабағы өтті.

Ақтөбе облысы Тілдерді дамыту басқармасы мен облыс әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2025–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби және жеке құзыреттерін дамытуға бағытталған жол картасының 20-тармағы аясында ұйымдастырылып жатқан Speaking Club форматындағы ағылшын тілі курсының соңғы сабағы өтті.

Сабақ барысында қатысушылар ағылшын тілінде еркін сөйлесу дағдыларын жетілдіріп, түрлі тақырыптар бойынша тәжірибелік тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, өткен тақырыптарды бекіту мақсатында тест тапсырылып, тыңдаушылардың білім деңгейі бағаланды.

16 сентября 2026
Денсаулық сақтау мекемелеріндегі тіл мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өтті

«Денсаулық сақтау мекемелеріндегі тіл мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өтті

Іс жүргізу саласында мемлекеттік тілді қолдану деңгейін арттыру, құжат айналымында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және көрнекі ақпараттардың тілдік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 16 қыркүйекте «Денсаулық сақтау мекемелеріндегі тіл мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараға Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлері, сондай-ақ Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бөлім қызметкерлері қатысты.

Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының талаптары, оның ішінде мемлекеттік тілде іс жүргізу, құжат айналымын қазақ тілінде жүргізу, сондай-ақ денсаулық сақтау нысандарындағы көрнекі ақпараттарды мемлекеттік тілде орналастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Қатысушыларға мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, құжаттарды заңнама талаптарына сәйкес рәсімдеу және көрнекі ақпараттардың сауатты әрі бірізді берілуін қамтамасыз ету бағытында нақты түсіндірмелер берілді.

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және іс жүргізуде қазақ тілінің үлесін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы