
Құрметті оқырман!
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы «Тәуелсіздікке тағзым» онлайн байқауын(бұдан әрі – Байқау) жариялайды. Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, қатысушылар арасында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерді арттыру.
Байқаудың шарттары:
Байқау 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді. 17 қараша күні қорытындыланып, нәтижелері басқарманың инстаграм парақшасында жарияланатын болады.